DOI: https://doi.org/10.54944/kzbtz665zx80
ӘОЖ: 32.7/.937.12:633.936
¹ Нұртайқызы Д., ² Есенбекова П.А.
¹ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазыбек би, 30, Алматы, 050010, Қазақстан
E-mail: nurtaikyzy09@mail.ru
² ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» РМК, әл-Фараби, 93, Алматы, Қазақстан
E-mail: esenbekova_periz@mail.ru
Тұжырым:
Мақалада авторлар 2020-2021 жылдары Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі территориясында жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижелерін ұсынып отыр. Зерттеу жұмыстары осы табиғи парк территориясындағы қаттықанаттылар немесе қоңыздардың фаунасы, биологиясы, экологиясына арналған. Қаттықанаттылар – үлкен практикалық маңызы бар насекомдардың ең үлкен отряды. Олар Іле-Алатау МҰТП аумағында кең таралған. Қоңыздардың көптеген түрлері жыртқыштар, сонымен қатар өсімдікқоректі түрлері де басым кездеседі. Материалды жинау кезінде стандартты энтомологиялық әдістер қолданылды – энтомологиялық сүзгімен жинау, жасанды жарық көзіне жинау, қолмен жинау және т.б. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қаттықанаттылар отрядынан 10 тұқымдастың 47 түрі жиналды: Алагүлік қоңыздар (Meloidae), Бізтұмсық қоңыздар (Curculionidae), Зер қоңыздар (Buprestidae), Жапырақжегіш қоңыздар (Chrysomelidae) тұқымдастарынан (8 түрден, 17%-дан), Қараденелі қоңыздар (Tenebrionidae), Ұзынмұртшалы қоңыздар (Cerambycidae), Тақтамұртшалы қоңыздар (Scarabaeidae) тұқымдастарынан (3 түрден, 7%-дан), Қанқызы қоңыздар (Coccinellidae), Өлексежегіш қоңыздар (Silphidae), Барылдауық қоңыздар (Carabidae) тұқымдастарынан (2 түрден, 4%-дан). Бұл отряд ішінде қоректік байланысы жағынан жыртқыш қоңыздар: Coccinellidae, Carabidae тұқымдастары өкілдері, қалған 8 тұқымдас (Meloidae, Curculionidae, Buprestidae, Chrysomelidae, Tenebrionidae, Cerambycidae, Scarabaeidae, Silphidae) түрлері – өсімдікқоректілер. Қоңыздар қоректік байланысы жағынан зоофагтар (4 түр), фитофагтар (41 түр), копрофагтар (1 түр), сапрофагтар (1 түр) болып бөлінеді. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Қаттықанаттылар немесе қоңыздар тіршілік ету мекеніне байланысты хортобионттар (27), дендробионттар (17 түр), герпетобионттар (3 түр) болып бөлінеді. Парк аумағындағы қоңыздар экологиялық жағынан мезофильді түрлер болып табылады.
Кілт сөздер: Қаттықанаттылар, Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 жылы Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан. Ауданы 202 мың га. Парк территориясы жануарлар әлеміне бай, оның ішінде омыртқасыз жануарлар саны өте көп, олар әлі толық зерттелмеген, сондықтан бұл зерттеу жұмысы өзекті болып табылады. Қаттықанаттылар – үлкен практикалық маңызы бар насекомдардың ең үлкен отряды. Қоңыздар бүкіл әлемде кең таралған. Топ өкілдерінің дене мөлшері кең ауқымда өзгереді (0,-1,0 мм-ден 171 мм-ге дейін). Қоңыздарда алдыңғы қанаттары қатты хитинді. Олар толық түрленіп дамитын жәндіктерге жатады. Бұл жұмыртқадан ересек қоңызға ұқсамайтын дернәсіл пайда болады, ол дамудың соңғы сатысында алдымен қозғалмайтын қуыршаққа, содан кейін ересек дараға айналады. Қоңыздардың көптеген түрлері жыртқыштар (көпқоректі және машықтанған), сонымен қатар өсімдікқоректі (фитофагтар) түрлері де басым кездеседі (Лера [Lera] 1992).
Әдебиеттер:
Bilý S., Jendek E., Kalashian M.J., Kuban V., Volkovitsh M.G. Superfamily Buprestoidea. Catalogue of Palaearctic Coleoptera. Stenstrup: Apollo Books, 2006. Vol. 3. 506 p.
Bily Svatopluk. A revision of Anthaxia (Melanthaxia) conradti and Corsica species-group (Coleoptera, Buprestidae). Acta entomologica bohemoclovaca, vol. 81. N 6. 1984. Р. 434-447.
Christopher G. Majka & Laurent LeSage. 2009. Introduced leaf beetles of the Maritime Provinces, 8: Gastrophysa polygoni Linnaeus (Coleoptera: Chrysomelidae) (англ.) Zootaxa. – Summer Street, Halifax, Nova Scotia, Canada: Magnolia Press. Vol. 2047, N 48–62. P. 48-62. ISSN 1175-5326.
Micheli C.J. 2006. Studies on the longhorned woodboring beetles (Coleoptera: Cerambycidae) of the West Indies . Mast. of Scien. Thesis Univ. of Maryland. 175 р.
Ritcher, Paul O. 1958. Biology of Scarabaeidae (англ.) Annual Review of Entomology. Vol. III. P. 311-
Алексеев А. В. Сем. Buprestidae – Златки. Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. Т. III. Жесткокрылые, или жуки. Ч. 1 / под общ. ред. П.А. Лера. Л.: Наука, 1989. С. 463-489. 572 с. ISBN 5-02-025623-4.
