DOI: https://doi.org/10.54944/kzbes177lv11

ӘОЖ: 636.5:614.31

Шамеева У.Г., Джанабекова Г.К., Жылкышыбаева М.М., Ережепова М.Ш., Өтебаев Ж.М.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай даңғылы, 8, Алматы, 050010, Қазақстан

E-mail: dakonia_23@mail.ru

Тұжырым:

Қара африкалық түйеқұстың жұмыртқалау циклі әдетте 240 күнге дейін созылады. Олардың динамикалық тұрғыдан әр мезгілде өзгеріске ұшырап отырады. Оған әр түрлі факторлар әсер етеді. Яғни азықтандыру, өсіріп-бағу, ұстау ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Азықтандыру кезінде түйеқұсқа арналған азықтық қоспа ұсыныла отырып, оларды үш топқа жіктеп, әр топқа мөлшерлеп қоспа берілді. Зерттеу жұмысы барысында азықтық қоспаның түйеқұстың жұмыртқалау динамикасы мен инкубациялық көрсеткіштері әсері анықталды. Нәтижесінде азықтық қоспамен азықтандырылған түйеқұстың жұмыртқалау динамикасы 23-ке артты. Ал, инкубациялық көрсеткіші 60 %-ды құрады.

Кілт сөздер: түйеқұс, инкубация, жұмыртқалау динамикасы, азықтық қоспа.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Түйеқұстарды комерциялық тұрғыдан өсіріп-бағу кезінде, қоректік заттардың құрамындағы минералды заттардың тапшылығы жиі кездеседі, себебі азықтық рационының дұрыс жасалмауы, жем-шөп қоспаларының және сақтау шарттары бұзылуы әсер етеді. Бұл кемшіліктер құстың өсу жылдамдығының төмендеуіне, аяқ сүйектерінің деформациясына, зат алмасу үдерісінен туындаған ауруларына және балапандардың өліміне әкеліп соқтырады (Tullio, 1998). Әлемдік тәжірибеде түйеқұс шаруашылығының өнімдері: ет, жұмыртқа және т.б сапасын жақсарту үшін, өнеркәсіптік жем өндіру негізінде әр түрлі азықтық қоспаларды пайдаланады (Aganga and others, 2000). Түйеқұстардың ас қорыту жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері мен тұқымдық қажеттіліктерін ескере отырып, аймақтық табиғи минералдар негізінде азық қоспаларын пайдалану маңызды болып саналды (Bovera and others, 2006).

Әдебиеттер:

Шамеева У.Г., Джанабекова Г.К., Жумагельдиев А.А., Хусаинов Д.М., Алиханов К.Д. Влияние кормовой добавки на дәруменно-минеральный состав мяса африканского страуса в условиях юго-востока казахстана. – Материалы Ізденістер, Нәтижелер, № 2(78). – Алматы, 2018. – С.169-172

Aganga, A. O., AgangaA. A., Modisa L. G. and S. N. Dube. Ostrich inspection and nutrition. Botswana government printers. Gaborone. 2000.

Bovera, F., Morra, F., Di Meo, C., Nizza, A., Use of in vitro gas production technique to study feed digestibility in domesticated ostriches (Struthio camelus var. domesticus). Proc. of XII European Poultry Science, Verona, Italy, 2006. 10-14 Sept.

Deeming D. C., Angel C. R. Introduction to the ratites and farming operations around the world// Proceedings of an International Conference: Improving our Understanding of Ratites in a Farming Environment.- Oxfordshire, UK.- 1996. – 7 p.

Gillespie J., Taylor G., Schupp A., Wirth F. Opinions of professional buyers toward a new, alternative red meat: ostrich. // Agribusiness, 1998. – Vol. 14, No. 3. – P. 247-256.

Gonzalez-Trejos V. Learning More About Ostriches. Misset World Poultry, 1994. – Volume 10. – № 8. – P. 15-17.

Tullio D. Lo struzzo, malato molto esigente. Revta Avicoltura 1998. – No. 12. – Р.23-26.

kkҚазақ тілі