¹ Есенбекова П.А., ² Орынбек М.С.

¹ ҚР БҒМ ҒК Зоология инситуты, әл Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz

² Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазыбек би, 30, Алматы, 050010, Қазақстан

E-mail: moldir_8161@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада авторлардың Алматы қаласы аумағында 2020-2021 жылдары жүргізген зерттеулерінің нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары қаладағы жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалардың фаунасына, биологиясына және экологиясына арналған. Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар – практикалық маңызы бар жәндіктердің ең көп таралған тобы. Жартылай қаттықанаттылар қала аумағында кең таралған. Олар биологиялық жағынан алуантүрлі топ. Материалды жинау кезінде стандартты энтомологиялық әдістер қолданылды – энтомологиялық сүзгімен жинау, эксгаустермен ұсақ жәндіктерді, түнде жасанды жарық көзіне ұстау, қолмен жинау және т.б. Алматы қаласының жартылай қаттықанаттыларын зерттеу нәтижесінде 4 тұқымдастың 43 түрі анықталды. Түрлердің саны бойынша басым тұқымдастар: Miridae – 22 түр (51%), Anthocoridae – 9 түр (21%) және Tingidae, Nabidae – 6 түрден (14%). Олардың ішінде Stenodema calcarata, Lygus pratensis, Lygus rugulipennis, Adelphocoris lineolatus, Deraeocoris punctulatus, Nabis ferus жиі кездесетін түрлер, 21 әдеттегі түрлер, 16 түр сирек кездеседі. Алматы қаласының жартылай қаттықанаттылары тіршілік ету орталарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: дендробионттар (10 түр), дендро-тамно-хортобионттар (2 түр), дендро-тамнобионттар (1 түр), хортобионттар (20 түр), герпетобионттар (1 түр), дендро-хортобионттар (3 түр), тамно-хортобионттар (4 түр). Алматы қаласындағы жартылай қаттықанаттыларға вольтинизмнің барлық 4 түрі тән. Жылына беретін ұрпақтар саны бойынша Алматы қаласының жартылай қаттықанаттыларын бірнеше топқа бөлуге болады: 1) моновольтинді (14 түр), 2) бивольтинді (15 түр), 3) жылына 2-3 ұрпағы бар (10 түр), 4) поливольтинді (4 түр). Жартылай қаттықанаттылардың биологиясы мен экологиясы біркелкі зерттелмеген. Алматы қаласының жартылай қаттықанатты түрлері мезофильді түрлерге жатады. Жартылай қаттықанаттылар толық түрленіп дамитын жәндіктерге жатады және дамудың келесі кезеңдерінен өтеді – жұмыртқа, дернәсіл және ересек дарасы. Олар дамудың әртүрлі кезеңдерінде қыстайды. Алматы қаласының көптеген түрлерінде қысқы диапауза ересектер сатысында болады (29 түр), ал біраз түрлері жұмыртқа сатысында қыстайды (14 түр).

Кілт сөздер: Жартылай қаттықанаттылар, Heteroptera, фауна, Алматы қаласы.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар биологиялық тұрғыдан өте алуан түрлі топ. Онда су және құрлық өкілдері кездеседі, соңғыларының арасында ашық және жасырын тіршілік ететін түрлер де кездеседі, яғни тастардың астында, ағаш қабығының астында, топырақта және т.б. Өсімдікқоректі түрлер көбірек, бірақ жыртқыш түрлер табиғатта жиі кездеседі. Өсімдіктер мен олардың шырындарымен қоректену жартылай қаттықанаттылардың көпшілігіне тән, ал жыртқыш түрлер буынаяқтылармен қоректенеді. Жартылай қаттықанаттылар биологиясы мен экологиясы біркелкі зерттелмеген. Белгілі бір экологиялық топтарды бөлу аймақтық флора мен фаунаны егжей-тегжейлі зерттеуде кеңінен қолданылады. Мұндай талдау бойынша ұсыныстар көптеген экологиялық нұсқаулықтарда бар (Яхонтов [Yakhontov] 1969; Чернова, Былова [Chernova, Bylova]1988).

Әдебиеттер:

Adler P.H. 2017. Biodiversity of Blood-sucking Flies: Implications for Humanity. Insect Biodiversity: Science and Society, (англ.) / Editors: Foottit R.G., Adler P.H. 2nd Edition. Oxford: Wiley-Blackwell. Vol. 1. С. 282-293. 867 с. ISBN 978-1-118-94553-7.

Wagi O. 1954. Bladtaeger (Miridae) of forekomst of froudenkim hos skaermolomstrade (Umbelliferae). Tidsskr. Planteave. T. 58. No1. P. 58-90.

Wagner, E. et Weber, H.H. 1964. Heteropteras Miridae. Fauna de France. 587 р.

Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сб.: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР. С. 121-135.

Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Алма-Ата: Изд-во «Кайнар». 204 с.

Асанова Р.Б., Чилдибаев Д.Б. 1976. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Южного и Западного Казахстана. Вестник с.-х.науки Казахстана. Вып. 6. С. 47-51.

Винокуров Н.Н. 1979. Насекомые полужесткокрылые (Heteroptera) Якутии. Ленинград: Наука, 232 с.

Голуб В.Б. 1989. Палеарктические виды клопов-слепняков рода Trigonotylus (Heteroptera, Miridae). Насекомые Монголии. Вып. 11. Ленинград. С. 40-68.

Есенбекова П.А. 2006. К фауне полужесткокрылых долины среднего течения р. Или. Вестник КазНУ. Серия биологическая. Алматы. No 2 (28). С. 68-78.

Кержнер И.М. 1964. Новые и малоизвестные полужесткокрылые (Heteroptera) из Казахстана и других районов СССР. Труды Зоологического института АН СССР. (Новые виды насекомых фауны Казахстана). Т. 34. С. 113-130.

Кержнер И.М. 1973. К фауне полужесткокрылых (Heteroptera) Тувинской АССР. Фауна Сибири. Труды Биологического института Сибирского отделения АН СССР (Владивосток). Ч. 2. Вып. 16. С. 78- 91.

Кержнер И.М. 1981. Полужесткокрылые семейства Nabidae. Насекомые хоботные. Фауна СССР. Т. 13. Вып. 2. Ленинград: Наука. 327 с.

Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Москва – Ленинград: Изд-во АН СССР. 124 с.

Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. 1988.Т.II. Равнокрылые и полужесткокрылые / под общ. ред. П.А. Лера. Ленинград: Наука. С. 732. 972 с. ISBN 5-7442-0921-2.

Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.

Пучков В.Г. 1971. К экологии малоизвестных видов полужесткокрылых (Heteroptera) европейской части СССР. Сообщение ІV. Слепняки. Вестник зоологии. No 5. С. 30-35.

Пучков В.Г. 1977. Новые и малоизвестные виды клопов-слепняков (Heteroptera, Miridae) фауны Монголии и Средней Азии. Энтомологическое обозрение. Т. 56. С. 360-374.

Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.

Чернова Н.М., Былова А.М. 1988. Экология. «Просвещение». Москва. 272 с.

Элов Э.С. 1976. Полужесткокрылые сем. Anthocoridae (Heteroptera) Средней Азии и Казахстана. Энтомологическое обозрение. Т. 55. Вып. 2. С. 369-380.

Яхонтов В.Е. 1969. Экологии насекомых. Москва. 488 с.

kkҚазақ тілі