DOI: https://doi.org/10.54944/kzbat384hl35

ӘОЖ: 32.7/.937.12:633.936

Мұхамадиев Н.С., Меңдібаева Г.Ж., Дәулеткелді Е.

«Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты» ЖШС, Култөбе көшесі, 1, мкр. Рахат, Наурызбай ауданы, 050070, Алматы қаласы, Қазақстан

E-mail: nurzhan-80@mail.ru; www.gulnaz87.kz@mail.ru

Тұжырым:

Кәдімгі емен Quércus rоbur – шамшаттар Fagaceae тұқымдасына жататын емен түрі Quercus, биіктігі 30-40 м жететін, орманның оңтүстігінде және орманды-дала аймақтарында кең жапырақты ормандарды (емен ормандары) құрайтын үлкен ағаш. Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.

Қазіргі уақытта антропогендік әрекеттің нәтижесі күн сайын ондаған мың жануарлар (жәндіктер) мен өсімдік ағзаларына әсер етеді. Сонымен қатар, олардың көпшілігі өте ауыр экологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдарға әкеледі. Мәселен, соңғы жылдары Қазақстандағы орманды және қалалық жасыл желектерде зиянкес-бунақденелілердің инвазиялық түрлерінің таралуының өршуі байқалады, олардың биологиялық-экологиялық ерекшеліктері жеткілікті зерттелмеген. Соңғы жылдары Алматы және оның маңындағы аймақтарда өзекті мәселе – ағаштардың жаппай зақымдануы туындады. Еменнің үңгі егегіштерімен (Profenusa pygmaea) зақымдануының ең көп ошақтары қалада да, облыста да байқалды. Еменнің үңгі егегіштерінің (Profenusa pygmaea) жаппай көбеюі Алматы қалаларының саябақ және көше екпелерінде 2018 жылдан бастап байқалды. Бұл тауар айналымының өсуіне, шекарадан өтетін адамдар, жүктер мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты. Көбінесе инвазивті түрлердің енуі ірі көлік тораптары мен қалалар арқылы жүреді және зиянкес-бунақденелілердің резервтік орындарының бір түріне айналады. Алматы облысы мен Алматы қаласының жасыл екпелерінде инвазивті зиянкес еменнің үңгі егегіштерімен (Profenusa pygmaea) зақымдануы байқалады, онда еменнің зақымдануы (Quercus robur), жас екпелер де, ересек ағаштар да, зақымдану дәрежесі жапырақтар тәжінің 75- 85% шегінде ауытқиды. Бұл мақалада емен ағашының орманпотологиялық жағдайы және еменнің үңгі егегіштерінің (Profenusa pygmaea) дамуы, жүргізіліп жатқан қорғау шараларының биологиялық тиімділігі бағаланады.

Кілт сөздер: жасыл желек, еменнің үңгі егегіші, фенокалендарь, имаго, дернәсіл, қуыршақ, биологиялық препарат.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Филлофагтардың жасырын топтарының өкілдері қалалық және орман алқаптарына үлкен зиян келтіреді. Осындай топтардың бірі – үңгі егегіштер немесе егегіштер. Егегіш зиянкестердің биологиялық зерттеулері қазіргі орман энтомологиясының салыстырмалы түрде жас бағыты болып табылады (Баранчиков [Baranchikov] 1983; Краснобаев и др. [Krasnobaev and others] 1995). ХХ ғасырдың ортасында Солтүстік Америкада және Еуропада жүргізілген ірі энциклопедиялық жұмыстар (Добровольский [Dobrovolsky] 1969; Needham, Frost, Tothill, 1928; Faeth, 1991) кейінгі экологиялық зерттеулердің негізін қалады.

Егегіш зиянкестер жөнінде білу практикалық тұрғыдан ғана емес, эволюциялық тұрғыдан да қызықты (Исаев и др. [Isaev and others] 2001).

Жапырақты зақымдайтын егегіштердің биологиялық және экологиялық деректері бойынша, әдебиеттерде мәліметтер өте аз тіпті мүлдем жоқ. Қырғызстан аумағында егегіш зиянкестер тобы туралы жеткілікті зерттелген жоқ. Соңғы 20 жыл ішінде Бішкек пен Шу облысындағы жасыл желектердің орман патологиялық және экологиялық жағдайы нашарлады (Темиркулкызы [Temirkulkyzy] 2016).

Әдебиеттер:

Faeth S.H. 1991. Forest Insect Guilds: Patterns of interaction with Host Trees. Baranchikov at al.- U.S. Dep. Argic. For. Serv.Gen. Tech. Rep. NE-153. P.219-239. 351 p.

Needham J.G., Frost S.V., Tothill B.N. 1928. Leaf-Mining Insects. Baltimore, MD: Williams & Wilkins.

Баранчиков Ю.Н. 1983. Роль взаимоотношений растение-насекомое в динамике численности лесных вредителей. Красноярск: ИЛиД СОАН СССР. С. 48-71.

Добровольский Б. В. 1969. Фенология насекомых. Москва: Высшая школа. 232 с.

Исаев А.С., Хлеборос Р.Г., Недорезов Л.В., Кондаков Ю.П., Киселев В.В., Суховольский В.Г. 2001. Популяционная динамика лесных насекомых. Москва: Наука. 223 с.

Краснобаев Ю.П., Антропов Л.В., Любвина Т.В., Забелин С.И. 1995. Фауна беспозвоночных Жигулей. V. Отряд Hymenoptera. Самарская Лука. Бюллетень. No6. Самара. С. 123-144.

Темиркулкызы К. 2016. Биоэкологические особенности дубового минирующего пилильщика (Profenusa pygmaea, Klug, 1814) в условиях г. Бишкек. Международный научный журнал No 5-3 (18), май 2016 г. С. 3-8.

kkҚазақ тілі