¹Мұхамадиев Н.С., ¹Меңдібаева Г.Ж., ²Бахтиярова Н.

¹«Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты» ЖШС, Алматы қаласы, Қазақстан

²Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті, Алматы қ., Қазақстан

E-mail: nurzhan-80@mail.ru; www.gulnaz87.kz@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Іле Алатауы ормандарындағы қабықжегілерінің (Scolytinae) таралымына және олардың энтомофагтарына мониторинг жүргізілгендігі баяндалды. Қабықжегілердің жаппай көбеюінің ошақтарында шатқалдарда кездесетін Шренк шыршасының кебу ағаштары бар. Осыған байланысты біз Іле Алатауындағы Шренк шыршасының эндемикасындағы қабықжегілердің популяциясына (Scolytinae) мониторинг жүргіздік. Жүргізілген мониторингінің нәтижесінде Іле Алатауындағы Шренк шыршасының эндемикасында қабықжегілер мен олардың энтомофагтарының түр құрамы анықталды. Зерттеу жылдары қабықжегілер тұқымдасынан (Scolytidae) 17 түрі кездесіп, осы түрлердің ішіндегі ең басымдылық танытқандары: Гаузер қабықжегісі (Ips hauseri Reitt). Сонымен қатар жартылайқаттықанаттылар (Hemiptera) отрядынан бұрын Қазақстанда кездеспеген жыртқыш қандала (Scoloposcelis pulchella Zetterstedt) анықталды.

Кілт сөздер: Шренка шыршасы, феромонды тұтқы, қабықжегі, энтомофаг.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Еліміздің Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауларының бірінде (1997 жылғы 10 қазанда): «Біздің еліміздің символы болашақта шөл емес, орман болуы тиіс» делінген.

Бұл XXI ғасырдағы орман өсірушілердің қазіргі және кейінгі ұрпақтарының іс-қимыл бағдарламасы болуға тиіс (Послание Президента РК, 2020).

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына Жолдауындағы берілген тапсырмаға сәйкес, Қазақстанда бес жыл ішінде ормандарға 2 млрд астам ағаш және елді- мекендерге 15 млн ағаш отырғызылады (Послание Главы государства К.Токаева, 2020).

Қазіргі уақытта, біздің ормандарымызға теріс антропогендік факторлар ғана емес, сонымен қатар кейбір табиғи биологиялық факторлар, мысалы, аурулардың эпифитотиясы немесе кірме және карантиндік зиянкестердің жаппай көбеюі, қауіпті зиянкестердің басып кіруі ормандарға үлкен қауіп төндіреді. Орман патологиялық мониторингті және орман қорғау іс-шараларын ғылыми-әдістемелік деңгейге көтеру қажет.

Шренк шыршасының негізгі жаулары қабықжегілерге қарсы биологиялық әдістер мен ауыстыру құралдарын қолдану өте маңызды мәселе болып табылады. Бұл орман ценоздарының биоәртүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің зерттеу жұмысымызда тянь – шань шыршасының ксилофаг-бунақденелілері қабықжегілердің (Scolytinae) түр құрамы, олардың бунақденелілерін анықтау, онымен қатар Іле Алатауындағы энтомофагтардың дің зиянкестері қабықжегілерінің (Scolytinae) санын реттеудегі рөлін айқындау зерттелді. Зерттеулер Іле Алатауы ормандарында және «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдікті қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертханасында орындалды. Зерттеу барысында орман энтомологиясы және орман патологиялық жалпы қолданыстағы әдістерге пайдаланылды (Катаев, Мозолевсая, 1984; Наставление по надзору, учету и прогнозу массовых размножений стволовых вредителей леса, 1975; Никитский, 1980; Инструкция по собиранию и изучению короедов, 1936; Lynch, Mukhamadiev, др., 2019; Sagitov, Mukhamadiyev, др., 2017; Гниненко, Хегай, 2012; Старк, 1952).

Әдебиеттер:

Lynch A.M., Mukhamadiev N.S., O’Connor C.D., Panyushkina I. P., Ashikbaev N.A., Sagitov A.O. 2019. Tree-ring Reconstruction of Bark Beetle Disturbances in the Picea schrenkiana Fisch. et Mey. Forests of Southeast Kazakhstan. Forests. Vol. 10. Iss. 10. Articlenumber 912. https://doi.org/10.3390/f10100912

Sagitov A, Mukhamadiyev N, Mengdibayeva G, Ashikbaev N, Panyushkina I. 2017. Study of prevalence and number of main species of defoliants of sievers apple (Mаlussievеrsii) in Zhongar and Trans-ili Alatau. An Acad Bras Cienc (2017) 89 (1 Suppl.) Р. 515-525. http://scielo.br.com/en/scielo.php/sci_issuetoc&pid=0001-3765/74&nrm=iso. OGM -Zararlılarla Mücadele Daire Başkanlığı / www.ogm.gov.tr/

Гниненко Ю.И., Хегай В.В. 2012. Муравьежук – важный энтомофаг короеда типографа. Защита и карантин растений ISSN: 1026-8634. С 46-48.

Инструкция по собиранию и изучению короедов (IPIDAE). 1936. Москва-Ленинград: Издательство Академии Наук СССР. 89 c.

Катаев А.О., Мозолевская Е.Г. 1984. Методы лесопотологического обследования очагов стволовых вредителей и болезней леса. Москва. 152 с.

Наставление по надзору, учету и прогнозу массовых размножений стволовых вредителей леса. 1975. Москва. 77 с.

Никитский Н.Б. 1980. Насекомые-хищники короедов и их экология. Москва: Наука. 232 с.

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. 2020. 1 сентября 2020 г.

Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана. 1997. Октябрь 1997 г.

Старк В.Н. 1952. Жесткокрылые. Короеды. Фауна СССР. Т. 31. Москва–Ленинград: Издательство Академии Наук СССР. 462 с.

kkҚазақ тілі