Ислямов М.

Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы, Абай көшесі, 34, Жабағлы ауылы, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы, 161310, Қазақстан

E-mail: meyram.islamov@bk.ru

Тұжырым:

Мақалада 2020-2021 жылдары Ақсу-Жабағлы қорығының территориясында жүргізілген далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері беріліп отыр. Зерттеу нәтижесінде жиналған қаттықанаттылар немесе қоңыздарға талдау жасалды. Олар жәндіктер класының ең ірі отряды. Олардың арасында қоректік байланысы жағынан жыртқыштары, өсімдікқоректілері, сапрофагтары, некрофагтары және құрлықта, топырақта, суда тіршілік ететін түрлері бар. Жыртқыш қоңыздар зиянды жәндіктермен қоректеніп, көп пайда келтіреді, сонымен қатар, қоңыздар табиғаттағы зат алмасуда маңызды орын алады. Далалық зерттеулер мамыр айының басынан бастап, қыркүйектің соңына дейін жүргізілді. Зерттеулер энтомологияда жалпы қабылданған әдістерді қолдану арқылы жүргізілді (энтомологиялық сүзгімен, топырақ тұзағымен, түнде жасанды жарық көзіне ұстау, қолмен жинау және т.б. әдістер). 2020-2021 жылдары Ақсу-Жабағлы қорығының қоңыздарын зерттеу нәтижесінде 9 туысқа жататын 29 түрі анықталды. Бұлардың арасында түр құрамы жағынан басым тұқымдастар алагүлік қоңыздар тұқымдасы (Meloidae) – 7 түр (24%), зер қоңыздар тұқымдасы (Buprestidae) – 5 түр (17%), тақтамұртшалы қоңыздар мен жапырақжегіш қоңыздар тұқымдастарынан (Scarabaeidae, Chrysomelidae) – 4 түрден (14%), барылдауық қоңыздар тұқымдасы (Carabidae) – 3 түр (10%), қалған 4 тұқымдастан (Silphidae, Coccinellidae, Rhynchitidae, Tenebrionidae) тек 1-2 түрден ғана белгілі.

Кілт сөздер: Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы, қаттықанаттылар, фауна.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Қаттықанаттылар, қоңыздар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазақстанда 20 мыңнан аса түрлері кездеседі. Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерде кездеседі. Олардың арасында жыртқыштары, өсімдік қоректілері, сапрофагтары, некрофагтары және құрлықта, топырақта, суда тіршілік ететін түрлері бар. Көпшілігі ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері, сонымен қатар қоңыздар шіріген заттарды (сапрофагтар), зиянды жәндіктерді (жыртқыштар) жеп көп пайда келтіреді, табиғаттағы зат алмасуда маңызды орын алады.

Далалық зерттеу жұмыстары 2020-2021 жылдары Ақсу-Жабағлы қорығының аумағында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жиналған материалдарға талдау жасап, қаттықанаттылар жайлы ақпаратты төменде ұсынып отырмыз.

Әдебиеттер:

Bilý S., Jendek E., Kalashian M.J., Kuban V., Volkovitsh M.G. 2006. Superfamily Buprestoidea. (Coleoptera, Buprestidae). Acta entomologica bohemoclovaca, vol. 81, N 6. Р. 434-447.

Bily Svatopluk. 1984. A revision of Anthaxia (Melanthaxia) conradti and Corsica species- group

Catalogue of Palaearctic Coleoptera. Stenstrup: Apollo Books. Vol. 3. P. 506 p.

Гурьева Е.Л. 1974. Семейство Buprestidae – Златки. В книге «Насекомые и клещи – вредители сельскохозяйственныз культур». Ленинград: Наука. Т. 2. Жесткокрылые. С. 96-112.

Костин И.А. 1973. Жуки-дендрофаги Казахстана. Алма-Ата. 288 с.

Крыжановский О.Л. 1965. Сем. Carabidae жужелицы. В кн.: Определитель насекомых европейской части СССР. Ленинград. Т. II, с. 29-77.

Крыжановский О.Л. 1974. Семейство Meloidae – нарывники. Насекомые и клещи – вредители с/х культур Москва: «Наука». Том 2. С. 133-139.

Крыжановский О.Л. 1983. Род Lebia. // Фауна СССР, Жесткокрылые (Том I, вып. 2). Ленинград: «Наука», С. 281-282.

Крыжановский О.Л. 1983. Жесткокрылые подотряда Adephaga: семейства Rhysodidae, Trachypachidae; семейство Carabidae (вводная часть и обзор фауны СССР). Фауна СССР. Жесткокрылые. Т. 1, вып. 2. Ленинград. 320 с.

Кузин Б.С. 1953. Жуки – нарывники Казахстана. Труды Республиканской Станции Защиты Растений. Том 1. С. 72-152

Лопатин И.К. 2010. Жуки-листоеды Центральной Азии. Минск, БГУ. 511 с.

Лопатин И.К., Куленова К.З. 1986. Жуки листоеды Казахстана. Алма-Ата: Наука. 200 с.

Лопатин И.К., Медведев Л.Н., Шапиро Л.С. 1974. Семейство Chrysomelidae – листоеды. Насекомые и клещи – вредители с/х культур Москва: «Наука». Том 2. С. 157-196

Мамаев Б.М., Медведев Л.Н., Правдин Ф.Н. 1976. Определитель насекомых европейской части СССР. Москва: Просвещение. С. 181. 304 с.

Мартынов В.В. 1995. Новая цветовая форма Cetonia aurata aurata L. (Coleoptera, Scarabaeidae). Известия Харьковского энтомологического общества. Донецк: Донецкий государственный университет. Т. III, вып. 1-2. С. 74.

Медведев Г.С. 1974. Семейство Tenebrionidae (Чернотелки). Насекомые и клещи – вредители с/х культур. Москва: «Наука». Том 2. С. 123-133

Медведев С.И. 1951. Пластинчатоусые (Scarabaeidae). Подсем. Melolonthinae, Ч. 1 (Хрущи). Фауна СССР. Насекомые жесткокрылые. М.-Л.: Издательство АН СССР. Т. 10, вып. 1. С. 89- 91. 514 с.

Медведев С.И. 1964. Пластинчатоусые (Scarabaeidae). Подсем. Cetoniinae, Valginae. Фауна СССР. Насекомые жесткокрылые. Москва – Ленинград: Издательство АН СССР. Т. 10, вып. 5. 375 с.

Николаев Г.В. 2007. Описание личинки растительноядного мертвоеда Aclypea calva

Николаев Г.В. Описание личинки растительноядного мертвоеда Aclypea calva (Reitter, 1890) (Coleoptera, Silphidae). Евразиатский энтомологический журнал. 6(4): 411–412.

Николаев Г.В. 1987. Пластинчатоусые жуки (Coleoptera, Scarabaeoidea) Казахстана и Средней Азии. Алма-Ата: Изд-во «Наука» Казахской ССР. 232 с.

Николаев Г.В., Козьминых В.О. 2002. Жуки-мертвоеды (Coleoptera: Agytridae, Silphidae) Казахстана, России и ряда сопредельных стран: Определитель. Алматы: Казак универсиутi. С. 71— 90. 159 с.

Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. 1992. Т. III. Жесткокрылые, или жуки. Ч. 2. под общ. ред. П.А. Лера. Ленинград: Наука. С. 363. 704 с. ISBN 5-02-025623-4.

Тер-Минасян M.E. 1967. Жуки-долгоносики подсемейства Cleoninae фауны СССР: Цветожилы и стеблееды (триба Lixini). Ленинград: Наука. Ленинградское отделение. 142 с.

kkҚазақ тілі