DOI: https://doi.org/10.54944/kzbwp729cy35
ӘОЖ: 595.754
1,2Есенбекова П.А., 2Жеңісбекұлы Ғ., 2Умирзакова А.Т., 2Балабиева М.С.
*1,2 ҚР БҒМ ҒК «Зоолоия институты» РМК, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан
E-mail: esenbekova_periz@mail.ru
2 Сайрам-Өгем Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, 160023, Ильяев көшесі, 24 E-mail: nauka_sayramugam@mail.ru
Тұжырым:
Мақала авторлардың 2023 жылы мамыр айында Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі, Көкбұлақ шатқалында жүргізілген далалық зерттеулер нәтижелері беріліп отыр. Олар әртүрлі биотоптарда тіршілік етеді және биогеоценоздағы биологиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижесінде Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар (Heteroptera) отрядынан 9 тұқымдасқа жататын 33 түр анықталды Бұлардың ішінде тіршілік ету ортасына байланысты хортобионт (27 түр), хорто-тамнобионт (1 түр), герпетобионт (3 түр), герпето-хортобионт (1 түр), тамно-дендробионт (1 түр) болып бөлінеді. Зерттеу аймағындағы Көкбұлақ шатқалында Жартылай қаттықанаттылар экологиялық жағынан мезофилдер (29 түр) және мезоксерофилдер (4 түр). Бұл түрлер қоректік байланысы жағынан өсімдікқоректі: полифитофаг (16 түр), кең олигофитофаг (12 түр), тар олигофитофаг (1 түр), монофитофаг (1 түр), араласқоректі (1 түр) және жыртқыштар (2 түр). Сайрам-Өгем МҰТП Жартылай қаттықанаттылары жылына беретін ұрпақ санына қарай моновольтинді (19 түр), бивольтинді (12 түр), поливольтинді (2 түр) болып бөлінеді. Олардың ішінде 28 түр ересек дарасы сатысында, 1 түр дернәсілдері мен ересек даралары сатысында, ал жұмыртқалары сатысында 4 түр қыстайды.
Кілт сөздер: Сайрам-Өгем МҰТП, Көкбұлақ, жартылай қаттықанаттылар, Heteroptera.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар (Heteroptera) насекомдар класындағы ең отрядтың бірі болып табылады. Ғалымдардың 2013 жылғы тамыздағы мәліметтері бойынша Жер шарында жартылай қаттықанаттылардың 104 165 түрі сипатталып жазылған, олардың ішінде 1982 қазба түрлер болып табылады (Zhang, 2013). Бұл отряд насекомдары шала түрленіп дамиды, демек жұмыртқа, дернәсіл және ересек дарасы даму сатыларынан өтеді. Тіршілік ету ортасына байланысты дене мөлшері (0,8-1 мм-ден 109 мм-ге дейін) мен пішіні алуан түрлі болып келеді, бұлар су және құрлық насекомдары. Құрлықта тіршілік ететін түрлер – ашық және жасырын тіршілік ететін түрлер болып бөлінеді. Жартылай қаттықанаттылардың басым көпшілігі өсімдікқоректілер, олар ауыл және орман шаруашылығына көп зиян келтіреді. Ал жыртқыш түрлері зиянкес насекомдармен қоректеніп, олардың санын реттеп, табиғатқа едеәуір пайда келтіреді.
Әдебиеттер:
Aglyamzyanov R.S. 1994. Review of species of the genus Lygus in the fauna of Mongolia, II (Heteroptera, Miridae) // Zoosyst. Ros. Vol. 3. № 1. Pр. 69-74.
Wagner, E. et Weber, H.H. 1964. Heteropteras Miridae. Fauna de France. 587 р.
