Абилов Ф. Б., Джуманов С. Д.

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Абай көшесі, 34, Жабағлы ауылы, Түлкібас ауданы, 161310, Түркістан облысы, Қазақстан

E-mail: samat.reserve@mail

Аңдатпа:

Мақалада Ақсу-Жабағылы қорығында маралды жерсіңдірген күннен бастап туршілік сипаттамасы берілген. Олардың биологиялық ерекшеліктері мен жылдар бойы (2003 бастап 2019 ж. дейінгі) динамикасы мен (2013-2017 жж.) маусымдық санақ бойынша сандары туралы инспекторлар мен ғылыми қызметкерлердің бақылаулары келтірілген. Талас Алатауында жер атауларына және таңбалы тастардығы сүреттерге қарағанда, маралдар бұл жерлерде ежегі заманда мекендегені туралы тұжырым жасалып отыр.

Кілт сөздер: Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, марал, биологиясы, динамикасы, таралуы, қазіргі жағдайы.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Марал (лат. Cervus elaphus Severtzov) — қорықтың аршалы ормандар мен бұталар арасында мекен етеді. Маралдар күндіз қалың арша ағашы мен ұшқат бұталы ағаштар арасындағы жатақтарында жасырынып жатып демалып, кеш батысымен ашық, жазық жерлерде түнделетіп жайылады. Маралдар мүйіздерін тастау мерзімі наурыз айының соңғы он күндігінен сәуір айының басында өтеді. Олардың түлеу мерзімі көктемде наурыз айының соңымен сәуір айы аралығында болса, күзгі түлеуі тамыз айында өтеді.


Сурет 1— Қасқабұлақ шыны. т.д. 3041м Тасқа түскен марал таңбасы.

Маралдардың күйектену маусымы тамыз айының соңынан басталып, қыркүйек айында өтеді. Олардың төлдеу уақыты маусым айында болады. Қазіргі таңда кәсіпшілік бағалы нысаны болып табылады.

Аталығының мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін. Бірнеше географиялық түрлері бар (үзбара, марал, вапити және т.б.). Буаздығы 238-245 тәулікке созылады. Бірқатар жерде жойылған. ТМД-да аулауға шектеу койылған. Маралдарды бұғы өсіру шаруашылықтарында көбейтеді. 8 түрі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген.

Марал — Ақсу-Жабағылы қорығындағы ашатұяқтылар ішіндегі ең әдемі бірақ, саны жағынан дарағы аз, жоғалып кету қауіпі бар жануар. Жылдар бойы табиғат жылнамасындағы маралдың дара санының өсу динамикасы тұрақты емес.

Қорық құрылғанға дейін марал қорық териториясында мекен еткен бе деген сұрақ туындайды. Баяғы заманнан кейбір аймақтар «Маралсай», «Бұғылытөр» және «Марал кешу» атауларымен аталған. Жабағылы өзен бойындағы Бойдақсай 2167 м т.д және Қасқабұлақ шыңындағы 3041м т.д. тасқа түскен марал таңбалары (петроглифтер) тұрақты мекен етуші жануар екендігіне дәлел. Маралдың мекен ету ортасы, таралу аймағы Жабағылы өзен бойымен – Жабағылытау, Сарқырама, Маралсай, Шошқасай және Қасқабұлақ аңғары; Кіші Ақсу өзені — Жусалы аңғары; Үлкен Ақсу — Жандаралысай аңғары. Сонымен қатар, Ақсу құз шатқалындағы Таяқсалды — Маралкешу. Бұл аталған аймақтардың ара қашықтығы алшақ орналасқан.

Әдебиеттер:

Абилов Ф.Б. Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы 2017-2019 жыл.

Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы 1947-1950 жж.

Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы 1960 жыл.

Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы 1955 жыл.

Қаспақов Е. Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы 2013-2016 жыл.

Полусухин Р.В. Марал санағы 1958 ж. Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы.

Шевченко В.В. Ақсу-Жабағылы қорығының Табиғат жылнамасы 1958 жыл.

kkҚазақ тілі