В. Л. Казенас 1941 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Лонгин Дамазиевич – Қазақстанның танымал фитопатологы, анасы Таисия Григорьевна – үй шаруасындағы әйел және сонымен қатар жеке сабақ берген ағылшын тілінің мұғалімі. Жоғарғы Каменка ауылындағы орта мектепті бітіргеннен кейін (1958 ж.) Владимир Лонгинович ҚазМУ-дың биология факультетіне оқуға түсіп, энтомологияға қызығады. 1961 жылы өсімдіктерді қорғау институтының энтомологиялық зиянды шегірткелерге қарсы жасағы құрамында Маңғыстау түбегіне алғашқы ғылыми экспедициясына қатысып, шегірткелерді жоятын қазғыш араларды зерттеді. Осы уақыттан бастап, ол қазғыш аралардың бүкіл өміріне ерекше назар аударды. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, жолдамамен біраз уақыт Жетісу (Шамалғанға жақын) ауылындағы орта мектепте биология және химия пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді, бірақ көп ұзамай Кеңес әскері қатарына шақырылды.


Владимир Лонгинович өзінің кәсіби ғылыми қызметін Зоология институтында 1966 жылы бастады, Кеңес армиясы қатарындағы борышын аяқтағаннан кейін, энтомология мамандығы бойынша күндізгі аспиранфтураға түсті. Институтта аспиранттан бастап зертхана меңгерушісіне және бас ғылыми қызметкерге дейінгі ғылыми қызметтің барлық сатыларынан өтті (аспирант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі). 49 жыл бойы Қазақстан мен Орта Азияда насекомдарының аса ірі және шаруашылық маңызды топтарының бірі – қазғыш аралардың фаунасын, жүйеленуін, экологиясын, биологиясын және таралуын зерттеді. В. Л. Казенастың зерттеулері басталғанға дейін олардың осы аймақтағы фаунасын ешкім арнайы зерттемеген; олардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктері де белгілі болған жоқ. Ол Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі, сондай-ақ Орта Азия республикаларындағы көптеген ғылыми экспедицияларға қатысты. 1977 жылы энтомология зертханасы Солтүстік Қазақстан бойынша бес жылдық есеп аяқтады. Соңғы жылы көпжылдық жиналған материалды өңдеп, көптомдық есеп жасау аяқталды. В.Л. Казенас Солтүстік Қазақстанды толық зерттемедім деп, жалғыз өзі велосипедпен көп шақырымды маршрутқа: Арқалық, Шилі, Тасты, Амантоғай, Амангелді, Горняк, Державинск, Есіл, Атбасарға кеткен. Одан кейін Атбасар- Щучинскке самолетпен және одан ары Щучинск, Бурабай, Көкшетауға барған. Сонан соң Көкшетаудан самолетпен Ақтөбеге ұшып барып, ботаникалық экспедицияға қосылған Сөйтіп Ырғызда велосипедін ұрлап кеткен. 1996 жылдан 2008 жылдар аралығында М.Д. Митяевпен бірге «Урал» мотоциклімен Оңтүстік Шығыс-Қазақстанның қуаң таулары мен шөлді жерлерін зерттеген. Ол 30 мыңнан астам Hymenoptera және басқа насекомдардың үлгілерінен тұратын үлкен коллекция жинады.

Далалық зерттеу жұмыстары кезеңдері

1-сурет – Маңғыстау облысы, 10.06.2008 жыл. Солдан оңға қарай: Гисцов А.П., Казенас В.Л., Есенбекова П.А., Тілеппаева А.М., Қадырбеков Р.Х.

2-сурет – Алматы облысы, Жусандала, 22.05.2008 ж. Казенас В.Л., Есенбекова П.А.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, 10.06.2008

Алтынемел МҰТП, Айғайқұм, 26.05.2008

Сайрам-Өгем МҰТП, 03.06.2013 ж. Казенас В.Л., Есенбекова П.А., Кенжеғалиев А.М.

Сайрам-Өгем МҰТП семинар өткізу. 08.05.2012 Казенас В.Л., Есенбекова П.А.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Асықата, 09.06.2013 ж. Төменгі екі суретте: Кенжеғалиев А.М., Казенас В.Л., Артемов Глеб Николаевич (Томск, Ресей, ТМУ), Есенбекова П.А.

Сырдария өзені жағалауы, 11.06.2013 ж. Казенас В.Л., Артемов Г.Н.

Наурыз мерекесі – 2012. Казенас В.Л., Есенбекова П.А. 20.03.2012 ж.

