Қабсаметов Р.Ж.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы

E-mail: rinat_3747@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркініде кездесетін Қазақстан арқарының санын есептеу мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстары баяндалған. Қазақстан арқары 143 мың гектардың 84,0 мың га аумақта мекен етеді. Зерттеу жұмысында жүргізілген санақ жұмысының нәтижесі мен таралу аумағы, статистика бойынша жыл сайынғы өсімі, топалуы баяндалған. Қызыл кітапқа еңгізілген қазақстан арқарының жай–күйін бағалау мақсатында деректер жинақталған.

Кілт сөздер: «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қазақстан арқары, көш жолы, құлжа.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Тұяқты жабайы жануарлар қазіргі кезде адам назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшін перспективалы объектілер ретінде практикалық тұрғыдан да, саны көп болған кезде – бағалы аңшылық объектілері (ет, тері, дәрі – дәрмектік шикізат) тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшін осындай зор маңызға ие болғандықтан, ғасырлар бойы адамның жануарлардың ізін аңдығанына таң қалуға болмайды. Осыдан кейін түрлердің бірі құртылып жіберілді, ал біреуі жойып кету алдында тұр.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кездесетін тұяқты жануарлардың бірі – Қазақстан арқары – Ovis ammon collium. Қазақстан арқары Қызыл кітапқа енген жануарлардың ішінде ІІІ санатта тұр. Яғни, жойылып кету қауіпі қазіргі кезде төніп тұрған жоқ, бірақ олар шағын топпен және шағын мекен ету орындарында тіршілік ететіндіктен адамның немесе табиғаттың әсерінен оңай, әрі тез жойылып кетуі мүмкін.

Мәліметтер 2020-2021 жылдары жинақталған. Жұмыстың орындалу барысында есепке алудың визуалды және автокөлікпен жүріп санау әдістері қолданылды. Жануарларға визуалды санақ бпц 8х30 дүрбісі, Canon PowerShot sh540hs фотоаппараты, бақылауға арналған құбырды қолдану арқылы жүргізілді. Алғашқы кезде санақ автокөлік арқылы жүргізілді. Қарабас және Арқалы тауларының ішімен көлікпен қозғалу қиын болғандықтан негізгі санақ жаяу және атпен жүру арқылы жүргізілген болатын. Санақ жануарлардың топталып жайылған кезінде ерте таңғы және кешкі уақыттарда жүргізілді. Қайта тіркеуден аулақ болу үшін кездескен жануарлардың саны мен жасын және жыныстық құрамын санап, күнделікке тіркегеннен кейін, тіркелген тұяқтылар табынының қозғалу бағыты жазылып көрсетілді. Биік төбелі жерлерден арқарларға дүрді арқылы визуалды бақылау жүргізу әдісі арқылы саналды. 2019 жылдан бастап фототұзақтарды қолдану арқылы мәліметтер алына бастады. Санақ жұмысы кезінде фототұзақтан алынған мәліметтер арқарлардың жас ерекшелігін толықтай сиппаттауға мүмкіндік берді (Жекелеген жауарлар түрлеріне санақ жүргізуге арналған методикалық нұсқаулығы [Methodical instructions for the census of individual animal species] 2005; ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы No 267 қаулысы [Resolution by Government of the Republic of Kazakhstan]; Байдавлетов, Ауэзов [Baidavletov, Auezov] 1995; Бербер, Ботов және т.б. [Berber, Botov et al.] 2003; Утяшева, Березовиков, Верзилов [Utyasheva, Berezovikov, Verzilov] 2011).

Әдебиеттер:

«Ақбөкендер мен жабайы тұяқтылардің сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерін сақтау мен қалпына келтірудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы No 267 қаулысы.

АШМ-нің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2005 жылғы 23 тамызындағы No 191 бұйрығы «Жекелеген жауарлар түрлеріне санақ жүргізуге арналған методикалық нұсқаулығы»

Байдавлетов Р.Ж., Ауэзов Э.М. 1995. Авиаучет архара в Центральном Казахстане. Материалы научно-практической конференции по ведению охотничьего хозяйства в новых экономических условиях. Алматы. С. 57-60.

Бербер А.П., Ботов В.И., Мигушин А.С., Рыбалкина О.А. «Учет численности горного барана на хребтах Тарбагатай, Саур, Манрак и Калбинский (Восточно-Казахстанской области)».

Методы учета основных охотничье-промысловых и редких животных Казахстана. 2003. Алматы. 75 с.

Утяшева Т.Р., Березовиков Н.Н., Верзилов М.А. 2011. К организации Тарбагатайского национального пар ка в Казахстане. Степной Бюллетень. No 32. С. 17-21.

kkҚазақ тілі