Қабсаметов Ринат Жеңісұлы

«Тарбағатай» МҰТП, Шынқожа көшесі 70А, Үржар ауылы,071700, Үржар ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан

E-mail: rinat_3747@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада тірі организмнің өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алатындығының әсерінен өзіне қолайлы орталарда ғана кездесетіндігі баяндалған. Шын мәнісінде алғашқы кезде жануарлардың қоршаған ортаны таңдауы емес, керісінше, қоршаған ортаға олардың бейімделушілік әсерінің болғандығы түсіндіріледі. Жануарлардың тіршілік ету ортасының ерекшелікте және Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кездесетін экожүйелер және сол экожүйелерде мекендейтін жануарлардың түрлері көрсетілген.

Кілт сөздер: фауна, эндемик, реликті, табиғат, өзен, тау, ареал.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Тарбағатай — Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытай аумағындағы орташа биік тау. Тарбағатай тауы Аягөз өзенінен Хабар асуына дейін 180 шақырымға созылып жатыр. Тау Алтай мен Жетісу Алатауының аралығында орналасқандықтан, табиғаты екеуіне де ұқсас болып келеді (сурет 1).

Сурет 1 — Тарбағатай тауының қыс мезгіліндегі бейнесі.

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана тіршілік ете алады. Олар — топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, тіршілік ете алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес, зиянды болуы мүмкін. Сонымен, орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз (Бродский, 1998).

Әдебиеттер:

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. – Алматы «Ғылым», 1998. – 64 б.

ЖШС «Терра» Қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесі» жобасы. – Алматы, 2014 жыл. – 57 б.

kkҚазақ тілі