DOI: https://doi.org/10.54944/kzbjl855ry48

ӘОЖ 595.797 (574)


Марденова Г.Е.

ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» РМК, аль-Фараби даңғылы, 93, Алматы, Қазақстан Е- mail: mardenova_goha@mail.ru


Тұжырым:

Мақала автордың 2023 жылдың мамыр-маусым айларында Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Алматы қаласы маңы мен Алматы облысының Қарасай, Кеген аудандарында жүргізілген далалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері беріліп отыр. Зерттеу нәтижесінде Жол аралары (Hymenoptera, Pompilidae) тұқымдасының 11 туысына жататын 14 түрі анықталды. Жалпы бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның жол аралары фаунасын зерттеу болғандықтан, зерттеу аймағын толық бақылап, материалдар жиналды. Насекомдарды энтомологиялық сүзгінің көмегімен жер бетінен немесе өсімдіктерді ору әдісі арқылы жиналды. Зертханалық жағдайда Жол араларының түр құрамын микроскоппен анықтағыштар және Зоология институты коллекциялары арқылы анықталды.

Кілт сөздер: Жарғаққанаттылар, Hymenoptera, Жол аралары, Pompilidae, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жол аралары (Hymenoptera, Pompilidae) тропиктік аймақтарда түр алуантүрлілігінің басымдығымен космополиттер болып табылады. Әлемдік фаунада 125 туысқа жататын 5000-ға жуық түр белгілі (Локтионов, Лелей, 2014). Қазақстан жол аралары фаунасына бай, бірақ әлі толық зерттелмеген. 200 түрден кем емес. Бұл аралар жеке жеке тіршілік етеді. Аналықтары жерге ұя салады, сондай-ақ ағаш сүрегіне немесе шөптің сабағында қуыстарды пайдаланады, балшықтан ұялар жасайды. Аралар жансызданған өрмекшілерді болашақ дернәсілдері үшін қорек ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, жол араларының арасында клептопаразиттер (инквилиндер) бар, олар өз ұрпақтарын қоректендіру үшін осы тұқымдастың басқа араларының (өрмекшілерінің) олжасын пайдаланады (Локтионов, Лелей [Loktionov, Lelei] 2014). Имаго негізінен гүлді өсімдіктердің балшырындарымен қоректенеді.

Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның жол аралары фаунасын зерттеу болып табылады. Жол араларының дене мөлшері орташа және үлкен (7-25 мм). Дене түсі әдетте қара немесе қара түс қызыл немесе сары түсті кескіндермен. Биологиялық жағынан жол аралары біртекті. Көбісі өрмекшілерді аулайды.

Жемтігіне шабуыл жасағанда, аралар өте тез жылдамдықпен әрекет етеді, өрмекшінің денесіне бірден бір немесе бірнеше күшті шаншу жасайды. Өрмекші жансызданғаннан кейін аналық оны арнайы қазылған шұңқырларға немесе жердегі дайын қуыстарға орналастырады. Кейбір түрлер (Аuplopus туысы) саздан ұялар жасайды. Кейбір жол аралары өрмекшіні ұясында шаншып, оған бірден жұмыртқа салады.

Әдебиеттер:

Bogdan Wiśniowski, 2009. Spider-hunting wasps (Hymenoptera: Pompilidae) of Poland. Ojców National Park, Ojców. ISBN 83-60337-15-4

Vander Linden P.L. 1827. Observations sur les Hyménoptères d’Europe de la famille des fouisseurs, première partie. Scoliètes, Sapygides, Pompiliens et Sphégides. Nouvelles Mémoires de l’Académie Royale des Sciences et Belles Lettres de Bruxellus. T. 4. P. 271–367.

Wahis R. 2013. Fauna Europaea: Hymenoptera, Pompilidae // Fauna Europaea version 2.6.2. http:// www faunaeur.org.

Wiśniowski B. 2009. Spider-hunting wasps (Hymenoptera: Pompilidae) of Poland. Diversity, identification, distribution. Ojców: Ojców National Park. 432 p.

