DOI: https://doi.org/10.54944/kzbis106fs84
ӘОЖ: 595.7 (754): 398
¹Қарағойшин Ж.М., ²Рамазанов Б.Д., ¹Есмуханбетов Д.Н., ¹Нұрғожаева Н.М.
¹С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Жеңіс даңғылы, 62, Нұр- Сұлтан қаласы, 010011. Қазақстан
E-mail: k.zhashaiyr@mail.ru
²«Охотзоопром Өндірістік Бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Бартольда көшесі, 157а, Алматы қаласы, Қазақстан.
Тұжырым:
Зерттеулер құланның тіршілік ету ортасының әртүрлі аймақтарында тығыздығының айырмашылығының бар екендігін көрсетеді. Құландар санының ең жоғары аймақтарына Алматы мен Қызылорда облыстары жатады. «Барсакелмес» қорығында құландардың саны 500, ал «Алтын Емел» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркында (МҰТП) 3,5 мың дарақтан да көп болуы мүмкін. «Барсакелмес» қорығында 2019 жылы құлан санының өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 24,2 % – ды, ал «Алтын Емел» МҰТП-де 2019 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 25,2 % – ды құрайды. Тіршілік ету орталарында құландар санына қоршаған орта мен антропогендік факторлардың әсер ету үлесі 99,0% – ды құрайды. Бұл негізінен антропогендік факторлар, яғни браконьерлік және құландардың тіршілік ету ортасын адамдардың иеленіп алуы болып табылады. Құландардың бұрынғы таралу аудандарында адамның шаруашылық қызметінің әсерінен олардың таралу аймағы қысқарды. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуынан құландар қолайсыз тіршілік ету орталарына ығысып, шөбі шүгін жерлер мен су көздерінен қашықтады. Қазіргі таңда Алтынемел МҰТП-де құландар санының шамадан тыс өсуінен үлкен мәселе туындап отыр, оны шұғыл түрде шешуді қажет етеді. Алтынемел МҰТП-дағы құландардың саны артып, шамадан тыс көбеюде, сондықтанда шұғыл түрде жануарларды басқа аудандарға жаңа популяция құру және басқа аймақтағы құландардың санын толықтыру үшін көшіру қажет.
Парктегі жануарлар әлеміне үнемі мониторинг жүргізіп отыру қажет. Оның ішінде тұяқты жануарлардың мекендейтін аймақтарында және Алтынемел МҰТП-ға шекералас аймақтарда қорғау шараларын күшейту қажет. Жамбыл облысындағы Андасай мемлекеттік табиғи қорықшасында құландар үлкен аймақта шашыраңқы мекендейді, сол себептен оларды есепке алу, қорғау шараларын жүргізу жұмыстары қиындық туғызады.
Кілт сөздер: Құлан, Equus hemionus, түркімен құланы, жылқы тұқымдасы, тақтұяқтылар, аңшылық шаруашылық, құландар саны, аңшылықтану.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Әдеби мәліметтер бойынша, 18 ғасырда құландар Қазақстан аумағының көп бөлігінде тіршілік етті, бірақ шөл және шөлейттердің негізгі жануарлары болғандықтан, жаз айларында орманды дала аймақтарына сирек кіретін болған. ХХ ғасырдың басында құланның Қазақстандық түр тармағы толығымен жойылды, ал Түркімен құланы мен Моңғол құланы Қазақстан Республикасының аумағынан жоғалып кетті. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстан территориясына Түркімен құланы түр тармағы (Equus hemionus onager Boddaert, 1785;) қайта жерсіндірілді. Түркімен құланы Қазақстанға Түрікменстанның Бадхыз қорығынан әкелінді (Бекенов А.Б., Фадеев, 1984).
Саны және таралу аймағы шектеулі түр ретінде Құлан Қазақстанның Қызыл кітабына (2010 ж. II санат) және IUCN (Халықаралық табиғатты қорғау одағы) енгізілген. Түркімен құланы «Жойылып кету қаупі бар фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау Конвенциясының» СИТЕС – II қосымшасына енгізілген (Вашингтон қаласы, 1973 жылғы 3 наурыз).
Әдебиеттер:
Бегімқұл Б.К. Биометрия: Оқулық. – Алматы, 2014. – 347 б.
Бекенов А.Б., Фадеев В.А. Кулан // Млекопитающие Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1984; Т. 3, ч. 4. – С. 189-217.
Бекенов А.Б., Мелдебеков А.М., Бекенова Н.А. Современное состояние диких копытных на Устюрте и Мангышлаке// Научные труды Устюртского государственного природного заповедника. Жанаозен, посвящается 25-летию Устюртского заповедника. 2009. – С. 14 – 30.
Есмуханбетов Д.Н., Саловаров В.О., Ташенов Б.Д., Бегимкулов Б.К., Кыдыров Т.Н., Керимбаев С.С. Влияние возраста на пантовую продуктивность алтайских маралов, интродуцированных в Заилийский Алатау // Сборник научных трудов
Международной научно-практической конференции «Современные научные тенденции в животноводстве, охотоведении и экологии». Киров, Вятская ГСХА 2017. – С. 150-156.
Млекопитающие Казахстана. В 4-х т. – Алма-Ата: «Наука», 1984. Т. 3, ч. 4, Парнокопытные: (Оленьи, Кабарговые, Свиные) и Непарнокопытные: (Лошадиные). – С. 189-218.
Отчет по учету и мониторингу редких и исчезающих видов копытных животных в рамках бюджетной программы «Управление, обеспечение сохранения и развития лесных ресурсов и животного мира», по подпрограмме 102 «Обеспечение сохранения, воспроизводства и рационального использования ресурсов животного мира» за 2018 год // РГКП ПО Охотзоопром. Алматы 2018. 112 с.
Слудский А. А. Джуты в европейских степях и пустынях. – Труды Института зоологии AН КазССР. Алма-Ата, 19637 – Т. 20. – С. 5-88.