DOI: https://doi.org/10.54944/kzbou878rv27

ӘОЖ: 664.724:632.7(574.51)

Үсембаева Ж.С., Сәрсенбаева Ғ.Б., Мендібаева Г.Ж.

«Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты» ЖШС, Култөбе көшесі, 1, мкр. Рахат, Наурызбай ауданы, 050070, Алматы қаласы, Қазақстан

E-mail: aziza_niizr@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада кіші ұн қоңызының (Tribolium confusum Duv.) биологиялық ерекшеліктері, дамуы және күрес шаралары жөнінде зерттелген мәліметтер келтірілді.

Қазақстан астық өнімдерін өндіретін ірі өлке. Қазіргі уақытта, республикамызда жалпы сыйымдылығы 13,7 млн. тонна құрайтын 204-ке жуық лицензиясы бар нан қабылдау пункты жумыс атқаруда. Биыл ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне тиесілі астық қоймалары 12,4 пайызға өсіп олардың жалпы сыйымдылығы 12,6 млн тоннаға жетті. Осыған байланысты астықты сақтауға арналған қамбалардың жалпы сыйымдылығы 26,3 млн.тоннаны құрады, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 1,1 млн. тоннаға өсті. Өткен жылғы, биылғы және жиналған астықты есептегенде көрсетілген сыйымдылықтар астықты сақтау үшін жеткілікті. Өнеркәсіпті шикізатпен, жануарларды жем-шөппен, халықты астықпен қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттің басты міндеті – дайындалған астықты зақымдалудан сақтау. Жиналған өнім астық қоймаларында ұзақ сақталады. Оның сапасын төмендетпей таза сақтау – ең үлкен міндеттің бірі болып табылады. Себебі қоймалардағы астық өнімдерімен көптеген зиянкестер қоректенеді. Солардың негізгілерінің бірі – кіші ұн қоңызы (Tribolium confusum Duv.). Квикфос таб. және Агфос, таб. 12 г/м3 мөлшер есебінде қолдану дән қоймаларының зиянкесі – кіші ұн қоңызына қарсы күресуде тиімді препарат екенін көрсетті.

Кілт сөздер: зиянкес, кіші ұн қоңызы, жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Қазақстан аймағындағы қоймаларда ғалымдардың мәліметтері бойынша 100-ден астам түрлері мекендейді. Солардың ішінде кең таралған негізгі түрлері 60-тан астам. Қамба зиянкестері сақтаулы астықты елеулі шығынға ұшыратады – дәннің салмағын азайтып, тұқымның өнімділігін және сапасын төмендетеді. Қазақстанда өндірілетін бидайдың экспорттық бөліктері зиянкестерден таза және мемлекеттік стандартқа сай болулары керек. Қоймадағы зиянкестер мөлшері мен тигізетін залалы тіршілік ететін ортаның жағдайына: ылғалдылық, жылылық, суықтық, өнімді сақтау ұзақтығы және қойманың тазалығына байланысты (Уразалиев және т.б. [Urazaliyev and others] 2005; Косолапова [Kosolapova] 1970; Соколов, Косшибаев [Sokolov, Kosshibayev] 1988).

Қазіргі кезде фермерлер мен ұсақ жеке шаруашылықтар т.б. жинаған астықтарын көп жағдайда ұзақ сақтауға қолайсыз астық қоймаларына қояды. Қоймаларда жыл сайын міндетті түрде жүргізілуі тиіс сақтық шаралар, яғни зиянкестердің көбеюіне жол бермейтін алдын алу жұмыстары (у бүрку, жуу, кереге-еден тесіктерін түзеп-жөндеу, әктеу, сыртқы айналасын тазалап сыпыру) дер кезінде немесе мүлдем жүргізілмейді. Бұл шараларды міндетті түрде жүргізу қажет, себебі қазіргі кезде шетелдермен тауар айналымына байланысты астық, тамақ өнімдерімен бірге және басқа да жолдармен елімізге қауіпті қойма зиянкестерінің енуі мүмкін. Қамбаларға құйылатын астықтан алынған сынамалар зертханаларда өте мұқият тексерілуі қажет (Исмухамбетов және т.б. [Ismukhambetov and others] 2007; Абдиров [Abdirov] 2000). Сондықтан астық қорын қойма зиянкестерінен қорғау үшін нақты шаралар жүргізілуі қажет. Қазақстан аймағында орналасқан мұнара қоймалар мен қамбалардан табылған зиянкестердің сақталатын астыққа елеулі зиян тигізетініне күмән жоқ.

Әдебиеттер:

Абдиров Ж.А. 2000. Зерновой рынок Казахстана от закупок зерна к экспорту зернопродуктов. Журнал «Вестник Казахстана». No 4. Алматы. С. 4-7.

Береснева Р.Ф. 1960. (Coleoptera) – амбарные вредители в южных областях Казахстана. Труды института зоологии. Алма-Ата. Т. XI. С. 97- 107.

Закладной Г.А. 2006. Вредители хлебных запасов. Журнал «Защита и карантин растений», Москва. No 6. С. 79- 104.


Закладной Г.А., Ратанова В.Ф. 1973. Вредители хлебных запасов и меры борьбы с ними. Москва: Колос. 279 с.

Закладной Г.А., Соколов Е.А., Когтева Е.Ф., Чирков А.М. 2003. Путеводитель по вредителям хлебных запасов и простор как средство борьбы с ними. Москва: Издательство МГОУ. 107 с

Исмухамбетов Ж.Д., Сагитов А.О., Кожахметова Ф.К., Сарсенбаева Г.Б. 2007. Рекомендации по защите запасов зерна и зернопродуктов от вредителей при хранении в Северном Казахстане. Астана. 24 с.

Косолапова Г.Я. 1970. Борьба с вредителями запасов зерна. Алма-Ата: Кайнар. С. 3-24.

Косолапова Г.Я. 1982. Вредители запасов зерна Северного и Центрального Казахстана. Сборник научных трудов: Защита зерновых культур от вредителей, болезней и сорняков в Северном Казахстане. Алма-Ата. С. 68-79.

Соколов Е.А., Косшибаев Т.Н. 1988. Защита зерна и зернопродуктов от вредителей при хранении в хозяйствах Северного Казахстана. Рекомендация. Алма-Ата: Кайнар, 18 с.

Уразалиев Р.А., Исмухамбетов Ж.Д., Изтаев А.К. 2005. Проблемы хранения и переработки зерна. Биологические основы селекции и генофонда растений. Материалы Международной научной конференции. Алматы, 3-4 ноября 2005. С. 83-88.

Чернышев П.К. 1961. Складские вредители зерна и борьба с ними. Алма-Ата: КазГосиздательство. 112 с.

kkҚазақ тілі