Ковшарь А.Ф.

ҚР Зоология институты, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

Тұжырым:

Биологиялық түрлердің таралу аймағы ешқашанда тұрақты болмаған, өйткені олар қоршаған ортаның әсерлеріне қарай өзгеріп отырған. Адамның пайда болуымен бұл өзгерістер жылдамдығы өсе бастады, адам пайдалы деген өсімдік пен жануар түрлерін мақсатты түрде жаңа жерлерге таратты. «Бөгде түрлер» термині арнайы түсіндіруді қажет етпейді. Шындығында, ол – осы экожүйеде тіршілік ететін жекелеген түрлер арасындағы қалыптасқан байланысты бұзатын, бұл экожүйе үшін биологиялық бөгде түр. Қазақстанда бөгде түрлер мәселесі Ресейдегіден кем емес, әзірге бұл жайлы бізде де, көршілес ортаазиялық мемлекеттерде де ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Жекелеген нақты жобаларды бастамастан бұрын, Қазақстан территориясындағы бөгде түрлер фаунасы жайлы барлық мәліметтерді жүйелеп топтастыру қажет. Мұндай тізімдеусіз маңызды істе жетістікке жету мүмкін емес. Айта кететін жағдай, тек өте зиянды түрлерді ғана емес, жаппай барлық бөгде түрлерді тізімдеу керек. Көптеген түрлердің жаңа территорияға табиғи себептер күшімен (мысалы, құстардың ұшып келуі) немесе ырықсыз әкелінуі (теңіз толқынымен немесе желмен), сонымен қатар көліктермен тасымалданып келетіні құпия емес. Олардың көбі саны аз және сирек кездесетін болғандықтан экожүйеге қауіп төндіре қоймайды, бірақ олар бәрібір бөгде түр тізімінде болады. Барлық түрлер есепке алынып, бөгде түрлердің жалпы тізіміне енуі керек, сонан кейін олар жіктеліп, едәуір қауіпті түрлерге онан әрі мониторинг пен күрес шаралары жүргізілуі керек. Мұндай жұмысқа арнайы қаржыландыру қажет емес, оны мамандар — әркім өз саласында — мүмкіндігінше қысқа мерзімде (бөгде түрлердің толық тізімін құрастыру) жасау керек.

Кілт сөздер: Бөгде түрлер, Қазақстан фаунасы, Қара кітап, енгізу қажеттілігі.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың таралуына әрқашанда экологиялық және тарихи жағдайлар себепкер болса, ол биологиялық сәйкестікке ұласып жататын. Оны зерттеу барысында ғаламдық деңгейден ұсақ аймақтарға дейінгі геоботаникалық және зоогеографиялық бөліну сызбасы құрылды. Бір жағынан, биологиялық түрлердің таралу аймағы ешқашанда тұрақты болмаған, өйткені олар қоршаған ортаның әсерлеріне қарай өзгеріп отырған. Адамның пайда болуымен бұл өзгерістер жылдамдығы өсе бастады, адам пайдалы деген өсімдік пен жануар түрлерін мақсатты түрде жаңа жерлерге таратты. Мысалы, Еуропадан Австралияға жабайы қояндарды апару. Осы жағдай — ойламаған нәтижелердің ең әйгілі мысалы!..


«Бөгде түрлер» термині арнайы түсіндіруді қажет етпейді. Шындығында, ол – осы экожүйеде тіршілік ететін жекелеген түрлер арасындағы қалыптасқан байланысты бұзатын, бұл экожүйе үшін биологиялық бөгде түр. Егер жаңа түр жаңа орнында тірі қалып, тіршілігін жалғастырса, онда көбеюін үдетіп, жаңа жерде тіршілікке қабілетті ұрпақтарын шығарады. Одан кейін жаңа жерде жаулары мен тоғышарларының болмауына байланысты саны жаппай көбейеді. Әдетте көп кешікпей бұл түрлер саны тұрақталынады, сөйтіп жаңа экологиялық байланыстар түзіп, тұрақты өздігімен көбейетін популяциялар құрайды. Табиғи популяциялар сияқты олардың саны мезгіл- мезгіл өзгеріп тұрады. Бірақ кейде санының жаппай көбеюі жылдарға созылуы мүмкін, бұл әдетте осы экожүйенің түбегейлі кері өзгеруіне әкеледі.

Әдебиеттер:

Белоусов Е.М. О встречах попугая Крамера (Psittacula krameri) в предгорьях Таласского Алатау // Selevinia. – Алматы, 2011. – С. 156.

Березовиков Н.Н. О появлении майны (Acridotheres tristis) в Зайсанской котловине// Selevinia. – Алматы, 2002. – С. 307.


Бобров В.В., Варшавский А.А., Хляп Л.А. Чужеродные виды млекопитающих в экосистемах России. (Серия: «Чужеродные виды России»). – М., Товарищество научных знаний КМК, 2008. – 232 с.


Быкова Е.А. Роль пассажирского железнодорожного транспорта в расселении грызунов в условиях Узбекистана // Selevinia. – Алматы, 2003. – С. 191-194.


Виноградова Ю.К., Майоров С.Р., Хорун Л.В. Чёрная книга флоры Средней России (чужеродные виды растений в экосистемах Средней России). – М.: ГЕОС, 2010. – 512 с.


