Толбаев Н.Б., Сержанова А.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

E-mail: tonus6@mail.ru

Тұжырым:

Қаратау таулы жотасының маңайында табиғи көлдердің болмауына байланысты мұнда жасанды су қоймалары құрылған. Ауыл шаруашылығында кеңінен қолданыста болатын бұл жасанды көлдерді көптеген құстар тіршілік ортасына айналдырған. Аса маңызды экожүйе болғандықтан жасанды көлдер тек қана су және су маңы құстарына емес, сонымен қатар басқа да тобыр өкілдерін еліктіретіні анық. Мұнда кездесетіндерінің басым көпшілігі – өтпелі құстар: зерттелген су көздері көптеген құстар үшін тиімді қорек базасы және уақытша тұрақтары. Өтпелі құстардан басқа мүнда ұялайтын және қыстайтын өкілдері де жетерлік.Кілт сөздер: Құстар, орнитофауна, су қоймасы, өтпелі құстар, ұялау.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Зерттеу нысандары ретінде жасанды су көздері – Қосқорған, Ойық пен Торлансу су қоймалары және Сырдария өзенінің тасқын кезінде пайда болатын және айқын батпақтанып кететін уақытша көлшіктері нысанға алынды. Көрсетілген су көздерінің аса маңыздысы болып Қосқорған су қоймасы және Сырдария өзені табылады, себебі мұнда судың және жағалаудағы шалғындықтардың көлемі өте үлкен әрі құстардың қоректік базасы болатын ұсақ жәндіктерге бай. Сырдария өзенінің маңайында пайда болатын тұрақсыз көлшіктер құстардың тек көктемгі тұрағы бола алады. Күзде өзеннің өзінде су тартылып, деңгейінен түсіп кетеді. Су қоймаларының суы тартылса да, белгілі деңгейде тоқтайды, ондағы қорек айтарлықтай кемімейді. Су маңы құстары үшін ол өте қолайлы (Березовиков, Ерохов, 2000; 2009; Хроков, 2010; Ерохов, Березовиков, 2009, ч. 1 и 2; www.birds.kz).

Әдебиеттер:

Березовиков Н.Н., Ерохов С.Н. 2009. Состояние орнитофауны водоёмов Кустанайской области в период усыхания озёр и засухи летом 1998 года. Русcкий орнитологический журнал. 18 (492): 1050-1066.

Березовиков Н.Н., Ерохов С.Н., Белялов О.В. К орнитофауне озер Кокчетавской возвышенности (Северный Казахстан). Материалы к распространению птиц на Урале, в Приуралье и Западной Сибири. – Екатеринбург, 2000. С. 34-42

Ерохов С.Н., Березовиков Н.Н. 2009. Материалы к орнитофауне озёрной степи и лесостепи Кустанайской области. Часть 1. Русcкий орнитологический журнал. 18 (516): 1715-1742.

Ерохов С.Н., Березовиков Н.Н. 2009. Материалы к орнитофауне озёрной степи и лесостепи Кустанайской области. Часть 2. Русcкий орнитологический журнал. 18 (517): 1751-1780. www.birds.kz

Хроков В.В. 2010. Наблюдения за птицами в Центральном и Юго-Восточном Казахстане в мае 2010 года. Русcкий орнитологический журнал. Том 19, Экспресс-вып. 594: 1580-1583

kkҚазақ тілі