DOI: https://doi.org/10.54944/kzbwf544qp56
ӘОЖ 34.33.27
Есжанов Б., Спанбек Н. Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
E-mail: eszhanovbirlik@gmail.com
Тұжырым:
Мақалада алғашқы рет Іле өзенінің жайылмасында көктем-жаз айларында (көбею кезінде) кездесетін жыртқыштардың 6 түрінің мекендеу ортасы, баспаналары, сан мөлшері жайында жаңа деректер баяндалған. Зерттеу жұмыстары териология ғылымындағы классикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асқан. Бұл жыртқыштарды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: 1-отырықшылар және 2-көшпенділер.1-топқа 3 түр (шиебөрі, түлкі, борсық), ал екінші топқа 3 түр (қасқыр, шұбар күзен, аққалақ) бірігеді. Жыртқыштардың биотоптарды пайдалану үлесі де әртүрлі: Өзен жайылмаларында 3 түр (шиебөрі, түлкі, борсық), аралдардағы қамыстар арасында 1 түр (шиебөрі), бекінген адырлы құмдарда 3 түр (қасқыр, түлкі, шұбар күзен), өсімдігі сирек ашық далаларда бір түр (аққалақ), тасты-жартасты жерлерде 4 түр (қасқыр, түлкі, борсық, аққалақ) және елді мекендерде 2 түр (шиебөрі, аққалақ) кездеседі. Баспаналарды пайдалану бойынша жыртқыштар өздері баспана салатындар және бөтен баспананы пайдаланушылар деп 2 топқа бөлінеді. Апанды пайдаланушылар – 1 түр (қасқыр), апан-жатақ пайдаланушылар -1 түр (шиебөрі), ін пайдаланушылар 3 түр (шиебөрі, түлкі, борсық) және бөтен баспана пайдаланушылар – 3 түр (шиебөрі, шұбар күзен, аққалақ) деп жіктеледі. Жыртыштардың сан мөлшері де түрлі факторлардың әсерінен (қорек базасы, шамадан тыс мазалау, қаскерлік (браконьерлік) 2017-2019 жылдар аралығында ауытқып тұрды. Бұл жылдары 10 км маршрутта (барлығы 90 км) қасқырдың орташа саны 0,33 особь, шиебөрі- 5,3, түлкі – 3,7, борсық 2, шұбар күзен 0,67 және аққалақ 1,0 особь болды.
Кілт сөздер: Іле өзені жайылмасы, биоалуантүрлілік, жыртқыш аңдар, отырықшылар, көшпенділер, биотоп, баспана, сан мөлшері.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
XX-ғасырдың соңғы онжылдықтарында Әлемнің прогрессивті ғалымдары табиғи биоалуантүрлікке, солардың ішінде жануарлар алуантүрлілігіне, баса көңіл аудара бастады. Нәтижесінде 1992 жылы биоалуантүрлілікті сақтау және биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалану жайында Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Қазіргі кезде бұл құжатқа 180-нен аса ел қосылды (Лебедева и др. [Lebedeva and othere] 2004) және оның арасында Қазақстан республикасы да бар. Өйткені кең байтақ Қазақстан республикасының территориясында омыртқалы жануарлардың 6 класына бірігетін 900-ден аса түрдің кездесетінін айтсақ та жеткілікті. Осылардың арасында басқаларымен қатар табиғатта және шаруашылықта 184 түрден тұратын сүтқоректілер класының өкілдерінің алатын орны өте маңызды. Бұлар дәмді еті, жұмсақ ұлпалы терісі, түрлі шикізат көздері ретінде пайдаланылса, екінші жағынан ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері, эпизоотиялық және эпидемиологиялық маңызы бар нысандар болып табылады.
Қазақстанның жыртқыштары жайында біршама жалпылама еңбектер жарияланған (Федосенко и др. [Fedosenko and othere] 1981; Бекенов [Bekenov] 1981; Бекенов, Лазарев [Bekenov, Lazarev] 1981; Бекенов [Bekenov] 1982; Шубин [Schubin] 1982; Лобачев [Lobachev] 1982; Федосенко и др. [Fedosenko and others] 1985; Мусабеков [Musabekov] 2007) және т.б. Бұл еңбектерде жыртқыштардың биологиясы мен экологиясы жайында бұдан 40-50 жыл бұрынғы материалдар келтірілген. Бұл материалдар жыртқыштар фаунасының динамикасына мониторинг жүргізуге негіз болып табылатыны сөзсіз. Десе де уақыт өте бұл дерек көздері ескіреді, қазіргі жағдайды білу үшін кең-байтақ республикамыздың түрлі аудандарынан жаңа деректер қажет екендігіне ешкім күмән тудырмайды деп ойлаймыз. Объективті және субъекьтивті жағдайларға байланысты XXI-ғасырдың алғашқы онжылдықтарында зерттеу жұмыстары тоқырап қалды. Белгілі бір территориялар бойынша олардың алуантүрлілігі, биотоптар бойынша орналасуы, мекендейтін орындарының, қорек құрамының ерекшеліктері, олардың қазіргі кездегі маңызы және т.б. жақтары жайында еңбектер өте аз. Бұл сұрақтарды шешу жыртқыштардың биологиясы мен экологиясын кейбір мәселелерін түсінуге көмектесетіні сөзсіз және оның қазіргі таңда өзектілігі өте жоғары.
