¹ ² ⁴Бижанова Н.Ә., ¹ ⁴Грачев А.А., ¹ ³ ⁴Сапарбаев С.К., ¹Грачев Ю.А., ⁵Ахметов Х.А.

¹ ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, Қазақстан

² Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби даңғылы, 71, Алматы, Қазақстан

³ Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, 041600, Талғар, Алматы, Қазақстан

⁴ Wildlife Without Borders ҚҚ, Алматы, Қазақстан

⁵ «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Саты, Райымбек ауданы, Алматы облысы, Қазақстан

E-mail: nazerke.bizhanova@gmail.com

Тұжырым:

Бұл мақалада Солтүстік Тянь-Шаньның Күнгей Алатауы жотасында сирек кездесетін Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) қазіргі кеңістіктік, биотоптық және биіктікте таралуы туралы деректер келтірілген. Зерттеулер 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында дәстүрлі териологиялық әдістерді қолданумен, сондай- ақ фотоқақпандарды қолдану арқылы жүргізілді. Қазіргі уақытта Түркістан сілеусіні ұлттық парктің аумағындағы барлық ірі шатқалдарда – Қайыңды, Саты, Көлсай, Күрменті, Талды, Құтырған, Үлкен және Кіші Өрікті, Шелек және т.б. жерлерде және оның тіршілік ету орталарында – оның негізгі қорек объектілерінің (құм қояны, сұр суыр, елік, кеміргіштер, кекілік, ұлар, жас тұяқтылар) саны жеткілікті болып келетін қылқан және жапырақты ормандар мен бұталары аймақтарында кездеседі. Түркістан сілеусіні Тянь-Шань мен Жетісу Алатауы үшін ерекше болып табылады, ал қорғаудың тиімділігін арттыруға негіз болатын толық көлемді зерттеулерсіз сілеусіндер саны біртіндеп немесе күрт азаюы ықтимал. Зерттеу нәтижелері Күнгей Алатауы мен түгел Тянь-Шань тауларында сирек кездесетін сілеусіннің популяциясын зерттеуді жалғастыру қажеттілігін көрсетеді.

Кілт сөздер: Солтүстік Тянь-Шань, Күнгей Алатауы, түркістан сілеусіні.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Кәдімгі сілеусіннің (Lynx lynx Linnaeus, 1758) Қазақстанда мекен ететін үш түр тармағы кездеседі: бұл еуропалық (Lynx lynx lynx Linnaeus, 1758), Алтай (Lynx lynx wardi Lydekker, 1904) және Түркістан (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) сілеусіні.

Түркістан сілеусіні – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және аз зерттелген жыртқыш. Тянь-Шань тау жүйесінде Өгем, Қаржантау, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей Алатауы және Ұзынқара тау жоталарында мекен етеді, сонымен қатар Жетісу Алатауында, Тарбағатай мен Сауырда кездеседі (Федосенко [Fedosenko] 1982). Сілеусіндердің Солтүстік Тянь- Шань таулы аймағына жататын Күнгей Алатауындағы жағдайы біршама тұрақты.

Алайда, кезінде бұл аймақта толық ауқымды зерттеулер жүргізілмеген, ал мұндағы сілеусіннің биологиясы мен экологиясы туралы үзінді мәліметтер басқа сүтқоректілердің түрлерін зерттеу нәтижесінде алынған. 1930-шы жылдары сілеусіннің Күнгей Алатауында сирек кездесетіні белгілі болды (Шнитников [Shnitnikov]1936) және С.И. Огневтің деректері бойынша (1940), оның Орта Меркі және Көлсай мекендерінде кездесетіні анықталды. Келесі онжылдықтарда осы тауларда сілеусіндердің саны көбейіп, 1970-1980-ші жылдары жыртқыштың өзі, әрі оның іздері Үлкен және Кіші Өрікті шатқалдарында, сонымен қатар Құтырған және Кіші Өрікті өзендері арасындағы аймақта және басқа да жерлерде жиі көрінді (Федосенко [Fedosenko] 1982; Жиряков және Байдавлетов [Zhiryakov and Baydavletov] 2003; Грачев Ю. [Grachev Yu.] 2010).

Жасырын тіршілік салты мен популяцияларының сирек болуы бұл мысықтың табиғатта зерттелуін қиындатады. Осы себепті қашықтықтан бақылаудың заманауи әдістерін қолдану өзекті және тиімді болып табылады. Атап айтқанда, автоматты бақылау камераларын (фотоқақпандарды) пайдалану зерттеушінің тікелей қатысуынсыз Түркістан сілеусінін бақылауға мүмкіндік береді. Сирек кездесетін сүтқоректілерді зерттеу кезінде фотоқақпанды тіркеу әдісі кеңінен қолданылады, солай бұла тұра, осы уақытқа дейін оларды қолдана отырып, сілеусінге бағытталған зерттеулер жүргізілмеген.

Бұл сирек кездесетін жыртқышты сақтаудың алғашқы қадамы ретінде 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін оның популяциясының жағдайын анықтау үшін біз бірқатар зерттеулер жүргіздік. Күнгей Алатауындағы сілеусіннің кеңістікте, биотоптық және биіктікте таралуы анықталды.

Әдебиеттер:

Грачев А.А., Грачев Ю.А., Ахметов Х.А., Сапарбаев С.К. 2017. Млекопитающие Государственного национального природного парка «Көлсай көлдері». Алматы: «Асыл кітап». 125 с.

Грачев Ю.А. 2010. Рысь. Красная книга Республики Казахстан]. 1 том, 1 ч. 4-ое издание. Алматы. 254-255 с.

Грудзинский М.Э. 1971. Кунгей-Алатау. Географо-альпинистская характеристика. Наука и альпинизм. Возвращение альпинистов с Ушбы. 211-212 с.

Жиряков В.А., Байдавлетов Р.Ж. 2003. Казахстан. Рысь: Региональные особенности экологии, использования и охраны (отв. ред. Е.Н. Матюшкин, М.А. Вайсфельд). 523 с. ISBN 5-02-002789-8

Огнев С.И. 1940. Млекопитающие Центрального Тянь-Шаня (Заилийский и Кунгей Алатау). Москва. 86 с.

Утешев А.С. 1952. Климаты Казахстана. Очерки по физической географии Казахстана. Издательство АН КазССР, Алматы. 169 с.

Федосенко А.К. 1982. Рысь. Млекопитающие Казахстана. 3 том, 2 ч. Алматы: Наука. 194-203 с.

Шнитников В.Н. 1936. Млекопитающие Семиречья. Москва-Ленинград: АН СССР. 323 с.

kkҚазақ тілі