DOI: https://doi.org/10.54944/kzbdn725ys58

ӘОЖ: 569. 722. 551.77. 583. 56.074.6

¹Байшашов Б.У., ²Тоқпанов Е.А., ³Нургалиева Г.Ж., ⁴Абубакирова Н.Б.

¹Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты, Қабанбай батыр көшесі, Уәлиханов көшесі қиылысы, 69/94, Алматы, 050010, Қазақстан

E-mail: bolat.bayshashov@mail.ru

²І.Жансүгүров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, І.Жансүгіров көшесі, 187а, 040009, Талдықорған, Қазақстан

E-mail: tokpanov60@mail.ru

³Х.Досмуxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Студент даңғылы, 212, Атырау, Қазақстан

⁴Астана ботаникалық бағы, 020000, Нұр-Сұлтан қ.

E-mail: nukon_89@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада Қазақстаннның оңтстік-шығысындағы Қоғалы (Күреңбел) тау аралық ойысындағы Майтөбе өзені аңғарындағы Қызылжар геологиялық қимасынан табылған ежелгі қазынды жануарлардың мекендеген ортасының биостратиграфиялық және палеоэкологиялық жағдайы, жойылу себептері, өткен дәуірлердегі табиғаттың қалыптасуының ландшафтық – климаттық жағдайын зеттеудегі маңызы қарастырылған. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде табылған жануарлардың екі бөлек стратиграфиялық қабатқа жататыны анықталды. Парацератерий (Paraceralherum zhajremensis Bayshashov, 1988) мүйізтұмсығының сүйектері жоғарғы олигоценнің сарғыш құм қабатына, ал ацератерий (Aceratherium aralense Borissiak, 1944) мүйізтұмсығының сүйектері төменгі миоценнің ашық сұр қыйыршық тасты құмдары, гравелиттері, конгломераттары бар қабатқа жататыны анықталды. Бұрын бұлар бір стратиграфиялық кезеңге, алғашында Сарыөзек қазба орнына сәйкес төменгі миоценге (Бажанов, Костенко, 1958; Савинов, 1963; Байшашов, 1990), кейінірек Ақтау, Жайрем қазба орындарына сәйкес жоғарғы олигоценге (Байшашов, 2009) жатқызылған. Мақалада соңғы қазба барысында табылған Paraceratherum zhajremensis сүйегінің зерттеу нәтижелері қарастырылған.

Кілт сөздер: биостратиграфия, палеоэкология, палеоген, олигоцен, миоцен, мүйізтұмсық, қазынды жануарлар.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Палеогеографиялық зерттеулер белгілі бір аймақтың өткен дәуірлердегі уақыт ішіндегі даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін ландшафтық-климаттық жағдайын қалпына келтіруге негізделген.

Палеогеографиялық қалпына келтіру белгілі бір геологиялық кезеңдердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық жағдайларды зерделеуде, қазіргі табиғи ландшафтардың қалыптасу тарихын, геожүйелердің болашақтағы жағдайын болжауға негіз болатын маңызды құрал болып табылады. Ол өз кезегінде табиғатты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Белгілі бір кезеңнің қалыптасу жағдайын анықтайтын өткен геологиялық дәуірлердің шынайы құжаты тау жыныстарының шөгінді қабаттарында сақталған қазынды ағзалар болып саналады. Оның қатарына Кербұлақ ауданындағы Майтөбе өзені аңғарындағы олигоцен мен миоценнің құмды шөгінділерінде сақталған жоғарғы палеогенде Жетісу өңірінің субтропикалық тоғайлы алқаптарында мекендеген алып мүйізтұмсық Paraceratherium zhajremensis сүйектері. Зерттеулер барысында биофациалық талдау, палеонтологиялық, стратиграфиялық зерттеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде Қызылжар палеонтологиялық қазба орнында табылған жануарлардың екі геологиялық кезеңге жататыны анықталды және олардың тіршілік еткен орталарына қысқаша талдау жасалды. Бұдан бұрынғы зерттеулерде табылған жануарлардың басқада зерттелген қазба орындарында кездесуіне байланысты геологиялық жасы әртүрлі анықталған (Бажанов, Костенко, 1958; Савинов, 1963; Байшашов, 1990, 2009). Сонымен қатар ацератерий мүйізтұмсығының сүйегі негізгі тұнба қабаттарынан шашылып түсуіне байланысты, олар төменде жатқан алып мүйізтұмсық сүйектерімен бір стратиграфиялық кезеңге жатқызылған. Соңғы зерттеулер олардың бастапқы, негізгі тұнба қабаттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Әдебиеттер:

Ахметьев М.А., Решетов В.Ю. Развитие растительных сообществ и крупных млекопитающих в эоцен- раннемиоценовое время во внетропической Азии. Стратиграфия. Геологическая корреляция. – 1996. – Том 4. – № 4. – С.62-68.

