DOI: https://doi.org/10.54944/kzbnj471rk64
ӘОЖ: 595.754
Есенбекова П.А.
ҚР БҒМ ҒК Зоология инситуты, әл Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан
E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz
Тұжырым:
Мақала автордың 2022 жылы сәуір айында Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі, Сайрамсу шатқалында жүргізілген зерттеулер нәтижесі беріліп отыр. Олар әртүрлі биотоптарда тіршілік етеді және биогеоценоздағы биологиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижесінде Жартылай қаттықанаттылар отрядынан 7 тұқымдасқа жататын 11 түр анықталды. Зерттеу аймағының Жартылай қаттықанаттылары тіршілік ету ортасына байланысты гигрофил (2 түр), хортобионт (2 түр), герпето-хортобионт (3 түр), герпетобионт (2 түр), дендро-хортобионт (1 түр), дендро-тамнобионт (1 түр) болып бөлінеді. Зерттеу аймағындағы жартылай қаттықанаттылар экологиялық жағынан гигрофил (2 түр), мезофил (8 түр), мезо-ксерофил (1 түр). Бұл түрлер қоректік байланысы жағынан өсімдікқоректілер мен жыртқыштар болып табылады. Өсімдікқоректі түрлер кең олигофитофагтар (2 түр), полифитофаг (5 түр) болып бөлінеді. Қалған 3 түр – зоофагтар, 1 түр –зоофитофаг болып табылады. Жартылай қаттықанаттылар жылына беретін ұрпақ санына байланысты моновольтинді (7 түр), бивольтинді (3 түр), жылына 2-3 рет ұрпақ (1 түр) беретін түрлер болып бөлінеді. Жартылай қаттықанаттылар шала түрленіп дамитын болғандықтан жұмыртқа, дернәсіл, ересек даралары сатысынан өтеді. Зерттеу аймағындағы жартылай қаттықанаттылар ересек дарасы және дернәсілдері сатысында қыстайды. 10 түрдің ересек даралары, 1 түрдің ересек даралары мен дернәсілдері қыстайды.
Кілт сөздер: Сайрам-Өгем МҰТП, Сайрамсу, көктемгі жартылай қаттықанаттылар, Heteroptera.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар (Heteroptera) насекомдар класының (Insecta) ең ірі отряды. Әлемдік фаунада отрядқа жататын 104000 астам түрі белгілі (Robert G. Foottit, Peter H. Adler, 2009). 2013 жылдың тамызына қарай ғалымдар 104 165 түрді, оның ішінде 1982 қазба түрлерін сипаттап жазды (Zhang, 2013). Бұл отряд насекомдары шала түрленіп дамиды, олардың басты белгісі – ауыз аппараты тесіп сорғыш типті, тұмсығы басының алдыңғы бөлігіне орналасқан. Бұл насекомдардың тіршілігі алуантүрлі, олар өсімдікқоректілер, демек түрлі өсімдіктермен қоректенеді, жыртқыш түрлері де бар, олар түрлі ұсақ буынаяқтылармен қоректенеді. Бұлар құрлық және су насекомдары, су бетінде тіршілік ететін су аршындар және тірі организмдер ішінде тоғышарлық жасап тіршілік ететін түрлері де кездеседі.
Көктемде қаңдалалардың жаппай пайда болуының негізгі себебі, қоршаған орта температурасына байланысты, бір түр таулы аймақтарда, облыстың жазық бөлігіне қарағанда кеш оянады. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сайрамсу шатқалы аумағында сәуір айында зерттеу жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан бұл зерттеу өзекті болып, қандай түрлердің қысқы ұйқыдан ерте шығатынын анықтадық.
Әдебиеттер:
Асанова Р.Б. 1962. Настоящие полужесткокрылые (Hemiptera – Heteroptera) Центрального Казахстана. Материалы I научной конференции молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата. С. 276-277.
Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сборнике: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: Издательство «Наука» КазССР. С. 121-135.
Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Алма-Ата: Издательство «Кайнар». 204 с.
Есенбекова П.А. 2006. К фауне полужесткокрылых долины среднего течения р. Или. Вестник КазНУ. Серия биологическая. Алматы. № 2 (28). С. 68-78.
Кержнер И.М. 1964. Новые и малоизвестные полужесткокрылые (Heteroptera) из Казахстана и других районов СССР. Труды Зоологического института АН СССР. (Новые виды насекомых фауны Казахстана). Т. 34. С. 113-130.
Кириченко А.Н. 1918. Полужесткокрылые (Hemiptera-Heteroptera) Кавказского края. Записки Кавказ. Музея: Серия А. № 6. Часть I. 177 с.
Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР. 124 с.
Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.
Петрова В.П. 1975. Щитники Западной Сибири (Hemiptera, Pentatomidae). Новосибирск. 236 с.
Пучков В.Г. 1959. Клопы, или настоящие полужесткокрылые. Свекловодство. Т. 3. Ч. 1. С. 263-277.
Пучков В.Г. 1962. Крайовики. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 2. Киів, Вид. АН УРСР. 163 с.
Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea). Фрунзе: Илим. 329 с.
Пучков В.Г. 1969. Лiгеïди. Фауна Украïни. Т. 21. Вып. 3. Киів: Вид. АН УРСР. 388 с.
Пучков В.Г. 1974. Беритиди, червоноклопи, піезматиди, підкорники і тингіди. Фауна Украіни. Т.21. Вип. 4. Кіев. 332 с.
Пучков В.Г. 1987. Полужесткокрылые. Хищнецы. Фауна Украины. Наукова думка. Киев. Т. 21. Вып. 5. 248 с.
Саулич А.Х., Мусолин Д.Л. 2007. Сезонное развитие водных и околоводных полужесткокрылых насекомых (Heteroptera). Санкт-Петербург: Издательство Санкт-Петербургского университета. 205 с.
Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.
Benedek P. 1970. The semiaquatic Heteroptera in the Carpathian Basin with notes on the distribution and the phenology of the species. Faunistische Abhandlungen Staatliches Museum fur Tierkunde in Dresden. Bd. 3. S. 27-49.