1Есенбекова П.А., 1,2Бекдаир Д.Б., 2Жақсыбаев М.Б.

1 – ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, Қазақстан

E-mail: esenbekova_periz@mail.ru

2 – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан


Тұжырым:

Мақалада Алматы қаласының Баум тоғайы аумағында 2022-2023 жылдары өсімдікқоректі жартылай қаттықанаттыларға жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары нәтижелері беріліп отыр. Зерттеулер нәтижесінде өсімдікқоректі жартылай қаттықанаттылардың Pentatomomorpha II инфраотрядының 6 тұқымдасына жататын 33 түрі анықталды. Бұлардың арасында түр құрамы жағынан басым тұқымдастар – Pentatomidae (15 түр, 45%), Acanthosomatidae (6 түр, 18%), Cydnidae (6 түр, 18%), Scutelleridae (3 түр, 9%), қалған тұқымдастардан 1-2 түрден ғана белгілі болды. Жартылай қаттықанаттылары тіршілік ету орталарына қарай келесідей топтарға бөлінді: герпетобионттар (5 түр), гео-герпетобионттар (3 түр), хортобионттар (14 түр), дендро-хортобионттар (1 түр), дендро-тамно-хортобионттар (1 түр), дендро-тамнобионттар (5 түр), дендробионттар (3 түр). Олар экологиялық ерекшеліктеріне қарай мезофилдер (31 түр), мезоксерофилдер (1 түр), гигро-мезофилдер (1 түр). Зерттеу түрлері қоректік байланысы жағынан келесідей топтарға бөлінді: кең олигофитофагтар (11 түр), тар олигофитофагтар (3 түр), полифитофагтар (19 түр). Олардың жылына беретін ұрпақтар саны бойынша келесі топтарға бөлінді: моновольтинді (31 түр), бивольтинді (2 түр). Жартылай қаттықанаттылар әртүрлі даму сатысында қыстайды: ересек дарасы (31 түр), дернәсілдері (2 түр).

Кілт сөздер. Алматы қаласы, Баум тоғайы, өсімдікқоректі, жартылай қаттықанаттылар, Pentatomomorpha II, Heteroptera.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Баум тоғайы Алматы мегаполисінің аумағында орналасқан, ол демалыс, сауықтыру және басқа да функцияларды атқаратын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Тоғайдың фауналық құрамы әлі толық зерттелмеген, сондықтан бұл жұмысымыз өзекті. Жартылай қаттықанаттылар – насекомдар класындағы шала түрленіп дамитын ең үлкен отряд. Олардың көпшілігінде иісті бездері бар, саңылаулары ересек дараларының кеудесінің төменгі жағында бірінші және екінші жұп аяқтардың арасында орналасқан. Бұл бездердің секрециялары адамға тән жағымсыз иісті, ол жауларын қорқытады және феромон ретінде әрекет етеді. Ауыз аппараты тесіп-сорғыш. Жыртқыштар (зоофагтар), паразиттер (гематофагтар), араласқоректі (зоофитофагтар) және өсімдікқоректі (фитофагтар) түрлері бар. Құрлық жартылай қаттықанаттыларының арасында көптеген дақылдарды соратын зиянкестер бар (Большая российская энциклопедия, 2004-2017). Олар өсімдіктердің генеративті мүшелері мен тұқымдарының шырынымен қоректеніп, өсімдіктерді әлсіретеді, сөйтіп өнімді азайтады. Әсіресе жиі кездесетін зиянды тасбақашық қандала (Eurygaster integriceps) және Aelia қалқаншалы қандалалары. Жыртқыш жартылай қаттықанаттылар, атап айтқанда, Orius және Nabis туысының түрлері ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына зиянды жәндіктерді – жұлдызқұрттарды, өсімдік биттерін, қоңыз дернәсілдерін және т.б. санын реттеп, көп пайда келтіреді.

Әдебиеттер:

Асанова Р.Б. 1986. Полужесткокрылые (Heteroptera) Восточного Казахстана. Алма-Ата. 15 с. (Деп. ВИНИТИ № 7506-В86).

Асанова Р.Б. 1969. Полужесткокрылые древесной и кустарниковой растительности Казахстана. Материалы 1-й науч конференции молодых спец-в и аспирантов. Мин-во с/х Каз ССР, КазИЗР. АлмаАта: Мин. сельхоз. Каз ССР, КазИЗР. С. 10-12.

Виноградова Н.М. 1965. Резервации вредной черепашки Eurygaster integriceps Put. (Heteroptera, Scutelleridae) на дикой злаковой растительности. Энтомол. обозр. Т. 44. №4. С. 725-737.

Винокуров Н. Н., Канюкова Е.В. 1995. Полужесткокрылые насекомые (Heteroptera) Сибири. Новосибирск: Наука. С. 191-195. 238 с. ISBN 5-02-0306069-0.

Гидаятов Д.А. 1982. Полужесткокрылые группы пентатомоморфа Азербайджана. – Баку: Изд-во «Элм». 160 с.

Йосифов М. 1981. Heteroptera, Pentatomoidea. ІІ. Фауна на България. Т. 12. София. 205 с.