Грачёв Ю.А. Класс Mammalia – Млекопитающие, или Звери//Позвоночные животные Казахстана. Справочник для вузов и школ. – Алматы, «Атамура», 2013. – С. 217-255.


Дворянов В.Н. О появлении обыкновенного ежа (Erinaceus europaeus) в окрестностях г. Алматы // Selevinia. – Алматы, 2009. – С. 230-231.


Дгебуадзе Ю. Предисловие ответственного редактора//Чёрная книга флоры Средней России (чужеродные виды растений в экосистемах Средней России). М., 2010. С. 3-5.


Дуйсебаева Т.Н. Классы Земноводные и Пресмыкающиеся//Позвоночные животные Казахстана. Справочник для ВУЗов и школ. – Алматы, «Атамура», 2013. – С. 55-80


Камбулин В.Е., Ковшарь А.Ф., Абиев С.А., Казенас В.Л. Разработка и совершенствование мер предотвращения интродукции чужеродных видов, угрожающих экосистемам, местам обитания и видам, их контролирование и уничтожение // Изв. НАН РК, серия биол. и медиц. – Алматы, 1998, № 1 (205). – С. 79-84.


Кашкаров Р.Д. К фауне млекопитающих (Carnivora и Artiodactyla) бассейна реки Пскем // Selevinia. – Алматы, 2002. – С. 150-158.


Кириченко О.И., Жаркенов Д.К. Уклея – чужеродный вид рыб в водоемах бассейна Иртыша и проблема биологических инвазий // Selevinia. – Алматы, 2009. – С. 155-158.


Кириченко О.И. Случаи поимки морского краба Eriocheir sinensis (H. Milne-Edwards, 1853) в водоемах Иртышского бассейна // Selevinia. – Алматы, 2011. – С. 220.


Ковшарь А.Ф. Майна в Южном Казахстане//Зоогеография суши (тез. 3-го Всесоюзн. совещ. по зоогеогр. суши). – Ташкент, 1963. – С. 133.


Ковшарь А.Ф. Майна у северных пределов Средней Азии//VIII-я Всесоюзная зоогеографическая конференция. Тез. докл. – М., 1984. – С. 72-74.


Ковшарь А.Ф. Проникновение майны в высокогорье Северного Тянь-Шаня//Экол. аспекты изуч., использ. и охраны птиц в горных экосистемах. – Фрунзе, 1989. – С. 46-47.


Ковшарь А.Ф., Березовиков Н.Н. Тенденции изменения границ ареалов птиц в Казахстане во второй половине ХХ столетия // Selevinia, 2001. – С. 33-52.


Ковшарь А.Ф. От редактора [Практические аспекты] // Selevinia, 2007. – С. 142.


Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Класс Aves – Птицы//Позвоночные животные Казахстана. Справочник для вузов и школ. – Алматы, «Атамура», 2013. – С. 81-216.


Лановенко Е.Н., Шерназаров Э.Ш., Тен А.Г., Третьяков Г.П., Филатов А.К., Филатова Е.А. Роль майны Acridotheres tristis в составе орнитокомплексов садов и виноградников в Узбекистане // Selevinia. – Алматы, 2007. – С. 143-150.


Митропольский М.Г. Попугай Крамера Psittacula krameri – новый вид фауны птиц Узбекистана// Рус. орнитологический журнал, 2008, экспресс-выпуск 454. – С. 1804-1806.


Митрофанов В.П. Акклиматизация рыб и аборигенная ихтиофауна Казахстана//По страницам Красной книги Казахстана (позвоночные животные). – Алматы, 2004. -С. 17-23.


Национальная стратегия и план действий по сохранению и сбалансированному использованию биологического разнообразия Республики Казахстан (коллектив авторов). – Кокшетау, 1999. – 336 с.


Прокопов К.П. Обыкновенный ёж (Erinaceus europaeus) – новый вид в фауне Восточного Казахстана // Selevinia. – Алматы, 2002. – С. 315.


Сараев Ф.А., Башмаков А.А., Козулина И.Г. Американская норка (Mustela vison) в Прикаспии //Selevinia. – Алматы, 2004. – С. 238.


Сема А.М., Гисцов А.П. Расселение майны в Казахстане // Орнитология, вып. 19. – М., 1984. – С. 211-212.


Тимирханов С.Р., Ким Ю.А. Угорь – Anguilla anguilla (Linnaeus, 1758) в Казахстане // Selevinia. – Алматы, 2011. – С. 221.

Тимирханов С.Р. Круглоротые и рыбы // Позвоночные животные Казахстана. Справочник для вузов и школ. – Алматы, «Атамура», 2013. – С. 5-54.

Фишер Д., Саймон Н., Винсент Д. Красная книга. Дикая природа в опасности. – М.: Прогресс, 1976. – 477 с.

Шакирова Ф.М. Биологическое загрязнение Каспийского моря балластными водами [Государственное предприятие по вопросам Каспийского моря при президенте Туркменистана. Национальный институт пустынь, растительного и животного мира]. – Ашхабад, 2003. – 40 с.


CBD Second National Report – Kazakhstan//www.cbd.int/doc/world/kz/kz-nr-02-ru.pdf

Мақаланы қазақ тіліне аударған Есенбекова П.А.

kkҚазақ тілі