¹Мұхамадиев Н.С., ²Есенбекова П.А., ¹Меңдібаева Г.Ж.

¹Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты, Култөбе көшесі, 1, мкр. Рахат, Наурызбай ауданы, 050070, Алматы, Казахстан

E-mails: nurzhan-80@mail.ru; www.gulnaz87.kz@mail.ru

²ҚР Зоология институты, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

Тұжырым:

Мақалада Қазақстан жеріне енген аса қауіпті испан шырышты ұлуы жайлы мәліметтер беріліп отыр. «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі территориясынан алғаш рет испан шырышты ұлуын (Arion vulgaris) 2020 жылдың шілде айының басында кездестірдік. Шырышты ұлулар таудың төменгі беткейіндегі ылғалды жерлерде басым кездесті. Кірме түрлер басқа жергілікті жануарларды ығыстырып, солардың орнын жайлайды. Бұл түрлер табиғи жағдайда жергілікті ұлуларға қауіп тудырады. Сондықтан биологиялық препараттарды испан ұлуына (Arion vulgaris) қарсы сынау үшін 10 м2 алаңда тәжірибелер жүргізілді. Жүргізілген өндірістік сынақ нәтижесі бойынша өңдеу жүргізілмеген бақылау нұсқасымен салыстырғанымызда Битоксибациллин (Bacillus thuringiensis var.) биологиялық препараты 7 күні — 74,9 және 7 күні — 87,4 биологиялық тиімділікті көрсетті. Ал биологиялық препарат Актарофит өңдеуден кейінгі 1 күні жүргізілген есеп бойынша 100 пайыз испан шырышының жойылуын қамтамасыз етіп, жоғары биологиялық тиімділікті көрсетті. Бүгінде елімізде шет ел мемлекеттерімен тауар айналымы жыл сайын артуына байланысты кірме зиянкестердің сан алуан түрлерінің таралуына мүмкіндік тууда. Сондықтан аталған мәселелерді болдырмай, алдағы уақытта жүргізілген мониторинг жұмыстары жалғасын тауып, испан ұлуына қарсы күресу шараларын жетілдіруді қажет етеді.

Кілт сөздер: Испан шырышты ұлуы (Arion vulgaris), кірме түр, зиянкес, Медеу мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, биологиялық препараттар, мониторинг, күрес шаралары.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, испан шырышты ұлуы Еуропаны тез қоныстанып, тез жылдамдықпен көптеген территорияларды жаулап алды (Hatteland and others, 2013; Gismervik and others, 2015; Rabitsch, 2006; Гураль-Сверлова, Гураль, 2011а, б, в). Испан шырышты ұлуының (Arion vulgaris Moquin-Tandon, 1855) Еуропада таралуының хронологиясы: Ұлыбритания: 1954, Линкольншир және Норфолк — 2012; Франция (бастапқы таралу аймағынан шығуы): 1955; Швейцария: 1956; Италия: 1965; Болгария: 1966; Германия: 1969; Австрия: 1971; Бельгия: 1973; Польша: 1996; Швеция: 1985; Норвегия: 1988 [1]; Финляндия: 1990; Чехия: 1991; Дания: 2000; Словакия: 1992; Фарер аралдары: 1996; Эстония: 2008; Венгрия: 2000; Хорватия: 1996; Сербия: 2002; Исландия: 2003; Украина: 2007; Румыния: 2012; Ресей: 2020.

Испан шырышты ұлуы жануарлар түрлерінің Еуропа үшін ең қауіпті инвазиялық түрлерінің тізіміне енгізілген (басқа тіршілік ету орталарынан әкелінген).

Жыл сайын испан шырышты ұлуының шабуылдары туралы хабарламалар көбірек пайда бола бастады. Сөйтіп, міне, бізге де келіп жетті. 2020 жылдың 2 шілдесінде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ территориясынан алғаш рет испан шырышты ұлуының (Arion vulgaris) 2-3 дарасын кездестірдік. 17 тамыз 2020 ж. осы территорияларды қайта зерттеу барысында бұл шырышты ұлудың санының көбейгенін байқадық (сурет 1). Шырышты ұлу таудың етегінде ылғалдылығы басым жерлерде көптеп, бір шаршы метрде 6-7 дарадан, сонымен қатар дернәсілдері де кездесті (сурет 1). Биіктік жоғарылаған сайын саны азайып, жоғарғы белдеуде кездеспеді.


Әдебиеттер:

Гураль-Сверлова Н.В., Гураль Р.И. Arion lusitanicus (Gastropoda, Pulmonata) на западе Украины // Вестник зоологии. – 2011. – Т. 45, № 2. – С. 173-177.

Гураль-Сверлова Н.В., Гураль Р.І. Поява іспанського слизняка Arion lusitanicus (Gastropoda, Pulmonata, Arionidae) у Львові, її можливі екологічні та економічні наслідки // Наук. зап. Держ. природозн. музею. – Львів, 2011. – Вип. 27. – С. 71-80.


Гураль-Сверлова, Гураль Р.И. Морфологические, анатомические и поведенческие особенности слизней из комплекса Arion lusitanicus s.l. (Arionidae) на западе Украины // Ruthenica. – 2011. – Т. 21, № 2. – С. 97-111.


Gismervik K., Aspholm M., Rørvik L. M., Bruheim T., Andersen A., Skaar I. 2015. Invading slugs (Arion vulgaris) can be vectors for Listeria monocytogenes. J. Appl. Microbiol. 118: 809–816. https://doi. org/10.1111/ jam.12750


Hatteland B. A., Roth S., Andersen A., Kaasa K., Støa B., Solhøy T. 2013. Distribution and spread of the invasive slug Arion vulgaris Moquin-Tandon in Norway. Fauna norvegica 32: 13–26.


RabitschW. 2006. DAISIE – Arion vulgaris (Moquin-Tandon, 1855) Fact Sheet. Online Database of Delivering Alien Invasive Species Inventories for Europe. http://www.europe-aliens.org

kkҚазақ тілі