Қанапянова А.Н.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Қазақстан Республикасы

E-mail: nauka_1010@mail.ru

Тұжырым:

Жетісу Алатауы тек Алтайдан кейін ғана жануарлардың биоалуантүрлілігі бойынша Қазақстанның неғұрлым қаныққан өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда кездестірілетін әртүрлі ландшафттардың қолайлы үйлесуіне байланысты оларды ғылыми, білім беру, экологиялық ағарту, мәдени және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға болады. Болжам бойынша, бүкіл тау жүйесінде бес мың түрге дейін насекомдар түрлері мекендеуі мүмкін, сондықтан түгендеу саласында қосымша ғылыми зерттеулер қажет. 2021 жылы осы мақсат бойынша Жоңғар Алатауы табиғи паркінің аумағында далалық зерттеу жұмыстары ұйымдастырылған. Зерттелген аумақтар – Сарқан филиалы, Басқан, Тополевка, Аманбөктер орманшылықтары, Лепсі филиалының Чернов, Лепсі орманшылықтары. Бастапқы материалдарды, яғни, фото, видео, коллекцияға арналған үлгілерді жинау үшін жәндіктердің ірі түрлерін көзбен бақылап зерттеу, энтомологиялық сүзгімен ору, түнгі жарыққа аулау әдістері қолданылды. Жәндіктерге анықтама жұмыстарын жүргізгенге ғылыми анықтама әдебиеттері қолданылды. Нәтижесінде парк территориясында мекендейтін насекомдардың тізімі 11 отрядқа, 67 тұқымдасқа жататын 651 түріне жаңадан 8 түр қосылды. Олардан 4 түр – қаттықанаттылар отрядына (Coleoptera), 3 түрі – қабыршаққанаттылар отрядына (Lepidoptera), 1 түр – жарғаққанаттылар отрядына Hymenoptera, жатады. Мақалада Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында мекендейтін 2021 жылғы насекомдар тізіміне толықтырулар келтірілген.

Кілт сөздер: Омыртқасыздар, насекомдар, Жоңғар Алатауы МҰТП, шатқалдар.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Еуразияның орталық бөлігінде, Алматы облысының шығысында, Қазақстан Республикасында орналасқан. Әкімшілік қатынаста парк Алматы облысының Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының аумағында орналасқан. Парктің жалпы ауданы – 356022 га.

Ұлттық парк ерекше экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылығы бар табиғи тау ландшафттарын сақтау мақсатында құрылған. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк ғылыми зерттеулер жүргізу, рекреация мен ағарту, қоршаған ортаны қорғау әртүрлі қызмет түрлерімен үйлестіретін арнайы мекеме болып табылады.

Паркте өсімдіктердің құрамы мен әртүрлілігімен ерекшеленетін жануарлардың тіршілік ету ортасының келесі түрлерін ажыратуға болады:

  • биік таулар (нивальды, альпілік және субальпілік ландшафттар);
  • субальпілік және альпілік белдеулердегі тау өзендерінің аңғарларының ландшафттары;
  • орта таулар (шалғынды-бұталы-қылқан жапырақты орман және шалғынды-дала өсімдіктері; ұсақ жапырақты және жеміс ормандары, дала шалғындары мен оңтүстік беткейіндегі петрофитті далалары бар бөлшектелген бедері бар ландшафттар);
  • төмен таулар (жазық, кей жерлерде бөлшектелген рельефі бар дала ландшафттары) (Естественно-научное и технико-экономическое обоснования организации Жонгар-Алатауского ГНПП [Natural science and feasibility study of the organization of the Zhongar-Alatau SNNP] 2008).

Омыртқасыздар Қазақстан жануарларының барлық түрлерінің 90% – дан астамын құрайды. Омыртқасыз жануарлардың ішінде ең үлкен топ – насекомдар. Ғылыми тұрғыдан парктің энтомофаунасы қызықты көптеген эндемиктік және реликті түрлерді қамтиды. Парктің насекомдарын түгендеу мәселесі өте өзекті, өйткені Жетісу Алатауының тау жүйесі барлық белдеулермен – орта таулы және биік таулы аймақтармен ұсынылған, мұнда шырша жәндіктерінің ерекше кешенінің ареалы бар, сондай-ақ түрлік эндемизмнің жоғары деңгейі бар. Бүгінгі таңда парк территориясында мекендейтін насекомдардың тізімі 11 отрядқа, 67 тұқымдасқа жататын 651 түрді құрайды. Жәндіктердің түрлік әртүрлілігін зерттеу үшін “Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында тіршілік ететін жәндіктерді түгендеу” тақырыбы бойынша 5 жыл мерзімге (2021-2025 жж.) ғылыми- зерттеу жұмысы жүргізуге алынды. Энтомофаунаны зерттеудің бірінші жылында осы тақырып бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Жоңғар-Алатау МҰТП Сарқан филиалының аумағына далалық іс-сапарлар ұйымдастырылған. Аманбөктер, Тополевка және Басқан орманшылықтарының Сарқан, Қарасырық, Кіші Басқан, Көкжота, Осиновая, Үлкен Басқан, Баянбай шатқалдары зерттелді. Қосымша жұмыстар Лепсі филиалының Лепсі орманшылығы, Жалаңаш шатқалы және Чернов орманшылығы, Черная речка шатқалдарында жүргізілген.

Әдебиеттер:

Бей-Биенко Г.Я. 1966. Общая энтомология. Москва. С. 150-286.

Гиляров М.С., Правдин Ф.Н. 1984. Жизнь животных. Членистоногие: трилобиты, хелицеровые, трахейнодышащие. Онихофоры. Москва: Просвещение. Т 3. С. 109-420.

Есенбекова П.А. 2014. Насекомые национального парка «Көлсай көлдері» (Юго-Восточный Казахстан). Алматы: Нур-Принт. 213 с. (Серия «Животные Казахстана в фотографиях»).

Естественно-научное и технико-экономическое обоснования организации Жонгар- Алатауского государственного национального природного парка: Ествественно-научное обоснование. 2008. [исполнитель ТОО «Экопроект ЛТД»]. Алматы. Кн.1

Жданко А.Б., Казенас В.Л. 2013. Бабочки: Нимфалиды и Сатириды (тип Членистоногие, класс Насекомые). Алматы. 160 с.

Жданко А.Б., Казенас В.Л. 2014. Дневные бабочки Семиречья. Алматы: Нур-Принт. 214 с. (Серия «Животные Казахстана в фотографиях»).

Казенас В.Л. 2014. Насекомые Казахстана (основные отряды). Алматы: Нур-Принт. 147 с. (Серия «Животные Казахстана в фотографиях»).

Тыкач Я. 1959. Маленький атлас бабочек. Прага. Госиздат. 174 с.

Якобсон Г.Г. 1931. Определитель жуков. М.: Государственное издательство сельскохозяйственной и колхозно-кооперативной литературы. 454 с.

kkҚазақ тілі