Казенас В.Л.

ҚР «Зоология институты», әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: kazenas_vl@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада жалпыланған түрде қазғыш және құм араларының негізгі биологиялық ерекшеліктері сипатталған. Оларды білу пайдалы түрлерді пайдалану, зиянды түрлермен күресу және жалпы әртүрлілікті сақтау тәсілдерін жасауда өте маңызды. Қазақстанның қазғыш және құм араларының фаунасы бай және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оған 800-ге жуық түр кіреді. Қазіргі заманғы таксономияға сәйкес, қазғыш (Sphecidae) және құм (Crabronidae) аралары (олар жақында бір Sphecidae тұқымдасына қосылды) қазір жеке тұқымдас ретінде Apoidea сабақшақұрсақты жарғаққанаттылар отряды тармағына жатады. Бұл аралардың биологиясының өзіне тән ерекшелігі – ұрпақтарға қамқорлық жасау, бұл арнайы ұяларды орналастырудан және оларға шала жансызданған жәндіктер мен өрмекшілерді дернәсілдеріне қорек ретінде дайындаудан тұрады. Осы буынаяқтыларды аулау кезінде аралар табиғатта олардың санын реттеуде және биоценоздарды тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады.

Кілт сөздер: Жарғаққанаттылар, қазғыз аралар, құм аралары, биологиялық ерекшеліктері, ұрпаққа қамқорлық.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Қазақстанның қазғыш және құм араларының фаунасы бай және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оған 800-ге жуық түр кіреді (Казенас [Kazenas] 2002). Қазіргі заманғы таксономияға сәйкес, қазғыш (Sphecidae) және құм (Crabronidae) аралары (олар жақында бір Sphecidae тұқымдасына қосылды) қазір жеке тұқымдас ретінде Apoidea сабақшақұрсақты жарғаққанаттылар отряды тармағына жатады (Pulawski, 2021).

Бұл аралардың биологиясының өзіне тән ерекшелігі – ұрпақтарға қамқорлық жасау, бұл арнайы ұяларды орналастырудан және оларға шала жансызданған жәндіктер мен өрмекшілерді дернәсілдеріне қорек ретінде дайындаудан тұрады. Осы буынаяқтыларды аулау кезінде аралар табиғатта олардың санын реттеуде және биоценоздарды тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Қоректік объектілерінің арасында ауыл және орман шаруашылығының зиянкестері, сондай-ақ теріс медициналық және ветеринариялық маңызы бар жәндіктер болғандықтан, көптеген аралар зиянкестермен биологиялық күресу үшін перспективалы болып табылады. Тозаңдандыратын жәндіктер мен пайдалы энтомофагтарды жою арқылы аз ғана түрлер зиян келтіруі мүмкін (мысалы, Philanthus туыс түрлері, атап айтқанда, Ph. triangulum, Cerceris және Palarus туыстарының кейбір түрлері, араларды аулау және т.б.). Алайда пайдалы араларды практикалық қолдану және зиянды түрлермен күресу олардың биологиясын толық білмеген жағдайда мүмкін емес. Бұл білім этологияның, зоопсихологияның, эволюциялық теорияның және басқа да ғылымдардың кейбір жалпы мәселелерін нақтылау үшін қажет. Олар биоәртүрлілікті сақтаудың заманауи технологиясын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Қазақстанның қазғыш және құм араларының биологиясы әлі күнге дейін нашар зерттелген. Осы аралардың биологиясының жалпы ерекшеліктерін анықтау үшін автор Қазақстанда ұсынылған негізгі таксондар (туыстар, трибалар, тұқымдас тармақтары және тұқымдастар) туралы. Биологиялық ақпаратты тек Қазақстан бойынша әдеби көздерден ғана емес, сонымен қатар шетелдік, негізінен орыс және Батыс Еуропа әдебиеттерінен жинады. Толық пайдаланылған әдебиеттер тізімін мұнда толық келтіру мүмкін емес. Қызығушылық танытқан оқырмандарға осы шолудың соңында келтірілген автордың жарияланымдарындағы библиографиялық тізімдерді ұсынуға болады (Казенас [Kazenas] 1987, 2001, 2002).

Автор мақаланы қазақ тіліне аударғаны үшін Перизат Әбдікайырқызы Есенбековаға зор алғысын білдіреді.

Әдебиеттер:

Iwata K. 1976. Evolution of Instinct. Comparative Ethology of Hymenoptera. New Delhi: Amerind Publ. Co. Pvt Ltdю IX+539 p.

Olberg G. 1959. Das Verhalten der solitaren Wespen Mitteleuropas (Vespidae, Pompilidae, Sphecidae). Berlin: Dtsch. Verl. Wiss. XIII+401 S. Pulawski W.J. 2021. Catalog of Sphecidae sensu lato // https://www.calacademy.org/scientists/ projects/catalog-of-sphecidae

Tinbergen N. 1935. Über die Orientierung des Bienenwolfes. II. Zs. vergl. Physiol. Bd 21. S. 699-716.

Казенас В.Л. 1987. Биология роющих ос (Hymenoptera, Sphecidae) Казахстана и Средней Азии. Алма-Ата: Институт зоологии АН КазССР. 143 с. (Деп. в ВИНИТИ 14.07.1987, No 5061-В87).

Казенас В.Л. 2001. Фауна и биология роющих ос (Hymenoptera, Sphecidae) Казахстана и Средней Азии. Алматы: Изд-во КазгосИНТИ. 333 с.

Казенас В.Л. 2002. Роющие осы (Hymenoptera, Sphecidae) Казахстана. Tethys Entomol. Res. Vol. IV. P. 3-173.

Малышев С.И. 1941. К биологии осы Larra anathema Rossi. Науч. Метод. Зап. Главн. Управл. Заповедн. Вып. 7. С. 166-172.

Мариковский П.И. 1961. Этюды по биологии насекомых. Известия АН Киргизской ССР, серия биологических наук. Т. III, вып. 1. С. 219-221.

Мариковский П.И. 1963. Целебный огонь. Москва. 126 с.

Мярцева С.Н. 1976. Заметки по биологии малоизученных сфецид Туркмении (Hymenoptera, Sphecidae). Экология и хозяйственное значение насекомых Туркмении. Ашхабад. С. 72-82.

kkҚазақ тілі