Жаңа 2015 жыл. Солдан оңға: Саяқова З.З.,

Темрешев І.И., Байжанов М.Х., Казенас В.Л., Байдаулетов Е.Р., Есенбекова П.А., Гисцов А.П.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алғаш рет Қазақстан мен Орта Азияның қазғыш араларының (1000-ға жуық түрі) фаунасы толық анықталды, оның ішінде 250-ден астамы осы аумақта алғаш рет және 300-ден астам түрі Қазақстанда алғаш рет табылды. Ғылым үшін қазғыш аралардың жаңа 155 түрі сипатталып жазылды. 200-ден астам түрдің биологиясы бойынша жаңа мәліметтер алынды. Алғаш рет аймақтағы қазғыш аралардың биологиясы, экологиясы және географиялық таралуы бойынша қолда бар барлық деректер жинақталды, тұтастай алғанда, аумақтың фаунасының қалыптасу жолдары және оның жекелеген зоогеографиялық аудандары туралы болжамдар айтылды. Алғаш рет анықталған фауна практикалық маңызы бойынша бағаланды. Бұл жұмыстың нәтижелері кандидаттық және докторлық диссертацияларда жинақталған. «Қазғыш аралардың (Hymenoptera, Sphecidae) морфологиясы, биологиясы, таралуы, систематикасы және шаруашылық маңызы» тақырыбындағы докторлық диссертация КСРО ҒА Зоология институтының (қазіргі РҒА) диссертациялық кеңесінде 1987 жылы Ленинградта (Санкт-Петербург) сәтті қорғалды.


350-ден астам еңбектер, оның ішінде 10 монография (олардың 4-уі Бүкілодақтық ғылыми және техникалық ақпарат институты (ВИНИТИ) мен Қазақ ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми- зерттеу институтына (КазНИИНТИ) сақтауға берілген, ал 6-уы баспаханалық тәсілмен жарияланған) жарық көрді. Авторлардың үлкен ұжымдарының құрамында «Ресейдің Қиыр Шығысындағы насекомдардың анықтағышы», «Өзбекстанның насекомдары» ғылыми-көпшілік кітабын, «Қырғызстанның генетикалық қорының кітаптарын», «Қазақстанның Қызыл кітабын» дайындауға қатысты. Жануарлар», «Алматы облысының Қызыл кітабы», «Алматы облысының жануарлар дүниесінің кадастры», «Маңғыстау облысының жануарлар әлемі және оның мониторингі» кітаптары және т. б.


Зоология институтында жұмыс істеген кезінде Владимир Лонгинович үлкен қоғамдық- ғылыми жұмыс жүргізді. ҚР БҒМ Зоология институтының Ғылыми Кеңесінің, Қазақстанның «Қызыл кітабы» жөніндегі комиссияның, Қазақстан-Орта Азия зоологиялық қоғамы төралқасының, «Тетис» ғылыми қоғамы төралқасының, «Selevinia» и «Tethys Entomol. Research» журналдарының редколлегиясының мүшесі болды. Бірнеше жыл бойы ҚР ЖАК биология ғылымдары бойынша Сараптамалық кеңестің ғылыми хатшысы, 2 диссертацияларды қорғау бойынша арнайы кеңестің мүшесі, ҚР БҒМ Зоология институты арнайы кеңесінің ғылыми хатшысы, Бүкілодақтық энтомологиялық қоғамның Қазақстандық бөлімшесінің төрағасы болды.


Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілігін зерттеу, сақтау және пайдалануға қатысты ғылыми және ғылыми-қолданбалы бағдарламаларды құрастыруға және жүзеге асыруға бірнеше рет қатысқан: Қазақстан Республикасының «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану» ұлттық бағдарламасының (1995), «Биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасының» (1995), «Қазақстанның жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтаудың және оның ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғылыми негіздері» республикалық бағдарламасы (1996), «Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың Қазақ ұлттық стратегиясы», Батыс Тянь-Шань биоалуантүрлілігін сақтау және теңгерімді пайдалану жөніндегі халықаралық жоба (1998), «Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесінің кадастры» (2010) және т.б. ҚР Білім және ғылым министрлігінің конкурстарында биология бойынша ғылыми жобаларға бірнеше рет сараптама жүргізді (1999-2004).