Wolf H. 1994. Zur Kenntnis der Gattung Tachyageies HAUPT 1930 (Hymenoptera, Pompilidae). V. Linzer biol.Beitr. 26/2: 907-921, Linz. Лелей А.С. 1992. Сем. Pompilidae // Чистяков Ю.А. (ред.). Насекомые Хинганского заповедника. Ч.2. Владивосток: Дальнаука. С. 239–243.

Лелей А.С. 1995а. Отряд Hymenoptera – Перепончатокрылые. Введение // Лелей А.С., Купянская А.Н., Курзенко Н.В., Немков П.Г. (ред.). Определитель насекомых Дальнего Востока России. Т. IV. Сетчатокрылые, скорпионницы, перепончатокрылые. Ч. 1. СПб: Наука. С. 82–126.

Лелей А.С. 1995б. Сем. Pompilidae – Дорожные осы // Лелей А.С., Купянская А.Н., Курзенко Н.В., Немков П.Г. (ред.). Определитель насекомых Дальнего Востока России. Т. IV. Сетчатокрылые, скорпионницы, перепончатокрылые. Ч. 1. СПб: Наука. С. 211–264.

Лелей А.С. 2000. Сем. Pompilidae – Дорожные осы. Дополнение // Лелей А.С., Купянская А.Н., Немков П.Г., Холин С.К. (ред.). Определитель насекомых Дальнего Востока России. Т. IV. Сетчатокрылые, скорпионницы, перепончатокрылые. Ч. 4. Владивосток: Дальнаука. С. 615–624.

Лелей А.С. 1988. Дорожные осы рода Priocnemis Schiødte (Hymenoptera, Pompilidae) Дальнего Востока СССР // Труды Всесоюзного энтомологического общества. (Систематика насекомых и клещей). Т. 70. С. 74-87.

Лелей А.С., Локтионов В.М. 2012. Надсем. Pompiloidea. Сем. Pompilidae (Psammocharidae) – Дорожные осы // Лелей А.С. (ред.). Аннотированный католог насекомых Дальнего Востока России. Том I. Перепончатокрылые. Владивосток: Дальнаука. С. 407–414.

Локтионов В.М. 2011. Фауна и географическое распределение дорожных ос (Hymenoptera: Pompilidae) Дальнего Востока России // Лелей А.С. (ред.). Определитель насекомых Дальнего Востока России. Дополнительный том. Владивосток: Дальнаука. С. 81–92.

Локтионов В.М., Лелей А.С. 2014. Дорожные осы (Hymenoptera: Pompilidae) Дальнего Востока России. Владивосток: Дальнаука. 472 с.

Локтионов В.М., Лелей А.С. 2014.Дорожные осы (Hymenoptera: Pompilidae) Дальнего Востока России. Владивосток: Дальнаука. 472 с. ISBN 978–5–8044–1443–74.

Определитель насекомых Дальнего Востока России. 1995. Т. IV. Сетчатокрылообразные, скорпионницы, перепончатокрылые. Ч. 1 / под общ. ред. П.А. Лера. СПб.: Наука, С. 211-264. Сем. Pompilidae – Дорожные осы (Лелей А.С.). 606 с. ISBN 5-02-025944-6.

Рitts J.P., Wasbauer M.S., von Dohlen C.D. 2006. Preliminary morphological analysis of relationships between the spider wasp subfamilies (Hymenoptera: Pompilidae): revisiting an old problem. Zoologica Scripta. Vol. 35. P. 63–84.

Тобиас В.И. 1978. Надсем. Pompiloidea // Медведев Г.С. (ред.). Определитель насекомых европейской части СССР. Т. III. Ч. I. Л.: Наука. С. 83–147.

Чернов Ю.И., Лелей А.С., Стороженко С.Ю. 2011. Таксономическое разнообразие насекомых Дальнего Востока России. // Лелей А.С. (ред.). Определитель насекомых Дальнего Востока России. Дополнительный том. Владивосток: Дальнаука. С. 7–45.

kkҚазақ тілі