Назымбетова Г.Ш. Тлеубердина П.А.

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК, 050010, Шевченко көшесі 28 үй, Алматы, Қазақстан

E-mail: g.nazymbetova@mail.ru

Тұжырым:

2021 жыл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК табиғат музейі үшін мерейтойлық жыл, 15 сәуірде оның құрылғанына 60 жыл толады. 1932 жылдан 1958 жылға дейін зоология секторы жұмыс істеген кезеңде ҚазКСР ҒА зоология институтының ғалымдары Қазақстанның жануарлар әлемі туралы әр түрлі ғылыми мәліметтер жинап зерттеді, өзінің географиялық орналасқан жеріне, аумақ көлеміне және ландшафтардың әр түрлілігі арқасында тарихи дәуірге дейінгі және қазіргі заманғы жануарлар әлемінің алуан турлілігі анықталды. Торғай, Зайсан ойпаттарында және Орталық Қазақстанда 1948-1957 жылдары палеонтолог-ғалымдар және геологтар жинастырған ежелгі тарихилыққа дейінгі жануарлардың сүйектерінің жинақтамасы музейдің ашылуына басты себеп болды. Сондай-ақ бұл бастама дер кезінде ҚазКСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтпаевтың қолдауын тапты. 1959 жылдан бастап мұражай өзінің алғашқы келушілерін қабылдап, біртіндеп республика аймағынан шалғай жерлерге танымал бола бастады. Музейдің ресми ашылуы 1961 жылғы 29 сәуірдегі ҚазКСР ҒА Президиумының No 44 Қаулысына сәйкес ҚазКСР 40-жылдық мерей тойына орайластырылды. Музейдің басты мақсаты – қарапайым жәндіктен жоғары ұйымдасқан жаратылыстарға дейінгі ежелгі геологиялық дәуірден біздің заманымызға дейінгі Қазақстанның жануарлар әлемін кеңінен таныту. Ғылым академиясының ғимаратында жөндеу жұмыстарымен байланысты ұзақ үзілістен (2006 – 2010 жж.) кейін 2010 жылы Табиғат музейі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК музейлер кешені құрамында бұрынғы орнына оралды. Экспозиция қалпына келтірілді, жаңартылды және жаңа бірегей экспонаттармен толықтырылды.

Кілт сөздер: Ғылым ордасы, Табиғат мұражайы, Торғай, Зайсан ойпаты, Қазақстан жануарлар әлемі.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Алматы қаласындағы музейлердің әрқайсысының құрылу, қалыптасып, көркею тарихы бар. Қалың көпшілікке мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін іргелі мекеме «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Табиғат музейінің құрылғанына ағымдағы жылы алпыс жыл.

Экспозицияның негізін құраған Зоология Институтының ғылыми жинақ материалдар қоры болды, олардың кейбірі әлемде еш бір жерде жоқ.

Әдебиеттер:

Назымбетова Г.Ш. 2020. Қазақтың тұңғыш палеонтолог қызы. Алматы. 16-17 б.

Орлов Ю.А. 1964. Земноводные, пресмыкающиеся, птицы. Основы палеонтологии. Москва: Издательство Академии наук СССР. 386 с.

Орлов Ю.А. 1962. Млекопитающие. Основы палеонтологии. Москва: Издательство Академии наук СССР. 507 с.

kkҚазақ тілі