Жас мамандарды даярлауға қатысты. Оның жетекшілігімен 4 кандидаттық диссертация қорғалды: Исламов Ш.Д., Есенбекова П.А., Бурунбетова К.К., Айтжанова М.О. 7 жыл бойы No48 мектеп-лицейінде медициналық энтомология бойынша арнайы дәріс оқыды. 2001 ж. қаңтарда ҚР БҒМ Зоология институтының Ғылыми кеңесінің қолдау хаты бойынша ҚР Жоғары аттестаттау комиссиясы оған биология профессоры ғылыми атағын берді. 1995 жылдан бастап энтомология зертханасын басқарды, сөйтіп 12 жыл бойы (2007 жылға дейін) оның меңгерушісі болды.


2000 жылдары В.Л. ғылыми білімді насихаттауға көп көңіл бөлді. Г.В. Николаевпен бірге адам үшін қауіпті жануарлар туралы кітаптар сериясын шығарды (биологтар мен дәрігерлерге арналған оқулықтар). Сондай-ақ, оқушылар үшін де осындай бағыттағы екі түрлі-түсті кітап шығарды. Редактор және негізгі авторлардың бірі ретінде «Насекомдар» мектеп энциклопедиясының арнайы томын дайындауға және шығаруға қатысты. Қазақстан жәндіктері туралы 30 фотоальбом (бір өзі және бірлескен авторлықта) шығарды, онда өз фотосуреттерін пайдаланды.


Зейнетке шыққаннан кейін ол сондай-ақ Қазақстандағы Жарғаққанаттылардың кейбір топтарын зерттеу және жасанды ұя салатын орындар құру арқылы, пайдалы тозаңдандыратын аралар мен энтомофаг-аралардың алуан түрлілігін сақтау және пайдалану әдістерін әзірлеу бойынша өз бетінше жұмыс жасады. Іле Алатауының таулы ормандарында жәндіктердің индикаторлық түрлерін пайдалану арқылы экожүйелердің жағдайын бағалау әдістемесін әзірлеуге және ағаш діңі зиянкестері мен олардың энтомофагтарын мониторингтік зерттеулерге қатысты. Осы кезеңде оның Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілігінің құрамы мен сақталуы туралы ғылыми білімді насихаттауға үлкен қатысуын атап өткен жөн. Ол «Қазақстанның жануарлар әлемі фотосуреттерде» сериясынан бірнеше кітап-фотоальбом жариялады, әлеуметтік желілерде және экологиялық-зоологиялық бағыттағы сайттарда жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі топтары өкілдерінің бірнеше мың фотосуреттерін орналастырды. Соңғы 6 жыл ішінде ол Mаcroid.ru және Facebook-те 20 мыңнан астам фотосурет жариялады. «Ресей аралары» сайтында 500-600 фотосурет және осы сайтта В.Л. Касенастың барлық кітаптары жарияланған.


Бірқатар қорықтар мен ұлттық парктердің табиғаты, құрамы және биоәртүрлілігінің сақталуы туралы бірнеше фотальбом кітаптары дайындалып, жарық көрді. Құстарды суретке түсірумен әуестеніп, ол Алматы қаласының оңтүстік бөлігіндегі және оның төңірегіндегі құстар фаунасы туралы айтарлықтай фотоматериал жинады, оның негізінде орнитологиялық мазмұндағы 3 ғылыми- танымал кітапты және «орыс орнитологиялық журналында» 20-дан астам ғылыми хабарламаны (Н.Н. Березовиковпен бірге) дайындады және жариялады.

Ғылымдағы 13 жаңа насекомдар атаулар В. Л. Касенасқа арналған:

Cerceris kazenasi Pulawski, 1976 – Crabronidae

Chelonus kazenasi Tobias, 2001 – Braconidae

Ephedromyia kazenasi Fedotova, 1993 – Cecidomyiidae

Ephutomma kazenasi Lelej, 1976 – Mutillidae

Harpactus kazenasi Nemkov, 1994 – Crabronidae

Ktyr kazenasi Lehr, 1981 – Asilidae

Leistus (Pogonophorus) kazenasi Kabak, 2015 – Carabidae

Microdera kazenasi Skopin, 1960 – Tenebrionidae

Mimesa kazenasi Budrys, 1985 – Crabronidae

Nysson kazenasi Nemkov & Gayubo, 2003 – Crabronidae

Podalonia kazenasi Danilov, 2017 – Sphecidae

Pseudepipona kazenasi Kurzenko, 1974 – Vespidae (Eumeninae)

Pterapicus kazenasi Dzhanokmen, 1976 – Pteromalidae

Мерейтой иесіне зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр, ғылыми және баспа жұмыстарында табыс тілейміз.


ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты»

биология ғылымдарының кандидаты,

бас ғылыми қызметкер, мерейтой иесі шәкірті

Есенбекова П.А.

kkҚазақ тілі