DOI: https://doi.org/10.54944/kzbko337pu91

ӘОЖ: 595.7 (754): 398

Назымбетова Г.Ш., Таранов Б.Т., Балатаев А.О., Абдекеримов Ж.Д.

ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты», әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: g.nazymbetova@mail.ru

Тұжырым:

Жұмыс Қазақстанның аз зерттелген территориясы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы қарыстаушы көбелектер (Lepidoptera: Geometridae) фаунасын зерттеуге арналған. Үстірт мемлекеттік қорығы Маңғыстау облысы (Оңтүстік-Батыс Қазақстан) Қарақия ауданы аумағында Үстірт қыратының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Жұмысқа авторлардың жеке жинақтары, сондай-ақ Ресей ғылым академиясының зоологиялық институтының, Бавария мемлекеттік зоологиялық коллекцияларының (Германия) коллекциялық материалдары негіз болды. Жұмыс барысында көбелектің 32 түрі жиналды. Қорықтағы қарыстаушы көбелектердің (Lepidoptera: Geometridae) түр құрамы мен ареологиялық құрылымына талдау жасалды.  

Кілт сөздер: Үстірт, қорық, Lepidoptera, Geometridae.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Үстірт қорығы – Қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық, шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу мақсатында 1984 жылы ұйымдастырылған. Үстірт қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары және Қарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан, 223, 342 гектар аумақты алып жатыр.

Қорықтағы ландшафттар алуан түрлі: шексіз далалар мен көптеген ойыстары бар шөлдер, мұнда әлі күнге дейін көне тартылған өзендердің арналарын байқауға болады. Қорықтың оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысқа қарай үлкен ойпат Кендірлісор созылып жатыр. Ойпаттың түбі теңіз деңгейінен төмен жатыр.

Қорықтың флорасы соншалықты бай емес, өйткені Үстірт негізінен шөлді. Мұнда жартылай бұталар – жусанның, биюргунның, сарсазанның алуан түрлері жиі кездеседі. Ағаш түрлерінің ішінен мұнда тек қара сексеуіл ғана шағын және сирек шашыраңқы тоғайлар түрінде өседі, Мұндай аумаққа типтік өсімдіктер сұр жусан, қауырсын шөп, боялыч, сорқаңбақ, және т.б. сондай-ақ қорық аумағында сирек кездесетін өсімдіктер түрі – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хива сораңы, майда қатыран, берік сүттіген, тұранға тоғайлары өседі.

Geometridae тұқымдасының көбелектері қабыршаққанаттылар отрядының ең көп таралған тұқымдасының бірі. Түрлердің байлығы бойынша, қарыстаушылар екінші. Әлемдік фаунада 23 000 астам сипатталған түрлері белгілі (Scoble және Hausmann 2007). 

Қазіргі уақытқа дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы қарыстаушылар жүйелі және мақсатты түрде зерттелмеген. Әдебиеттерде зерттелген аймақтың қарыстаушыларын зерттеуге арналған мақалалар жоқ. Hausmann (2001,2004) және П.Ю.Горбуновтың (2011) жұмысында зерттелген аймақты мекендейтін кейбір түрлер туралы мәліметтер бар, осы уақытқа дейін қарыстаушылар фаунасы іс жүзінде зерттелмеген.

Бұл мақаланың мақсаты Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы территориясында қарыстаушылардың фаунасы туралы білімнің олқылығын толтыру.


Әдебиеттер:


Горбунов П.Ю2011. Высшие чешуекрылые (Macrolepidoptera) пустынь и южных степей Западного Казахстана. Екатеринбург. С. 23-46. 

Ламперт К. 1913. Атлас бабочек и гусениц Европы и отчасти Русско-Азиатских владений. Санкт-Петербург. 486 с.

Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных Москва: Высшая школа. 424 с.

Hausmann A. 2001.The Geometrid Moths of Europe. Vol. 1. Introduction, Archiearinae, Orthostixinae, Desmobathrinae, Alsophilinae, Geometrinae. Stenstrup: Apollo Books. 282 p.

Hausmann A. 2004. The Geometrid Moths of Europe. Vol. 2. Sterrhinae. Stenstrup: Apollo Books. 600 p

Mikkola, K., Jalas, I. & Peltonen, O. 1989. Suomen perhoset, mittarit 2. [Lepidoptera of Finland, Geometridae 2, in Finnish]. Hangon Kirjapaino, Hanko. 280 p.

Mironov V. 2003. Larentiinae II (Perizomini and Eupitheciini). / Eds. Hausmann A. The Geometrid Moths of Europe, Vol. 4. Stenstrup: Apollo Books. 463 p.

Scoble, M. J. and Hausmann, A. 2007. Online list of valid and available names of the Geometridae of the World, http://www.lepbarcoding. org/geometridae/species_ checklists. php Page visited 19.03.2015.

Segerer, A.H., Hausmann A. 2011. Die Großschmetterlinge Deutschlands. The Macrolepidoptera of Germany. – Budapest: Heterocera Press. 308 pp.

kkҚазақ тілі