Zhang Z.-Q. 2013. «Phylum Athropoda». — In: Zhang Z.-Q. (Ed.) «Animal Biodiversity: An Outline of Higher-level Classification and Survey of Taxonomic Richness (Addenda 2013) ». (англ.) // Zootaxa / Zhang Z.-Q. (Chief Editor & Founder). Auckland: Magnolia Press, 2013. Vol. 3703, no. 1. P. 17—26. ISBN 978-1-77557-248-0 (paperback) ISBN 978-1-77557-249-7 (online edition). ISSN 1175-5326.
Асанова Р.Б. 1962. Настоящие полужесткокрылые (Hemiptera – Heteroptera) Центрального Казахстана. Мат-лы I научной конф. молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата. С. 276-277.
Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сб.: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР. С. 121-135.
Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1976. К изучению вредных и полезных полужесткокрылых (Heteroptera) Северного Казахстана. Вест. с.-х. науки Казахстана. Вып. 5. С. 43-46.
Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Алма-Ата: Изд-во «Кайнар». 204 с.
Винокуров Н.Н. 1982. Клопы-слепняки рода Leptopterna Fieb. (Heteroptera, Miridae) фауны СССР и сопредельных стран. Труды Зоол. института АН СССР. Т. 105. С. 93-115.
Голуб В.Б. 1984. Определитель вредных и полезных насекомых и клещей плодовых и ягодных культур в СССР. Л.: Колос. 288 с.
Йосифов М. 1981. Heteroptera, Pentatomoidea. ІІ. Фауна на България. Т. 12. София. 205 с.
Каменкова К.В. 1958. Биология и экология ягодного клопа Dolycoris baccarum – дополнительного хозяина яйцеедов черепашки в Краснодарском крае. Энтомол. обозрение. Том XXXVII. Вып. 3. С. 563-579.
Кержнер И.М. 1981. Полужесткокрылые семейства Nabidae. Насекомые хоботные. Фауна СССР. Т. 13. Вып. 2. Л.: Наука. 327 с.
Kerzhner I.M. 2003. Notes on synonymy, nomenclature, and distribution of some Palaearctic Coreoidea and Pentatomoidea (Heteroptera). Zoosystematica Rossica. Vol. 12. No. 1. Pр. 101–107.
Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР. 124 с.
Кириченко А.Н. Полужесткокрылые (Hemiptera-Heteroptera) Таджикистана. Душанбе, 1964. 180 с.
Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.
Петрова В.П. 1975. Щитники Западной Сибири (Hemiptera, Pentatomidae). Новосибирск. 236 с.
Поливанова Е.Н. 1957. Причины, определяющие численность хлебных клопов (сем. Pentatomidae) в южных зерновых районах Европейской части Союза. Доклады Акад. наук СССР. Т. 112. №3. С. 538-541.
Пучков В.Г. 1959. Клопы, или настоящие полужесткокрылые. Свекловодство. Т. 3. Ч. 1. С. 263-277.
Пучков В.Г. 1962. Крайовики. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 2. Киів, Вид. АН УРСР. 163 с.
Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea). Фрунзе: Илим. 329 с.
Пучков В.Г. 1969. Лiгеïди. Фауна Украïни. Т. 21. Вып. 3. Киів: Вид. АН УРСР. 388 с.
Пучков В.Г. 1966. Главнейшие клопы-слепняки – вредители сельскохозяйственных культур. Киев: Наукова думка. 171 с.
Пучков В.Г. 1974. Беритиди, червоноклопи, піезматиди, підкорники і тингіди. Фауна Украіни. Т.21. Вип. 4. Кіев. 332 с.
Пучков В.Г. 1987. Полужесткокрылые. Хищнецы. Фауна Украины. Наукова думка. Киев. Т. 21. Вып. 5. 248 с.
Пучков В.Г. 1986. Полужесткокрылые семейства Rhopalidae (Heteroptera) фауны СССР. Л.: Наука. 132 с.
Рошко Г.М. 1969. Экологическая характеристика кружевниц в украинских Карпатах // В кн.: Вопросы охраны природы Карпат. Ужгород. С. 138-155.
Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.