Көшекбаева А.А., Қуатов М.М.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, Арал ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан

E-mail: barsakelmes_39@mail.ru

Тұжырым:

Қаттықанаттылар немесе қоңыздар – насекомдар класының түрлерге бай ең ірі отряды.Қоңыздар биологиялық жағынан өте алуантүрлі. Қоңыздардың қоректенуі де алуантүрлі. Олардың арасында жыртқыштар, фитофагтар, сапрофагтар, некрофагтар бар. Жыртқыш қоңыздар әртүрлі ұсақ омыртқасыздармен, негізінен басқа жәндіктермен қоректенеді. Өсімдікқоренкті қоңыздар әртүрлі өсімдіктердің жасыл бөліктерімен ғана емес, сонымен қатар ағаштармен де қоректенеді. Қоңыздар барлық жерде (суда, жерде, өсімдіктерде, топырақта) кездеседі және табиғаттағы заттардың айналымында өте маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмыстары 2021 жылдың қазан айында Сырдария өзені атырауында, Көксарай бөгетінде, Аманаткөл көлі, Шабанкөл көлі, Лайкөл көлі, Ақшатау көлі, Шөмішкөл көлі, Шөмішкөл ауылы маңы, Қолшыққан көлі маңында жүргізілді. Жүргізілген зерттеулерде энтомологиядағы жалпы қабылданған дәстүрлі әдістер қолданылды. Далалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Насекомдар класынан (Insecta) Қаттықанаттылар немесе қоңыздар (Coleoptera) отряды өкілдері анықталды. Нәтижесінде 4 тұқымдастың 24 түрі анықталды. Бұлардың ішінде түр құрамы әртүрлілігімен ерекшеленетін тұқымдас Tenebrionidae – 12 түрі бар, Carabidae тұқымдасынан – 3 түр, ал қалған 2 тұқымдастан 1 түрден ғана белгілі болды. 2021 жылғы зерттеулер басым түрлердің саны мен фауналық өзгеруінің төмендегенін көрсетті. Оған себеп зерттеу жұмыстары қазан айында жүргізілгендіктен, көптеген омыртқасыздар қыстауға кетті.

Кілт сөздер: Қаттықанаттылар немесе қоңыздар, күзгі фауна, Барсакелмес қорығы.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Қаттықанаттылар немесе қоңыздар – насекомдар класының түрлерге бай ең ірі отряды.Қоңыздар биологиялық жағынан өте алуантүрлі. Қоңыздардың қоректенуі де алуантүрлі. Олардың арасында жыртқыштар, фитофагтар, сапрофагтар, некрофагтар бар. Жыртқыш қоңыздар әртүрлі ұсақ омыртқасыздармен, негізінен басқа жәндіктермен қоректенеді. Өсімдікқоренкті қоңыздар әртүрлі өсімдіктердің жасыл бөліктерімен ғана емес, сонымен қатар ағаштармен де қоректенеді.

Қоңыздар барлық жерде (суда, жерде, өсімдіктерде, топырақта) кездеседі және табиғаттағы заттардың айналымында өте маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмыстары 2021 жылдың қазан айында Сырдария өзені атырауында, Көксарай бөгетінде, Аманаткөл көлі, Шабанкөл көлі, Лайкөл көлі, Ақшатау көлі, Шөмішкөл көлі, Шөмішкөл ауылы маңы, Қолшыққан көлі маңында жүргізілді.

Жүргізілген зерттеулерде энтомологиядағы жалпы қабылданған дәстүрлі әдістер қолданылды. Далалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Насекомдар класынан (Insecta) Қаттықанаттылар немесе қоңыздар (Coleoptera) отряды өкілдері анықталды. Нәтижесінде 4 тұқымдастың 24 түрі анықталды. Бұлардың ішінде түр құрамы әртүрлілігімен ерекшеленетін тұқымдас Tenebrionidae – 12 түрі бар, Carabidae тұқымдасынан – 3 түр, ал қалған 2 тұқымдастан 1 түрден ғана белгілі болды. 2021 жылғы зерттеулер басым түрлердің саны мен фауналық өзгеруінің төмендегенін көрсетті. Оған себеп зерттеу жұмыстары қазан айында жүргізілгендіктен, көптеген омыртқасыздар қыстауға кетті.


Әдебиеттер:

Абдурахманов Г.М., Медведев Г.С., Абдулмуслимова К.М. 2001. Роль жуков-чернотелок в естественных и антропогенных экосистемах. Материалы V сессии энтомологов Дагестана, Махачкала. С. 112-115.

Байтенов М.С. 1974. Жуки-долгоносики Средней Азии и Кавказа: иллюстрационный определитель родов и каталог видов. Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР. 1850 с.

Гершун М.С. 1960. Вредители всходов и сеянцев саксаула и меры борьбы с ними. Ташкент: УзАСХН. 24 с.

Кириченко А.Н. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Изд-во АН СССР. М.-Л., 1957. 124 с.

Корниенко В.В. 1961. Чернотелки на пастбищах пустынной зоны и меры борьбы с ними. Тр. Института каракулеводства. Т. 2. С. 309-318.

Крыжановский О.Л. 1983. Жуки подотряда Adephaga (семейства Rhysodidae, Trachypachidae, Carabidae). Фауна СССР. Жесткокрылые, т. 1, вып. 2. Ленинград: изд-во «Наука», 341 с.


Мамаев Б.М., Медведев Л.Н. и Правдин Ф.Н. Определитель насекомых европейской части СССР. Москва: «Просвещение», 1976. С. 103-187. 304 с.

Медведев Г.С. 1984. Blaps halophila Fischer von Waldheim, 1822. Coleoptera, Tenebrionidae. В книге: Ареалы насекомых Европейской части СССР. Атлас под ред. Городкова К.Б. Карты 179-221. Ленинград: Наука. Карта 181. С. 23.

Медведев Г.С. 1968. Жуки-чернотелки (Tenebrionidae). Подсемейство Opatrinae. Трибы Platynotini, Dendarini, Pedinini, Dissonomini, Pachypterini, Opatrini (часть) и Heterotarsini. Фауна СССР: Жесткокрылые. Т. 19, вып. 2. Ленинград: Наука. 285 c.

Михайлов Ю.Е. 2009. Лесная энтомология. Екатеринбург. 38 с.

Негробов С.О. 2005. Иллюстрированный определитель семейств жуков европейской части России. Воронеж: Изд. ВГУ. С. 103-104.

Нурматов Т. 1971. Насекомые-вредители саксаула: автореферат диссертации кандидата биологических наук. Алма-Ата: АН СССР. 20 с.

Определитель насекомых европейской части СССР. 1965. Т. ІІ. Жесткокрылые и веерокрылые / под общ. ред. член-корр. Г.Я. Бей-Биенко./ Москва – Ленинград: «Наука». С. 356-381. 668 с.

Палий В.Ф. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж, 1970. 192с.

Песенко Ю.А. Принципы и методы количественного анализа в фаунистических исследованиях. М., «Наука», 1982. 287 с.

Фасулати К.К. Полевое изучение наземных беспозвоночных. М., «Высшая Школа», 1971. 424 с.

Хужаев О., Султанов Р. Главнейщие вредители пустынных растений. Журнал сельского и водного хозяйства Узбекистана. 2019. № 4. С. 293-298.

Яблоков-Хнзорян С.М. 1983. Обзор семейства жуков-кокцинеллид фауны СССР. Зоологический сборник. Институт зоологии АН Армянской ССР. С. 94-161.

kkҚазақ тілі