Әдебиеттер:
Байгабысов А.М., Нуртазин С.Т., Есжанов Б., Салмурзаулы Р., Конысбаев Т.Г. 2015. Современное состояние некоторых редких и исчезающих млекопитающих, обитающих на территории АГПЗ (в летне-осенне-зимний период 2014 г. с помощью камер-фотоловушек). Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Серия экологическая. №2/2 (44) С. 468 -474.
Бекенов А.Б. 1981. Шакал //Млекопитаюшие Казахстана в четырех томах. Том ІІІ (часть первая). Алма-Ата: Наука. С. 57-72.
Бекенов А. 1982. Род Перевязки. Млекопитающие Казахстана. Т. III, часть 2. Алма-Ата: Наука. С. 94-100.
Бекенов А., Лазарев А.А. 1981. Род Лисицы. Млекопитающие Казахстана. Т. III, часть 1. Алма-Ата: Наука. С. 72-101.
Грачев Ю.А., Грачев А.А., Байдавлетов Р.Ж. 2013. Мониторинг популяций снежного барса в Казахстане с помощью фотоловушек. Научно-методичекские основ составления государственного кадастра животного мира Республики Казахстан с сопредельных стран. Алматы. С. 67-70.
Грачев А.А., Грачев Ю.А., Мелдебеков А.М., Майлыбеков А.Б., Ахметов Х.А. 2014. Снежный барс на территории ГНПП «Кольай колдері» (Северный Тянь-Шань) // Современное состояние биоразнообразия Чарынского государственного национального природного парка прилегпющих территорий. Алматы. С. 146-148.
Грачев А.А., Грачев Ю.А., Мелдебеков А.М. 2015. Предварительные результаты изучения и мониторинга снежного барса с помощью фотоловушек в Казахстане. Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Серия экологическая. №2/2 (44) С. 512 -518.
Есжанов Б., Молдахан Ж. 2018. Жабайы және сирек кездесетін жануарларды есепке алу және таралу аймағын анықтаудағы фототұзақтың тиімділігі, Актуальные проблемы биологиии и экологии: Материалы Международной конференции. 16-17 ноября 2018 г. Караганда. С. 81-85.
Есжанов Б., Молдахан Ж., Мусин Т.О. 2016.Жоңғар Алатауы МҰТП аумағындағы мысықтар тұқымдасының экологиялық жағдайы. «Заманауи сын-тегеуріндер мен қоғамның жаһандану жағдайында Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуеті» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 1 том. 28-29 қазан, 2016 ж. Талдықорған. Б. 186-192.
Злобин Б.Д. 1970. Влияние лисицы на популяцию ондатры Южного Прибалхашья. Автореферат кандидатской диссертации. Алма-Ата. 20 с.
Лебедева Н.В., Дроздов Н.Н., Криволуцкий Д.А. 2004. Биологическое разнообразие. М.: Владос. 432 с.
Лобачев Ю.С. 1982. Род Барсуки // Млекопитающие Казахстана. Т. III, часть 2. Алма-Ата: Наука. С. 151 -170.
Лобачев Ю.С., Есжанов Б. 2002. Об изменениях ареалов пушных зверей в Казахстане. Журнал «Selevinia, №1-4. С. 165-170.
Мусабеков К.С. 2007. Шакал в Казахстане (экология, поведение и хозяйственное значение). Автореферат кандидатской диссертации. Алматы. 16 с.
Позвоночные животные Казахстана (под редакцией академика Е.В.Гвоздева) 2013. Алматы: Атамұра. 312 с.
Федосенко А.К. 1986. Волки. Алма-Ата: Қайнар. 96 с.
Федосенко А.К., Слудский А.А., Фадеев В.А. 1981. Волк. Млекопитающие Казахстана в четырех томах. Том третий (часть первая). Алма-Ата: Наука. С. 8-57.
Федосенко А.К., Фадеев В.А., Филимонов А.Н. 1985. Численность и особенности образа жизни волка по регионам: Казахстан. Волк. М.: Наука. С. 513-519.
Шубин И.Г. 1982. Ласка. Млекопитающие Казахстана. Т.III, часть 2. Алма-Ата: Наука. С. 28 -40.
Henschel P. and Ray J. 2003. Leopards in African Rainforests: Survey and Monitoring Techniques. Global Carnivore Program, Wildlife Conservation Society, 50 p.
Jackson R.M., Roe J.D., Wangchuk R. and Hunter D.O. 2005. Surveying Snow Leopard Populations with Emphasis on Camera Trapping: A.Handbook. Sonoma, California: The Snow Leopard Conservancy. 70 p.
Karanth K.U. 1995. Estimating tiger (Pantera tigres) populations from camera trap data using capture recapture models. Biological Conservation. 71 (3). Pp. 333-338.
Maffei L.E., Cuellar and Noss A. 2004. One thousand jaguars (Pantera onca) in Bolivia’s Chaco camera trapping in the Kaa-lya National Park. Journal Zoology London 262. Pp. 295-304.
Silver S.C., Ostro L.E.T., Marsh L.K., Maffei L., Noss A.J., Kelly M.J., Wallace R.B., Comez H. and Ayala G. 2004.The use of camera traps for estimating jaguar Pantera onca abundance and density using capture / recapture analysis. Oryx 38 (2). Рp. 148-154.