DOI: https://doi.org/10.54944/kzbbp955zc12
ӘОЖ: 595.754
1, 2* Есенбекова П.А., 1 Бекдаир Д.Б., 2 Уәлиева Б.Б.
1 ҚР БҒМ ҒК Зоология инситуты, әл Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан
E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz
2 Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы, «Көлсай көлдері» МҰТП
Тұжырым:
Мақалада Күнгей Алатауындағы 2022 жылғы далалық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Зерттеудің мақсаты: зерттеу аумағындағы жер үсті жартылай қаттықанаттылардың фаунасы, биологиясы, экологиясы және таралуын зерттеу. Жеке зерттеулер негізінде жартылай қаттықанаттылар фаунасына түгендеу және кешенді талдау жүргізіліп, аннотацияланған тізім жасалды. Зерттеулер нәтижесінде 15 туысқа және 7 тұқымдасқа жататын жартылай қаттықанаттылардың 18 түрі анықталды. Доминантты түрлерге Myrmecophyes alboornatus (34 дана), Lygus pratensis (13 дана), Tingis reticulata (10 дана), Tingis angustata (9 дана) жатады. Жартылай қаттықанаттылардың қалған түрлері аз байқалады. Zicrona caerulea (Linnaeus, 1758) – Алматы облысының Қызыл кітабына енгізілген түр. Күнгей Алатауының Жартылай қаттықанаттылары қоректік байланыстарына қарай 3 топқа бөлінеді: фитофагтар (12 түр), зоофитофагтар (3 түр) және зоофагтар (3 түр), тіршілік формалары бойынша 4 топқа бөлінеді: герпетобионт (2 түр), герпето-хортобионт (2 түр), хортобионт (13 түр), хорто-тамно-дендробионт (1 түр), Күнгей Алатауының жартылай қаттыанаттылары жылына беретін ұрпақтар саны бойынша 3 топқа бөлінеді: моновольтинді (11 түр), бивольтинді (6 түр), жылына 2-3 ұрпақ (1 түр). Олардың ішінде ересектер сатысында 17 түр, жұмыртқа сатысында – 1 түр қыстайды, ал экологиясы бойынша 2 топ ерекшеленеді: мезо-ксерофилдер (2 түр), мезофилдер (16 түр).
Кілт сөздер: Көктемгі фауна, жартылай қаттыанаттылар, Күнгей Алатау.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Жартылай қаттықанаттылар – әртүрлі биотоптарды мекендейтін және биогеоценоздарда маңызды рөл атқаратын жәндіктердің ерекше отрядтарының бірі. Тіршілігі өте алуантүрлі. Жартылай қаттықанаттылар арасында жыртқыш немесе араласқоректі көптеген түрлер бар, бірақ өсімдікқоректі түрлер басым. Олар өсімдік шырындарымен, негізінен олардың генеративті мүшелерімен, тұқымдарымен қоректенеді. Өсімдікқоректі жартылай қаттықанаттылардың арасында ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының зиянкестері көп. Кейбір жыртқыш жартылай қаттықанаттылар орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерін жояды.
Зерттеудің мақсаты: зерттеу аумағындағы жер үсті жартылай қаттықанаттылардың фаунасы, биологиясы, экологиясы және таралуын зерттеу.
Әдебиеттер:
Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. М.-Л. Изд-во АН СССР. 124 с.
Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.
Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.
Асанова Р.Б. 1962. Настоящие полужесткокрылые (Hemiptera – Heteroptera) Центрального Казахстана. Мат-лы I научной конф. молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата. С. 276-277.
Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сб.: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР. С. 121-135.
Пучков В.Г. 1974. Беритиди, червоноклопи, піезматиди, підкорники і тингіди. Фауна Украіни. Т.21. Вип. 4. Кіев. 332 с.
Кириченко А.Н. 1918. Полужесткокрылые (Hemiptera-Heteroptera) Кавказского края. Записки Кавказ. Музея. Серия А. № 6. Часть I. 177 с.
Пучков В.Г. 1969. Лiгеïди. Фауна Украïни. Т. 21. Вып. 3. Киів: Вид. АН УРСР. 388 с.
Pericart J. 1999. Hemipteres Lygaeidae Euro-Mediterraneens. Federation Franciaise des societies de sciences naturalles. Paris. T. 84. Vol. 1. 472 p.
Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Алма-Ата: Изд-во «Кайнар». 204 с.
Есенбекова П.А. 2013. Полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Алматы, «Нур-Принт». 349 с. ISBN 978-601-80265-5-3
Кержнер И.М. 1981. Полужесткокрылые семейства Nabidae. Насекомые хоботные. Фауна СССР. Т. 13. Вып. 2. Л. Наука. 327 с.
Kerzhner I.M., Popov Yu.A. 1996. Type specimens of Miridae described by O.M. Reuter in the Zoological Museum of the Moscow University (Heteroptera). Zoosystematica Rossica. Vol. 4. No. 2. P. 270–272.
Йосифов М. 1961. Халобионтните и халофилните хетероптери по Черноморското крайбрежие. Известия Зоол. инст. (София). Кн. 10. С. 5-37.
Голуб В.Б. 1978. Клопы-слепняки рода Notostira (Heteroptera, Miridae) фауны СССР. Зоол. журнал. Т. 57. Вып. 9. С. 1359-1363.
Wagner, E. et Weber, H.H. 1964. Heteropteras Miridae. Fauna de France. 587 р.
Рошко Г.М. 1969. Экологическая характеристика кружевниц в украинских Карпатах. В кн.: Вопросы охраны природы Карпат. Ужгород. С. 138-155.
Пучков В.Г. 1986. Полужесткокрылые семейства Rhopalidae (Heteroptera) фауны СССР. Ленинград: Наука. 132 с.
Кириченко А.Н. 1951. Настоящие полужесткокрылые (Heteroptera) европейской части СССР. М.-Л.: Изд-во АН СССР. 423 с.
Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea). Фрунзе: Илим. 329 с.
Держанский В.В. 1990. Клопы-щитники рода Carpocoris Kol. (Heteroptera, Pentatomidae) фауны СССР. Энтомологическое обозрение. Т. 69. Вып. 1. С. 61-70.
Пучков В.Г. 1961. Щитники. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 1. Киів: Вид. АН УРСР. 339 с.
Петрова В.П. 1981. Трофические связи хищных щитников – Asopinae (Heteroptera, Pentatomidae). Фауна и экология членистоногих Сибири. СО АН СССР. Новосибирск. С. 86-89.