*Арынов Б.Б., Ахметов Х.А., Алимкулов М.М., Арыстанов С.К., Болатұлы А.

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР ЭТРМ ОШЖДК, Саты, Қазақстан

E-mail: kolsai_nauka@mail.ru


Тұжырым:

Мақалада Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, «Көлсай көлдері»МҰТП аумағында фототұзақдарға түскен сүтқоректілер туралы ақпарат беріліп отыр. Жануарлар әлемі алдын-ала ақпараттар мен әдеби мәліметтерге сәйкес «Көлсай көлдері» МҰТП территориясында сүтқоректілердің 51 түрі белгілі болған. Олардың ішінде 7 түр: Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus Horsfield, 1826), Ортаазиялық өзен кәмшаты (Lutra lutra seistanica Birula, 1912), Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus Blyth, 1847), қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775), Тянь-Шань тау қойы Ovis ammon ammon (Linnaeus, 1758), тас сусары (Martes foina Erxleben, 1777) және сабаншы Otocolobus manul (Pallas1776) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Қар барысы (Uncia uncia) Халықаралық Қызыл кітапта тіркелген. Парк территориясынан 2014-2022 жылдар аралығында Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін жануарлардың тек 4 түрі фототұзақтардың көмегімен тіркелді. Бұл қар барысы (Uncia uncia), Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus), Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) және тас сусары (Martes foina). Зерттеу барысында далалық териологиялық зерттеулердің дәстүрлі әдістері, соның ішінде көзбен шолып бақылаулар, жануарлардың тіршілік әрекетінің әртүрлі іздерін анықтау және тіркеу, сонымен қатар бақылау камералары (фототұзақтар) қолданылды.

Кілт сөздер. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы, «Көлсай көлдері»МҰТП, сүтқоректілер, фототұзақ.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Ауданы 161045 га «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы қаулысымен ұйымдастырылған. Тянь–Шаньның солтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақты алып жатыр, оған Күнгей Алатау жотасы жатады. Құрылған сәттен бастап парк ұжымы ҚР БҒМ Зоология институтының ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп парк аумағында биологиялық әртүрлілікті зерттеу жұмыстары басталды.

Жануарлар әлемі алдын-ала ақпараттар мен әдеби мәліметтерге сәйкес «Көлсай көлдері» МҰТП территориясында сүтқоректілердің 51 түрі белгілі болған (Грачев А.А. және т.б. [Grachev A.A. and others] 2017). Олардың ішінде 7 түр: Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus Horsfield, 1826), Ортаазиялық өзен кәмшаты (Lutra lutra seistanica Birula, 1912), Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus Blyth, 1847), қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775), Тянь-Шань тау қойы Ovis ammon ammon (Linnaeus, 1758), тас сусары (Martes foina Erxleben, 1777) және сабаншы Otocolobus manul (Pallas, 1776) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген (Қазақстан республикасы Қызыл кітабы [The Red Data Book of the Republic of Kazakhstan] 2010). Қар барысы Халықаралық Қызыл кітапта тіркелген.

«Көлсай көлдері» МҰТП аумағында 2014 жылдан бастап фототұзақтарды пайдалана отырып, осы уақытқа дейін белгісіз болып қалған кейбір жануарлардың санын анықтауға мүмкіндік туды.

Әдебиеттер:

Грачев А.А., Грачев Ю.А., Ахметов Х.А., Сапарбаев С.К. 2017. Млекопитающие Государственного национального природного парка «Көлсай көлдері». Издательство ТОО «Шатыр К». Саты. 128 с.

Красная книга Республики Казахстан 2010. (Том 1. Животные. Часть 1. Позвоночные) (коллектив авторов). Алматы, “DPS”. 324 с. ISBN 9965-32-738-6

«Летопись природы» 2014-2022 гг. ГНПП РГУ «Көлсай көлдері».

Отчеты с периода 2014-2022 гг. ГНПП РГУ «Көлсай көлдері».

kkҚазақ тілі