Ахметов Е. М., Нысанбаева Г. Н., Сартбаев Ж.Т., Жумаров М.М, Нурумов Д.Х., Ашимов А.А., Бакашев А.С.

¹«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», Қыдырбаев көшесі, 4, Шонжы ауылы, 041800, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақстан

E-mail: nept61@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада Шарын мемлекеттік ұлттық паркі территориясын мекен ететін қарақұйрық (Gazella subgutturosa) жайлы мәліметтер беріліп отыр. Бұрын қарақұйрық аңшылық нысаны болып табылған. ХХ ғасырдың ортасында республика аумағын өнеркәсіпке пайдалану, қарақұйрықтың мекен ету аймағының күрт қысқаруына әкеліп соқты, соның салдарынан жануарлар саны едәуір азайды. Нәтижесінде Қазақстанда қарақұйрыққа аңшылық етуге 1951 жылдан бастап тиым салынды және сирек кездесетін түр ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілді. 2006 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі қарақұйрықтарға жүргізілген санақ жұмыстары жөніндегі мәліметтерге сәйкес, парктегі қарақұйрықтың саны бүгінгі таңда 50%-дан жоғары көтерілгені көрсетіліп отыр.

Кілт сөздер: Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, қарақұйрық, Gazella subgutturosa, 3-ші санат, таралу аймағы, саны қысқарып келе жатқан түр, Қазақстан Қызыл кітабы.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жұптұяқтылар отрядының (Artiodactyla) өкілдерінің көпшілігі сымбатты, әсем жануарларлар. Жұптұяқтылардың көптеген түрлерінде маңдай сүйегінен өскен мүйіздері бар. Олар кейбіреулерінде жылма-жыл түсіп тұрса, екіншілерінде өмір бойы сақталады. Соның ішінде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тұлғасы өте сымбатты, дене мөлшерінің ұзындығы 93-116 см, шоқтығының биіктігі 60-75 см келген ашатұяқты жануар – қарақұйрық мекен етеді (Млекопитающие СССР, 1970).


Қарақұйрық — шөл және шөлейт аймақтардың өкілі. Соңғы уақытқа дейін қарақұйрық Азияның барлық шөл және шөлейт аймақтарында мекендеген және аңшылық кәсіпшілігінің түрі болып табылған. Оның еті жоғары дәмді сапасымен ерекшеленеді, ал терісін сырт және аяқ киім дайындауға пайдаланған, сонымен қатар терісінен өте жұмсақ әрі мықты жұмсақ теріні өңдеген. Мыңдаған жылдар бойы қарақұйрық шөлдің аңшылық нысаны болып келген және адамға заманауи техника көмекке келгенше оның саны азаймаған. Қарақұйрық зерттеушілердің назарын көптен бері аударып отыр, бірақ оларға бақылау жұмыстарын жүргізу өте қиын, оның үстіне жануарлардың саны өте аз, сондықтан экологиясы туралы арнайы жұмыстар аз. Барлық жерлерде қарақұйрықтың санының азайғаны жан–жақты зерттеуді қиындатып және көп жағдайларда зерттеу жұмыстарына мүмкіншілік бермей отыр. Соңғы уақытта жарияланған материалдар бұл жануардың тек бас санын және тіршілігінің кейбір жағын ғана сипаттайды. Сонымен қатар, қарақұйрық Орта Азия, Қазақстанның аңшылық кәсіпшілігінің түрі болғандықтан ғылыми және шаруашылық тұрғысынан қызығушылық тудыруда (Маңызды биологиялық түрлер атласы, 2006; Мелдебеков, Бекенов, 2008). Қарақұйрық (Gazella subgutturosa Güldenstädt, 1780) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзындығы 93-116 см, шоқтығының биіктігі 60-75 см, салмағы 18-33 кг. Аталықтарының лира тәрізді қара түсті мүйіздері бар, ұзындығы шамамен 30 см. Аналықтары мүйізсіз (Соколов, 1984).

Әдебиеттер:

Алматы облысының Қызыл кітабы. Жануарлар. – Алматы, 2006. – 490 б.

Красная книга Казахстана / Жевнеров, Бекенов, 1983; Деревягин, 1947; Слудский, 1977/. – 266- 267 с.

Маңызды биологиялық түрлер атласы. – Астана, 2006. – 125 б.

Мелдебеков А.М., Бекенов А.Б. Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлары. – Алматы, 2008. – 61 б.

Методы учета основных охотничье-промысловых и редких видов животных Казахстана. – Алматы, 2003. – 203 с.

Млекопитающие СССР / Отв. редактор проф.Формозов А.Н. – 2-е, исправленное. – М.: Мысль, 1970. – С. 221-223. – 437 с.

Соколов В. Е. Пятиязычный словарь названий животных. Млекопитающие. Латинский, русский, английский, немецкий, французский. / под общей редакцией акад. В.Е. Соколова. – М.: Рус. яз., 1984. – С. 132.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 10 жылдығына арналған «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және шектес аумақтардағы биоәртүрліліктің қазіргі жағдайы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, Алматы, 2014. – 36-37 б.

kkҚазақ тілі