Канюкова Е.В. 1988. Семейство Acanthosomatidae – Древесные щитники. Определитель насекомых Дальнего Востока СССР. Т. II. Равнокрылые и полужесткокрылые / под общ. ред. П.А. Лера. Л.: Наука. С. 912-915. 972 с. ISBN 5-7442-0921-2.

Кержнер И.М. 1972. Клопы-щитники рода Elasmucha Stal (Heteroptera, Acanthosomatidae) фауны СССР. Зоол. журн. Т. 51. Вып. 2. С. 214-219.

Кержнер И.М. 1964. Новые и малоизвестные полужесткокрылые (Heteroptera) из Казахстана и других районов СССР. Тр. Зоол. инст-та АН СССР. (Новые виды насекомых фауны Казахстана). Т. 34. С. 113-130.

Кириченко А.Н., Кержнер И.М. 1972. Наземные полужесткокрылые (Heteroptera) Монгольской Народной Республики // Насекомые Монголии. Вып.1. Л.: Изд-во «Наука». С. 383-428.

Кириченко А.Н. 1918. Полужесткокрылые (Hemiptera-Heteroptera) Кавказского края. Записки Кавказ. Музея: Серия А. № 6. Часть I. 177 с.

Мамаев Б.М., Медведев Л.Н., Правдин Ф.Н. 1976. Определитель насекомых европейской части СССР. М.: Просвещение. С. 93. 304 с.

Нейморовец В.В. 2003. Дополнение к фауне полужесткокрылых (Heteroptera) Краснодаского края и Республики Адыгея. Энтомол. обозр. Т. 82. Вып. 3. С. 584-589.

Петрова В.П. 1975. Щитники Западной Сибири (Hemiptera, Pentatomidae). Новосибирск. 236 с.

Петрова В.П. 1975. Щитники Западной Сибири. Новосибирск: Наука. С. 93. 239 с. Поливанова Е.Н. 1960. Эколого-морфологические особенности клопов надсемейства Pentatomoidae в южных зерновых районах европейской части СССР. В кн.: Вредная черепашка. Т. 4. М. С. 157-221.

Полужесткокрылые. Большая российская энциклопедия : [в 35 т.] / гл. ред. Ю.С. Осипов. М.: Большая российская энциклопедия, 2004-2017.

Пучков В.Г. 1967. К экологии малоизвестных видов полужесткокрылых (Heteroptera) европейской части СССР. Сообщение ІІІ. Вестник зоологии. № 5. С. 66-69.

Пучков В.Г. 1959. Клопы, или настоящие полужесткокрылые. Свекловодство. Т. 3. Ч. 1. С. 263-277.

Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea). Фрунзе: Илим. 329 с.

Пучков В.Г. 1961. Щитники. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 1. Киів: Вид. АН УРСР. 339 с.

Ahmad, Imtiaz; McPherson, J.E. 1990. “Male genitalia of the type species of Corimelaena White, Galgupha Amyot and Serville, and Cydnoides Malloch (Hemiptera: Cydnidae: Corimelaeninae) and their bearing on classification”. Annals of the Entomological Society of America. 83 (2): 162&ndash, 170.

Antônio R. Panizzi, Jocélia Grazia. 2015. True Bugs (Heteroptera) of the Neotropic. Dordrecht, Heidelberg, New York, London: Springer Science+Business Media Dordrecht. P. 789-820. 900 p. (Entomology in Focus. Volume 2). ISBN 978-94-017-9860-0. doi:10.1007/978-94-017-9861-7

Davidova, J. and P. Štys, 1980. Taxonomy and Phylogeny of West Palearctic Plataspidae (Heteroptera). Vydala Academia. Eeskoslovenska Academie Vid., pp. 156.

Foottit R.G., Adler P.H. 2017. Insect Biodiversity: Science and Society, (англ.) / 2nd Edition. Oxford: Wiley-Blackwell. Vol. 1. С. 309-310. 867 с. ISBN 978-1-118-94553-7.

Froeschner, R.C. 1960. Cydnidae of the Western Hemisphere. Proceedings of the United States National Museum, 111(3430): 337-680, 13 plates.

Josifov M., Kerzhner I.M. 1978. Heteroptera aus Korea. I. Teil. Fragmenta Faunistica. Vol. 9. P. 137-195.

Rolston, L H; Mcdonald, F J D. 1979. “Keys and Diagnoses for the Families of Western Hemisphere Pentatomoidea, Subfamilies of Pentatomidae and Tribes of Pentatominae (Hemiptera)”. Journal of the New York Entomological Society. 87 (3): 189-207.

Schuh R. T., Slater J. A. 1995. True Bugs of the World (Hemiptera: Heteroptera): Classification and Natural History. Ithaca, New York: Cornell University Press. P. 220-228. 336 p. ISBN 08014 2066 0

Smith R., Holmes A. 2002. Literature-based key to Florida «burrowing bugs» (Heteroptera: Cydnidae). ENY 4161/6166 Insect Classification Exercise

Thomas D.B., Jr. 1991. The Acanthosomatidae (Heteroptera) of North America Pan-Pacific Entomologist 67(3): 159-170.

Wagner, E. 1951. Über die variationen bei Eurygaster-Arten (Hemipt. Het. Scutelleridae). Commentationes Biologicae. Bd. 12(11). S. 1-43.


kkҚазақ тілі