¹ Есенбекова П.А., ² Сапаралы А.

¹ ҚР БҒМ ҒК Зоология инситуты, әл Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

² Сайрам-Өгем МҰТП, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24/1, Түркістан облысы, 160000, Қазақстан

E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz

Тұжырым:

Мақала авторлардың 2021 жылы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен жинаған жартылай қаттықанаттылары жайлы мәліметтерін жариялап отыр. Жартылай қаттықанаттылар – әртүрлі биотоптарды мекендейтін және биогеоценоздардағы биологиялық процестерде маңызды рөл атқаратын насекомдардың ерекше отрядтарының бірі. Жартылай қаттықанаттылардың арасында зоофагтар, зоофитофагтар бар, дегенмен фитофагтар басым кездеседі, олардың саны шектен тыс көбейген кезде, орман және ауылшаруашылық дақылдарына айтарлықтай зиян келтіреді. Ал зоофагтар зиянкес насекомдардың санын биологиялық жолмен реттеп, көп пайда келтіреді. 2021 жылы зерттеу жұмыстары Сайрамсу шатқалында жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жартылай қаттықанаттылардың 7 тұқымдасының 30 түрі анықталды. Олардың ішінде түр әртүрлілігімен ерекшеленетін тұқымдастар Pentatomidae – 12 түр (40%), Miridae – 6 түр (20%), Lygaeidae және Rhopalidae 3 түрден (10%), қалған 3 тұқымдастан 2 түрден ғана белгілі. Сайрам-Өгем МҰТП жартылай қаттықанаттылардың тіршілік ету орталарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: дендробионттар (3 түр), дендро-тамнобионттар (1 түр), хортобионттар (21 түр), герпетобионттар (2 түр), герпето-хортобионттар (1 түр), эпигебионттар (1 түр), эврихортобионттар (2 түр). Сайрам-Өгем МҰТП жартылай қаттықанаттыларының фаунасында мезофильді түрлер (20 түр) басым, яғни олардың 70%, мезоксерофилдер (10 түр, 30%). Түрлердің бұл арақатынасы жартылай қаттықанаттылардың мезофильді фаунаның Сайрам-Өгем МҰТП фаунасына қатты әсер ететіндігін көрсетеді. Қоректенуіне байланысты олардың арасында өсімдікқоректілер (27 түр, 90%): полифагтар – 18 түр (60%), кең олигофагтар – 9 түр (30%) және аралас қоректі түрлер (3 түр, 10%) бар, олар өсімдіктер және жануарлармен қоректенеді. Жылына беретін ұрпақтар саны бойынша Сайрам-Өгем МҰТП-ның жартылай қаттықанаттылары бірнеше топқа бөлінеді: 1) моновольтинді (16 түрі), 2) бивольтинді (10 түрі), 3) жылына 2-3 рет ұрпақ беретін түрлер (3 түрі), 5) поливольтинді (1 түрі). Жартылай қаттықанаттылар әртүрлі даму сатысында қыстайды. Көптеген түрлерде қысқы диапауза ересектер сатысында жүреді (26 түрі, 87%), бірақ жұмыртқа сатысында аз түрлер қыстайды (4 түрі, (13%).

Кілт сөздер: Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сайрамсу шатқалы, жартылай қаттықанаттылар.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жартылай қаттықанаттылар – әртүрлі биотоптарды мекендейтін және биогеоценоздардағы биологиялық процестерде маңызды рөл атқаратын насекомдардың ерекше отрядтарының бірі. Қандалалар арасында жыртқыш немесе араласқоректі көптеген түрлер бар, бірақ шөптесінқоректі түрлер басым; олар мезгіл-мезгіл жаппай көбейіп, ауылшаруашылық дақылдарына (астық, жемшөп, көкөніс, жеміс), сондай-ақ жайылымдар мен ормандарға айтарлықтай зиян келтіреді. Кейбір жартылай қаттықанаттылар жыртқыш болғандықтан, ауылшаруашылық дақылдары мен орман зиянкестерінің санын реттеп, көп пайда келтіреді.

Қазақстанда жартылай қаттықанаттылардың шаруашылық маңыздылығына қарамастан, олардың түр құрамы, биологиясы, экологиясы, табиғи таралу аймақтары бойынша бөлінуі және республиканың жекелеген физикалық-географиялық аймақтарындағы шаруашылық маңызы жеткілікті зерттелмеген, сондықтан бұл зерттеу өзекті болып табылады.


