Беркінбай О., Омаров Б.Б. , Сүлейменов М.Ж., Тәшібаев Е.С., Баймұханбетов Е.Б.

ҚР «Зоология институты», әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: berkinbay49@mail.ru


Тұжырым:

Мақалада Түркіменстандағы, Украинадағы, Қазақстандағы және «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі құлан паразиттерін зерттеу деректері келтірілген. Құландарда паразиттердің 50 түрі, оның ішінде қарапайымдылардың 3 түрі: Eimeria hemionus, E. pinaevae, Sarcocystis hemioni, цестодтардың екі түрі: Anoplocephala magna, A. perfoliate және нематодтардың 45 түрі: Setaria equina, Oxyuris equi, Parascaris equorum, Alfortia edentates, Delofondia vulgaris, Dictyocaulus arnfieldi, Trichostrongylus axei, Habronema microstoma, Probstmayria vivipara, Parafilaria sp., Triodontophorus brevicauda, Triodontophorus serratus, Triodontophorus tenuicollis, Triodontophorus minor, Triodontophorus nipponicus, Poteriosomum impatidentatum, Poteriosomum ratzii, Craterostomum acuticaudatum, Cylicocyclus brevicapsulatus, Cylicocyclus radiatus, Cylicocyclus elondatus, Cylicocyclus insigne, Cylicocyclus leptostomus, Cylicocyclus nassatum, Cylicocyclus iriramosus, Cylicodontophorus bicoronatum, Cylicodontophorus euproctus, Cylicodontophorus mettami, Gyalocephalus capitatus, Cyathostomum tetracanthus, Cyathostomum pateratum, Strongylus equines, Cylicostephanus calicatum, Cylicostephanus minutum, Cylicostephanus hybridus, Cylicostephanus longibursatum, Cylicostephanus triramosus, Cylicostephanus goldi, Cylicotetrapedon bidentatus, Cylicotetrapedon asymetricus, Coronocyclus coronatum, Coronocyclus labiatum, Coronocyclus labratum, Petrovinema poculatum, Strongyloides westeri тіркелген.

Қазақстан құландарында тоғышарлардың 16 түрі, оның ішінде қарпайымдылардың 3 түрі: Eimeria hemionus, E. pinaevae, Sarcocystis hemioni, цестодтардың екі түрі: Anoplocephala magna, A. perfoliate және нематодтардың 11 түрі: Setaria equina, Oxyuris equi, Parascaris equorum, Alfortia edentates, Delofondia vulgaris, Triodontophorus brevicauda, Triodontophorus serratus, Triodontophorus tenuicollis, Triodontophorus minor, Strongylus equines, Petrovinema poculatum, Strongyloides westeri тіркелген. Түркмен құландарында нематодтардың 9 түрі: Delofondia vulgaris, Triodontophorus serratus, Cylicocyclus elondatus, Cylicocyclus insigne, Cylicocyclus nassatum, Cyathostomum tetracanthus, Cylicostephanus calicatum, Cylicostephanus minutum, Coronocyclus coronatum тіркелген. Алтынемел МҰТП-нің құландарында нематодтардың төрт түрі тоғышарлық етеді: Parascaris equorum, Alfortia edentates, Strongylus equines, Cylicostephanus longibursatum.

Кілт сөздер: құлан, эймерия, цестода, нематода.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Құлан – халықаралық аспектіде саны күрт азайып бара жатқан жануарлардың II санатына кіреді.

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия даласында, шөл-шөлейтті аудандарда кеңінен таралған, мыңдап кездесетін. ХХ ғасырдың басында біздің елде ол жойылып кетті. 1953 жылы Бараскелмес аралына        (Арал теңізі) Түрмениядан Бадхыз қорықшасынан түркімен құланы жерсіндіріле бастады. Жаңа жерді олар жерсінді, өсіп-өне бастады. 1956 жылдан Барсакелмес аралында құландар жақсы көбейіп, 1982 жылы олардың саны 280 басқа жетті. Сол жылы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи бағына 32 құлан әкелініп жіберілді. Онда олар тез жерсініп, өніп-өсе бастады, саны жылдан жылға өсе берді. 2003 жылы 667, 2004 жылы 768, 2005 жылы 1118, 2007 жылы 1589, ал 2008 жылы 1763 басқа жетті. Сондай-ақ, 1986-1987 жылдары және 2007 жылы 85 құлан Аңдысай қорықшасына (Жамбыл облысы), ал 1991 жылы 35 құлан Ақтай-Бозашы қорықшасына (Маңғыстау облысы) жіберілді. 2004 жылы Бозашы түбегінде шамамен 100-120 құлан бар екендігі анықталды. 2006 жылы Шығыс Арал маңынан 250-300 құлан санаққа алынды. Жалпы, Қазақстан аумағында 2007 жылы құланның жалпы саны екі мыңдай болды.

Әдебиеттер:

Бекенов А.Б., Мелдебеков А.М. 2008. Түркімен құланы. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. 4–басылым, қайта өңделген және толықтырылған. 1 том.: Жануарлар; 1–бөлім; Омыртқалылар (авторлар ұжымы). Алматы , «Нұр-Принт». Б. 262–263.

Двойнос Г.M., Харченко В.A., Звегинцова Н.С. 1992. Характеристика сообщества гельминтов туркменского кулана. Паразитология. Т. 26. № 3. С. 246–251.

Двойнос Г.М. 1993. Стронгилиды (Nematoda: Strongylidae) домашних и диких лошадей. Видовой состав, распространение, структура сообщества, филогения.: автореферат диссертации доктора биологических наук. Москва, 54 с.

Двойнос Г.М., Харченко В.А. 1994. Стронгилиды домашних и диких лошадей. Киев: Hayкова дyмка. 234 с.

Рашек В.А. 1966. Паразитофауна кулана на острове Барса–Кельмес. Бюллетень Московского общества испытателей природы. Отделение биологии. Т. 59. № 3. С. 128-129.

Соломатин А.О. 1973. Кулан. Москва: Наука. 230 с.

Осипов П.П., Байтурсинов К.К., Прядко Э.И. 1989. Роль домашней лошади в формировании гельминтофауны кулана при его реакклиматизации. Тезисы докладов. XII Всесоюзная конференция по природной очаговости болезней. Новосибирск. С. 166-167.

Осипов П.П., Байтурсинов К.К. 1989. Гельминты куланов острова Барсакельмес. Известия АН КазССР. Серия биологическая. № 1. С. 31-34.

Беркинбаев О., Бисенова Р., Байтурсинов К.К., Ташибаев Е.С. 1991.Кокцидии рода Eimeria у кулана. Алма-Ата, 3 с. Депонированы в ВИНИТИ, 1991. 01.03.91, № 958 – В91. РЖ Биология, 1991. № 6 К 143 Деп.

Пак С.М., Пинаева Л.М. 1997. Саркоцисты диких животных Казахстана. Алматы. Депонированы в КазгосИНКИ, № 7493-Ка97. 278 с.

kkҚазақ тілі