Толбаев Н., Салыбекова Н., Ибраева А.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

E-mail: tonus6@mail.ru

Тұжырым:

Құстардың антрополандшафттарда мекен етуі – эволюциялық қалыптасуына, бейімделуі мен тіршіліктік ерекшеліктеріне байланысты. Құстар өзге омыртқалылармен салыстырғанда – космополиттер, сондықтан олардың кез келген экотоптарда кездесуі заңдылық. Синантропты құстардың бейімділік қабілеті ерекше қалыптасады, себебі көптеген жағдайда олар асинантропты құстармен салыстырғанда тіршілік үшін күресі айтарлықтай жеңіл болады.

Кілт сөздер: Құстар, орнитофауна, ботаникалық бақ, синантропизм, ұялау.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Түркістан өңірінде және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты ботаникалық бақта синантропты құстар кеңінен тараған, әсіресе, көк кептер және түр кептер, қарғалар, торғайтәрізділердің көптеген өкілдері, т.б.

Түркістан өңірі өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне өте бай. Біздің Түркістан өңірінің жануарлар әлемінің фаунасы толық зерттелмеген. Сондықтан Кентау өңіріндегі құстардың алуан түрлігіне қызығып, орнитофаунасын соның ішінде синантропты топқа жататын құстардың 12 тұқымдасын, олардын 18 түрін (Бейчек, Штястны [Baychek, Stastny] 2004) (4 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген) зерттеп аныктадық.

Зерттеу аймағының жалпы физикалық-географиялық сипаттамасын атап көрсетсек, Қаратау – Орта Азияның, Еуразия құрлығының ежелгі тау жоталарының бірі болып танылады. Ең биік нүктесі – Бессаз – теніз деңгейінен 2176 м биіктікте. Жотаның құрылымы ассиметриялы күрделі және көптеген геологиялық қабаттардан тұрады. Ұзындығы 420 километрге жуық, ол Жамбыл облысынан басталып (Боралдай таун қоса алғанда), Қызыл-Орда облысына дейін (Шиелі ауданы) созылған. Жотаның оңтүстік-батыс беткейі (Күнгей беткейі) жазықты, біршама тегіс, өзендердің ойысты су алаптары көп. Теріскей беткейі (солтүстік-шығыс), керісінше, тұтас тік шыңдар мен жарлардан түзілген, жазықты алаптар мүлде жоқ десті (Долгушин [Dolgushin] 1951; Губин, Карпов [Gubin, Karpov] 2000; Экология и поведение некоторых птиц Казахстана [Ecology and behavior of some birds of Kazakhstan] 1988; Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. [Kovshar A.F., Kovshar V.A.] 2008).

Гидрологиялық жағдайына келетін болсақ, су көздері шағын және ірі өзендермен, бұлақтармен шектелген. Салыстырмалы ірі өзендер, ол – Хантағы, Біресік, Талды-бұлақ, Байылдыр. Аталған ірі өзендердің еш бірі ағынын осы аймақтың негізгі су тамыры болып табылатын Сырдария өзеніне жеткізе алмайды. Олардың ағыны жотаның етек жағында жерге сіңіп кетеді. Табиғи көлдер мүлдем жоқ, дегенмен, тау ішінде және етектерінде көптеген жасанды көлдер (су қоймалары) құрылған. Олардың қызметі – жазда су тапшылығы болған кезде ауыл шаруашылығын суармалы сумен қамтамасыз ету. Аса ірі су қоймалары деп Қосқорған, Абай, Сасық-бұлақ, Ойық, Торлан және т.б. қоймаларды атауға болады. Өзендер мен бұлақтардың басым көпшілігі жаз мезгілінде тартылып кетеді, бірақ бастаулар жыл он екі ай бойы тартылмайды.

Әдебиеттер:

Бейчек В., Штястны К. 2004. “Птицы. Иллюстрированная энциклопедия”. Москва: Лабиринт- Пресс. 289 с. ISBN 5-9287-0615-4.

Бекенов А.Б., Есжанов Б.Е. 1997. Проблемы сохранения биоразнообразия в условиях практически сплошной хозяйственной освоенности региона. Биологическое и ландшафтное разнообразие Республики Казахстан. Алматы. С. 103-105.

Губин Б.М., Карпов Ф.Ф. 2000. Гнездящиеся птицы Малого Каратау (Южный Казахстан). Русский орнитологический журнал. Экспресс-выпуск. No 88. С. 3-14.

Долгушин И.А. 1951. К фауне птиц Каратау. Известия АН КазССР, серия зоологическая, вып. 10, Алматы. С. 72-117.

Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. 2008. Птицы. Алматы: Кітап. 128 с.

Экология и поведение некоторых птиц Казахстана. 1988. Алма-Ата: Изд-во «Наука». С. 74-83.

kkҚазақ тілі