Осы жұмыстың мақсаты Сайрам-Өгем МҰТП жартылай қаттықанаттылар фаунасын, олардың биологиясын, экологиялық және зоогеографиялық таралуы мен шаруашылық маңызын анықтау болып табылады.

Әдебиеттер:

Kerzhner I.M. 2003. Notes on synonymy, nomenclature, and distribution of some Palaearctic Coreoidea and Pentatomoidea (Heteroptera). Zoosyst. Ros. St. Petersburg. Vol. 12 (1). P. 101-107.

Moulet P. 1995. Hemipteres Coreoidae, Pyrrhocoridae et Stenocephalidae Euro-Mediterraneens. Federation Franciaise des societies de sciences naturalles. Paris. T. 81. 336 p.

Асанова Р.Б. 1962. Настоящие полужесткокрылые (Hemiptera – Heteroptera) Центрального Казахстана. Мат-лы 1 научн. конф. молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата. С. 276-277.

Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сб.: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: «Наука» КазССР. С. 121-135.

Асанова Р.Б. 1986. Полужесткокрылые (Heteroptera) Восточного Казахстана. (Деп. ВИНИТИ No7506-В86). Алма-Ата. 15 с.

Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1976. К изучению вредных и полезных полужесткокрылых (Heteroptera) Северного Казахстана. «Вестник с.-х. науки Казахстана». Алма-Ата. Вып. 5. С. 43-46.

Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Изд-во «Кайнар». Алма-Ата. 204 с.

Асанова Р.Б., Чилдибаев Д.Б. 1976. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Южного и Западного Казахстана. Вестн. с.-х. науки Казахстана. Алма-Ата. Вып. 5. С. 43-46.

Гидаятов Д.А. 1982. Полужесткокрылые группы пентатомоморфа Азербайджана. Изд-во Элм. Баку, 1982. 160 с.

Йосифов М. 1981. Heteroptera, Pentatomoidea. Фауна на България. София. Изд. Бълг.АН. Т. 12. 205 с.

Каменкова К.В. 1958. Биология и экология ягодного клопа Dolycoris baccarum дополнительного хозяина яйцеедов черепашки в Краснодарском крае. Энтомол. обозр. Ленинград. Том XXXVII. Вып. 3. С. 563-579.

Кержнер И.М. 1964. Новые и малоизвестные полужесткокрылые (Heteroptera) из Казахстана и других районов СССР. Тр. Зоол. инст-та АН СССР. Новые виды насекомых фауны Казахстана. Ленинград. Т. 34. С. 113-130.

Кириченко А.Н. 1951. Настоящие полужесткокрылые (Heteroptera) европейской части СССР. Москва – Ленинград. Изд-во АН СССР. 423 с.

Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Изд-во АН СССР. Москва – Ленинград. 124 с.

Кулик С.А. 1978. Методы сбора и изучения полужесткокрылых насекомых (Heteroptera), обитающих на деревьях, кустарниках и травянистых растениях Сибири. Насекомые Восточной Сибири и Дальнего Востока. Иркутск. С. 7-19.

Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.

Петрова В.П. 1975. Щитники Западной Сибири (Hemiptera, Pentatomidae). Новосибирск. 236 с.

Пучков В.Г. 1961. Щитники. Фауна Украіни. Вид. АН УРСР. Киів. Т. 21. Вип. 1. 339 с.

Пучков В.Г. 1962. Крайовики. Фауна Украіни. Вид. АН УРСР. Киів. Т. 21. Вип. 2. 163 с.

Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea). Фрунзе. Илим. 329 с.

Пучков В.Г. 1969. Лiгеïди. Фауна Украïни. Киев. Т. 21, вып. 3. 388 с.

Пучков В.Г. 1974. Беритиди, червоноклопи, піезматиди, підкорники і тингіди. Фауна Украіни. Кіев. Т.21. Вип. 4. 332 с.

Пучков В.Г. 1986. Полужесткокрылые семейства Rhopalidae (Heteroptera) фауны СССР. Ленинград: Наука, 132 с.

Сливкина К.А. 1958. Вредители деревьев и кустарников лесных насажденийв степных и лесостепных районах северных районов Казахстана. Труды КазИЗР. Т. 4. С. 160-171.

Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. ВШ. Москва. 424 с.

kkҚазақ тілі