Бажанов В.С., Костенко Н.Н. Схема стратиграфии третичных отложений юго-востока Казахстана и севера Киргизии в свете палеонтологических данных. Материалы по истории фауны и флоры Казахстана. – Алма-Ата, 1958. – Т. 2. – С. 5-16.

Байбатша Ә.Б. Геология негіздері. – Алматы: Дәуір, 2015. – 559 б.

Байшашов Б.У. Находки костей гигантского носорога у пос. Кызылжар. Фауна позвоночных и флора мезозоя и кайнозоя Казахстана. – Алматы, 1990. – С. 60-67.

Байшашов Б.У. Находки костей раннемиоценовых носорогов на Юго-Востоке Казахстана. – Алматы, 1991. – Известия АН Каз ССР, серия биологическая. – № 4. – С. 84-87.

Байшашов Б.У. О гигантском носороге местонахождения Кызылжар (Юго-Восточный Казахстан). – Алматы, 2009. – Вестник КазНУ им. Аль-Фараби, сер. биол. – №1 (40). – С. 50-53.

Байшашов Б.У. Новые данные по биоразнообразию позвоночных и палеоэкологии кайнозоя местонахождения Актау (Юго-Восточный Казахстан). – Алматы, 2015. – Вестник КазНУ. Серия экологическая. – № 2/2 (44). – С. 482-486.

Беляева Е.И. Новые материалы по третичным носорогообразным Казахстана. Третичные млекопитащие. – 1954. – Т.47, вып.2. – С.24-54.

Борисяк А.А., Беляева Е.И. Местонахождение третичных наземных млекопитающих на территории СССР. Труды ПИН АН СССР. – 1948. – Т.15. – 115 с.

Диденко-Кислицина Л.К., Бирюков М.Д., Байбулатова Р.В. Новые данные о стратиграфии палеогеновых отложений Джунгарского Алатау. Материалы по геологии и полезным ископаемым Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1971. – Вып. 49 (29). – С. 140-149.

Кудерина Л.Д., Байшашов Б.У., Раюшкина Г.С. Олигоцен Атасуйского района (Центральный Казахстан). – Алматы, 1988. – Известия АН СССР, серия геологическая. – № 9. – C. 51-63.

Савинов П.Ф. Материалы по остеологии гигантских носорогов – индрикотериид. Материалы по истории фауны и флоры Казахстана. – Алма-Ата, 1963. – Т. 4. – С. 77-82.

Тлеубердина П.А. Этапы развития фауны позвоночных кайнозоя Казахстана // Труды института зоологии № 49. – Алматы, 2005. – С. 12-37.

Шацкий С.Б. Среда и жизнь на рубежах эпох кайнозоя в Западной Сибири // Среда и жизнь на рубежах эпох кайнозоя в Сибири и на Дальнем Востоке. – Новосибирск, 1984. – С. 9-15.

Lucas S.G., Bayshashov B.U. The giant rhinoceros Paraceratherium from the late Oligocene at Aktau Mountain, southeastern Kazakhstan, and its biochronological significance. N.Jb. Geol. Palaont. Mh. Stuttgart. – 1996. – H.9. – P. 539-548.

Minlbachler M., Lucas S.G., Emry R.J., Bayshashov B.U. A New Brontothere from the Eocene of the Ili Basin of Kazakstan and a Phylogeny of Asian “Horned” Brontotheres. American museum Novitates – 2004. – N.3439. – 43 p.

Nigmatova S.A., Bayshashov B.U., Zhamangarа A.K., Lucas S.G., Bayadilov K.O., Kasymkhankyzy A. Тhe new data on biostratigraphy of the basic geological section of the continental Сenozoic deposits of Аktau mountains (south-east Кazakhstan, Ili basin). News of the National Academy of sciences of the republic of Kazakhstan. Series of geology and technical sciences. – 2018. – Vol. 5. – N. 431. – P. 150 – 162.

kkҚазақ тілі