DOI: https://doi.org/10.54944/kzbup574gj46
ӘОЖ 597.599
Джунуспаев Б.С.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы,Абай көшесі,34, Түлкібас ауданы, 161310, Түркістан облысы, Қазақстан.
E-mail: bauka120679@gmail.com
Тұжырым:
Мақала «Ақсу-Жабағылы» қорығы құрылғаннан бастап, 2022 жылға дейінгі қасқырдың (Canis lupus Linnaeus, 1758) қорық территориясында өсуі мен таралуына арналған. Негізінен бұл жыртқыш Жабағылы тауының теріскей бетіндегі тау аңғарларымен Үлкен және Кіші Қайындыларда, Иірсу, Ақсу, Балабалдыберек және Балдыберек өзен аңғарларында көптеп кездеседі. Қасқыр көп жағдайда топ болып, яғни үйір болып тіршілік етеді. Бұрын қасқырлар 3-4 дарақтан кездесуші еді, бірақ қазіргі жағдайда өзіміз көргендей 10 шақты дарақ болып жүреді. Динамикасы мен маусымдық санақ бойынша 2019-2022 жылдар аралығындағы сандары туралы мәліметтер беріліп отыр. Мақалада ғылыми қызметкерлердің есептері мен ғылыми еңбектері, мемлекеттік инспекторлардың күнделіктерінен алынған мәліметтері, Табиғат жылнамасы кітаптарында және қорық мұрағатында сақталған жариялымдар алынған.
Кілт сөздер. Ақсу-Жабағылы» қорығы, қасқыр, таралуы, өсіп-өнуі.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Қасқыр (Canis lupus Linnaeus, 1758) қазіргі таңда көбею үстіндегі жыртқыштардың бірі болып табылады. Қасқыр – аты барлық адамға бала кезінен таныс. Негізінде қасқыр – күшті, батыр, ержүрек жыртқыш, ақылы мен айласы түлкіден асып түседі. Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, сымбатты да күшті жыртқыш (денесінің ұзындығы 100-160 см, салмағы 25-40 кг), терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады. Қасқырлар 15-16 жыл тіршілік етеді. Басқа аңдармен қоректенеді – қояннан бұланға дейін, ірі қара малдарға ұйымдасып шабуыл жасайды. Жазда жұп болып тіршілік етеді. Қасқырлар серігін тек бір-ақ рет таңдайды. Аналығы екі ай буаздықтан кейін, 14-ке дейін бөлтірікті дүниеге акеледі. Жылдың суық мерзімінде топ болып жиналады, сөйтіп тек жабайы не үй жануарлары ғана емес, адам өмірі үшін де қауіп төндіреді. Бұл жыртқыш «Ақсу-Жабағылы» қорығының барлық аумағына таралған.
Мақалада ғылыми қызметкерлердің есептері мен ғылыми еңбектері, мемлекеттік инспекторлардың күнделіктерінен алынған мәліметтері, Табиғат жылнамасы кітаптарында (Сурет 2) және қорық мұрағатында сақталған жариялымдар алынған.
Бұл жыртқыш негізінен Жабағылы тауының теріскей бетіндегі тау аңғарларымен Үлкен және Кіші Қайындыларда, Иірсу, Ақсу, Балабалдыберек және Балдыберек өзен аңғарларында көптеп кездеседі. Алайда соңғы бес жылдықта қасқырдың саны күрт артуда. Қасқырдың үй жануарларына шабуыл жасауы көптеп кездеседі. Инспекторлардың айтуынша бұрын қасқырлар 3-4 дарақтан кездесуші еді, бірақ қазіргі жағдайда өзіміз көргендей 10 шақты болып жүреді.
2006 жылы Жабағылы кордоның бас инспекторы С. Жунуспаевтың айтуынша 2 қасқыр кордонның итін жеп кеткен. Дарбаза айналым инспекторы Төреқұлов 2006 жылғы болған желтоқсан айында Сілбілі кордонда 12 дарақ қасқыр кездестірілген деген мәлімет бар. 1935 жылғы Ғылым Комитететіндегі Қазақстан ОСК кіші ғылыми қызметкері В.Е. Клюев [Klyuev, 1935] Ақсу Жабағылы қорығын зерттеу жұмысында жазылған мәліметтерінде (Сурет 3), сол жылдардағы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қызыл қасқыр (Cuan alpinus Pallas, 1811) туралы және сұр қасқыр (Canis lupus Linnaeus, 1758) туралы жазылған кестесінде қызыл қасқырды 150-200 дарақ, ал сұр қақырды 100-150 дарақ деп берілген екен. Қазіргі жағдайда қызыл қасқыр (Cuan alpinus) жайлы мәліметтер жоқ, инспекторлардың айтуынша 2003 жылы төменгі белдеуден бір жұбын көргендер бар екен.
Әдебиеттер:
Ақсу –Жабағылы табиғат жылнамасынан 2006 ж.
Ақсу –Жабағылы табиғат жылнамасынан 2007 ж.
Отчет МНС Клюев В.Е. Комитета Науки при Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан. 1935 год.