¹Тұрғамбаев Д. Ғ., ¹Aхметов Х.А., ¹Алимкулов М. М., ²Грачев А.А., ¹Арынов Б.Б.

¹«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі, Ұлтарақов көшесі, 38, Саты ауылы, 041422, Кеген ауданы, Алматы облысы, Қазақстан

E-mail: kolsai-2016@mail.ru

²ҚР Зоология институты, әл-Фараби, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: aleksey.al.grachev@gmail.com

Тұжырым:

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» территориясындағы таутекенің 2011 жылдан бастап, 17 маршрут бойынша Зоология институтының мамандарымен бірлесе отырып, бір мезеттік аң санағы жүргізіле бастады. Таутеке санағы Қазақстандағы негізгі аңшылық-кәсіптік және сирек кездесетін жануарлар түрлерін есепке алу әдістерімен жүргізілді. Санақ жұмыстары көктем және күз айларында жүргізілді. Бұл мақалада 2020 жылы жүргізілген 17 маршрут бойынша есептелінген таутекенің жыныстық құрамы, сандары және тіршілік ететін мекендері берілген. 2007 жылы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» құрылуымен таутекенің соңғы он жылдық санақ қорытындысы нәтижесінде санының біршама артқаны байқалады. Сонымен қатар бұл көрсеткіш ұлттық парк аумағында мекендейтін ілбістердің санының артуына оң ықпал етеді.

Кілт сөздер: Таутеке (Capra sibirica Pallas), ашатұяқтылар, ілбіс, аң санақ, Күнгей Алатауы, ұлттық парк.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі – ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпанда № 88 қаулысымен құрылған, бірегей табиғи кешендердің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, олардың табиғи кешендерін қорғау және қалпына келтіруге, экологиялық — ағартушылық, ғылыми, туристік-рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ұлттық парк аумағына Алматы облысы Кеген ауданының батыс аумағы және Талғар ауданының шығыс аумағы кіреді.

Ландшафттық биоалуантүрлілікті, тірі организмдердің генофондын сақтау, табиғи ресурстарды молықтыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, рекреацияны, экотуризмді және экологиялық ағарту жұмыстарын дамытуда Республикамыздағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар маңызды орын алады. Сондықтан Тянь-Шань тауларының аумағында ұлттық парк өз уақытында құрылды деп есептейміз. Өткен ғасырдың аяғында адам баласының жануарлар дүниесін есепсіз пайдалануы, өсімдік шикізаттарын бақылаусыз жинауы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи ортадағы қалыпты жағдайына кері әсерін тигізді, санының азаюына әкеліп соқты. Тянь-Шань таулары жүйесінде Ұлттық парктің құрылуы табиғат байлығы мен табиғи- тарихи кешендерді болашақ ұрпақтар үшін сақтап қалуға зор мүмкіндік береді. Ұлттық Парк аумағы Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің жерлері мен жер қорларымен қосылып құрылған.

«Көлсай көлдері» МҰТП-нің аумағының көптеген бөлігі «жабайы табиғат» күйінде жақсы сақталған. Сол себепті мұндай жерлерге бүгінгі күнде дүниежүзілік қызығушылықтар артуда. Осыған орай ұлттық парктің қызметі бүлінбеген табиғи ортаны сақтауға, әлемдік маңызы бар табиғи-тарихи кешендерді қорғауға бағытталуы қажет. Бұл болашақта ұлттық парк аумағындатуристік рекреациялық қызметтің дамуына, әлемдік деңгейдегі биосфералық ғылыми тұрғыда зеттеулер жүргізуге, ғаламдық табиғи өзгерістерді бақылауға мүмкіндіктер туғызады.

Әдебиеттер:

Грачев А.А., Грачев Ю., Ахметов Х.А., Сапарбаев С. К. Млекопитающие ГНПП «Көлсай көлдері». – Саты, 2017. – С. 91-93.

Методы учета основных охотничье-промысловых и редких видов животных Казахстана. – Алматы, 2003. – 203 с.

Млекопитающие Казахстана. Том ІІI, ч. 3. – Алма-Ата, 1983. – С. 92-143.

Огнев С.И. Млекопитающие Центрального Тянь-Шаня (Заилийский и Кунгей Алатау). – М., 1940. – 86 с.

Федосенко А.К., Савинов Е.Ф. Сибирский горный козел // Млекопитающие Казахстана. Т.3, ч.3. – Алма-Ата, 1983. – С. 192-143.

kkҚазақ тілі