Сакиева Ж.М.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы

E-mail: zhanss.sakieva@mail.ru

Тұжырым:

Бұл мақалада «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін, қызыл кітапқа енген сібір елігінің қазіргі жай-күйі мен тіршілік ету ерекшелігі, сондай-ақ соңғы 3 жыл ішіндегі сандық динамикасы қарастырылып, мәліметтер жинақталған.

Кілт сөздер: Сібір елігі, биотехниялық шара, көші-қон жолы, ұлттық парк, фототұзақ.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Сібір елігі (Capreolus pygargus (Pallas, 1771) – бұғылар тұқымдасына жататын жұптұяқты, сүтқоректі жануарлар. Денесінің ұзындығы 100-135 см, шоқтығының биіктігі 75-100 см, салмағы 20-40 кг. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3-5 ашалы мүйізі (25–40 см) болады. Құйрығы өте қысқа. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Бірақ, алдыңғы аяғы артқы аяғынан қысқарақ келеді, бұл оның секіріп жүруге бейімделгенін көрсетеді. Ол ені 5-6 метр сайлардан жақсы қарғып өтеді. Қыста түгінің түсі қоңырқай сұр, жазда жирен, жас лақтарының түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. Бұл жануарлардың иіс сезу қабілеті арқар мен тауешкіге қарағанда кем. Оның есту мүшесі жақсы жетілген. Сондай-ақ бұл аң тамаша жүзеді.

Сурет 1 – Сібір елігі

Еліктің бірінші саусағы жоқ, эволюция кезеңінде редуцияға ұшыраған. Қосымша тұяқтары негізгісінен екі есе кіші және артқы жағында жоғары қарай орналасқан, сондықтан олар жүргенде косымша кіші тұяқтары жерге тимейді. Алдыңғы аяғындағы негізгі сыртқы тұяқтары ішкі тұяқтарына қарағанда кішкене ұзынырақ және үшкір келген, артқы аяқтарында ішкі де сыртқы да тұяқтары бірдей. Аталықтарында алдыңғы аяқтарының ізі домалақтанған және өтпейтін, аналығында сопақтау және жіңішке.

Әдебиеттер:

Данилкин А.А. 2006. Аңшылық шаруашылығындағы жабайы тұяқтылар. ГЕОС. Б. 150-185.

Жұмаділов Ә. 2005. Қазақстанның хайуанаттары. Алматы. Б. 43-54.

Қыдырбаев Х., Бекенов А.Б. 2006. Қазақстанның аң байлығы. Алматы. Б. 8-22.

Сабанеев Л.П. 1988. Аңшылық жануарлар. Алматы. Б. 34-56.

Ысқақов С. 2009. Қазақстанда мекендейтін аң-құстар. Алматы: Қазақстан. Б. 58-70.

kkҚазақ тілі