Арнольди Л.В., Заславский В.А., Тер-Минасян М.Е. 1965. Сем. Curculionidae – Долгоносики. Определитель насекомых европейской части СССР: в 5-ти томах. Под ред. Г.Я. Бей-Биенко. Москва – Ленинград: Наука. Т. 2: Жесткокрылые и веерокрылые. С. 485-621.
Арнольди Л.В., Тер-Минасян М.Е., Солодовникова В.С. 1974. Семейство Curculionidae – Долгоносики. Насекомые и клещи – вредители сельскохозяйственных культур. Ленинград: Наука, Т. 2. С. 218-293.
Байтенов М.С. 1974. Жуки-долгоносики (Coleoptera: Attelabidae, Curculionidae) Средней Азии и Казахстана. Иллюстрированный определитель родов и каталог видов. Издательство “Наука” Казахской ССР. Алма-Ата. 287 с.
Бровдий В.М. 1983. Жуки-листоеды. Щитоноски и шипоноски. Фауна Украины. Т. 19. Жуки. Вып. 20. Киев.
Гурьева Е.Л. Сем. Buprestidae – Златки /В кн. Насекомые и клещи – вредители сельскохозяйственныз культур. Наука. Ленинград, 1974. Т. 2. Жесткокрылые. С. 96-112.
Загайкевич И.К. Семейство златки – Buprestidae. В кн.: Вредители сельскохозяйственных культур и лесных насаждений. Т.1. Вредные нематоды. Моллюски, членистоногие. Ред. В.П. Васильев. Урожай. Киев, 1987. С. 349-364.
Захваткин А.А. 1954. Паразиты саранчовых Приангарья. Труды Всесоюзного Энтомологического Общества. Том 44. С. 276-289.
Костин И.А. Жуки-дендрофаги Казахстана. Алма-Ата, 1973. 288 с.
Крыжановский О.Л. 1974. Семейство Meloidae – нарывники. Насекомые и клещи – вредители с/х культур. Москва: «Наука». Том 2. С. 133-139.
Крыжановский О.Л. 1974. Семейство Silphidae – Мертвоеды. Насекомые и клещи – вредители сельскохозяйственных культур. Ленинград. Т. 2. С. 15-16.
Крыжановский О.Л. Жуки подотряда Adephaga (семейства Rhysodidae, Trachypachidae, Carabidae). Фауна СССР. Жесткокрылые, т. 1, вып. 2. Л., изд-во «Наука», 1983. 341 с.
Кузин Б.С. 1953. Жуки – нарывники Казахстана. Труды Республиканской Станции Защиты Растений. Том 1. С. 72-152.
Лафер Г.Ш. 1989. Семейство Silphidae – мертвоеды и могильщики. Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. Т. 3: Жесткокрылые или жуки. Ч. 1. Ленинград. С. 329-344.
Лопатин И.К. 2010. Жуки-листоеды Центральной Азии. Минск, БГУ. 511 с.
Лопатин И.К., Куленова К.З. 1986. Жуки листоеды Казахстана. Алма-Ата: Наука. 200 с.
Лопатин И.К., Медведев Л.Н., Шапиро Л.С. 1974. Семейство Chrysomelidae – листоеды. Насекомые и клещи – вредители с/х культур. Москва: «Наука». Том 2. С. 157-196.
Медведев Г.С. 1974. Семейство Tenebrionidae (Чернотелки). – Насекомые и клещи – вредители с/х культур. Москва: «Наука». Том 2. С. 123-133.
Николаев Г.В. 1987. Пластинчатоусые жуки (Scarabaeoidea) Казахстана и Средней Азии. Алма- Ата: Наука. 232 с.
Николаев Г.В., Козьминых В.О. Жуки-мертвоеды Казахстана, России и ряда сопредельных стран. Определитель. Алматы: Қазақ университеті, 2002. 159 с.
Определитель насекомых Дальнего Востока России. 1996. Т. III. Жесткокрылые, или жуки. Ч. 3 / под общ. ред. П. А. Лера. Владивосток: Дальнаука. 556 с.
Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. 1989. Т. III. Жесткокрылые, или жуки. Ч. 1 / под общ. ред. П.А. Лера. Ленинград: Наука. 572 с. ISBN 5-02-025623-4.
Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. 1992. Т. III. Жесткокрылые, или жуки. Ч. 2 / под общ. ред. П. А. Лера. Ленинград: Наука. 704 с. ISBN 5-02-025623-4.
Определитель насекомых европейской части СССР. 1965. Т. II. Жесткокрылые и веерокрылые /под общ. ред. чл.-корр. Г.Я. Бей-Биенко. Москва – Ленинград: Наука. 668 с.
Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.
Плавильщиков Н.Н. 1936. Жесткокрылые. Жуки-дровосеки (Cerambycidae). Москва.Т. XXI, часть 1. (Фауна СССР).
Савойская Г. И. Тлёвые коровки. – М.: Агропромиздат, 1991. С. 73. 78 с.
Скопин Н.Г. 1961. Материалы по фауне и экологии чернотелок Юго-Восточного Казахстана. Труды НИИЗР. Том VI. С. 172-207.
Темрешев И.И., Казенас В.Л., Есенбекова П.А. 2016. Определитель стволовых вредителей лесов Иле-Алатауского Государственного национального природного парка и сопредельных территорий / Под редакцией Ж.Д. Исмухамбетова. Алматы: Нур-Принт. 245 с.
Тлеппаева А.М. Обзор жуков-златок (Coleoptera, Buprestidae) Алматинского заповедника. Tethys Entomol. Research. Алматы, 1999, No 1. С. 183-186. зоология хабаршысы Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.
Яблоков-Хнзорян С.М. 1983. Майки и пыльцееды. Фауна Армянской ССР. Насекомые жесткокрылые. Ереван. C. 6-107.