DOI: https://doi.org/10.54944/kzbiq989vn28

ӘОЖ: 595.7 (754): 398

¹Тұрғамбаев Д. Ғ., ¹Aхметов Х.А., ¹Алимкулов М. М., ²Грачев А.А., ¹Арынов Б.Б.

¹«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі, Ұлтарақов көшесі, 38, Саты ауылы, 041422, Кеген ауданы, Алматы облысы, Қазақстан

E-mail: kolsai-2016@mail.ru

²ҚР Зоология институты, әл-Фараби, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: aleksey.al.grachev@gmail.com

Тұжырым:

Мақалада 2011-2020 жылдар арасындағы жүргізілген бір мезеттік аң санақ қорытындылары беріліп отыр. Санақ жұмыстары 2011 жылдан бастап, 13 маршрут бойынша Зоология институтының мамандарымен бірлесе отырып, бір мезеттік аң санағы жүргізіле бастады. Еліктер санағы Қазақстандағы негізгі аңшылық-кәсіптік және сирек кездесетін жануарлар түрлерін есепке алу әдістерімен жүргізілді. Санақ жұмыстары көктем және күз айларында жүргізілді. Бұл мақалада 2020 жылы жүргізілген 13 маршрут бойынша есептелінген еліктің жыныстық құрамы, сандары және тіршілік ететін мекендері берілген. Жалпы қазіргі таңда «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркіндегі еліктердің саны 350-500-дің арасында болып табылады. Еліктің сандарының осындай ауытқулары парк инспекторларының бақылаулары бойынша ауа райының кейбір жылдары қолайсыздығы және қар мөлшерінің көп түсумен байланысты, еліктің ұлттық парк аумағынан тысқары қоныс аударылумен байланыстырылады, сонымен қатар қасқырдың және т.б. жыртыштардың көбеюі де әсер етеді. Бұл көрсеткішті 2011-2020 жылдар аралығында жүргізілген аң санақ қорытындысынан байқауға болады.

Кілт сөздер: Елік, қасқыр, Күнгей Алатау, қоныс аудару, санақ, ұлттық парк.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Күнгей Алатауында, С.Огневтің (1940) мәліметі бойынша біршама еліктердің топтары Таушелек, Жалаңаш орманды алқаптарында және Күрметі сайында көптеп кездескен. Біздің бақылауларымызда Шелек өзенінің аңғарларында және де басқа сайларда үнемі кездесіп отырды. 1973 жылы Талды сайында күндізгі экспедициядя 7-10 дараққа дейін, ал күн сайын бірлі-екілі бастары жолығып отырған. 2012 жылғы ақпан айындағы зерттеулерде Құдырғы — Кіші Өрікті ұзындығы 15 шақырымда 7 дарақ, Қарасай аңғарында ұзындығы 10 шақырым бағытта 9 елік кездесті.

Әдебиеттер:

Антипин В.М. Млекопитающие Казахстана. Копытные. – Алма-Ата, 1941. Том 1. – 107 с.

Грачев А.А., Грачев Ю., Ахметов Х.А.,Сапарбаев С.К // Млекопитающие ГНПП «Көлсай көлдері» Саты- 2017. – С. 84-87.

Огнев С.И. Млекопитающие Центрального Тянь-Шаня (Заилийский и Кунгей Алатау). – М., 1940. – 86 с.

Федосенко А.К., Жиряков В.А., Грачев Ю.А. Материалы по экологии и поведению волка в Северном Тянь-Шане и Джунгарском Алатау // Бюлл. МОИП, отд. биол. 1978. Вып. 3. – С. 5-18.

kkҚазақ тілі