¹ Есенбекова П.А., ² Тәжиева А.Д.

¹*ҚР БҒМ ҒК «Зоолоия институты» РМК, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz

²Сырдария-Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, Әйтеке би көшесі, 31, Түркістан қаласы, Түркістан облысы, 161200 Қазақстан

Тұжырым:

Мақалада 2022 жылы мамыр айында Сырдария-Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалы, Орта Сүңгі, Теректі шатқалдарында жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижелері беріліп отыр. Зерттеу барысында Жартылай қаттықанаттылары (Heteroptera) отрядына жататын 8 тұқымдасқа жататын 12 түр анықталды. Жыртқыштар (Reduvidae), Жер қандалалары (Lygaeidae), Кенереуліктер (Coreidae), Нағыз қалқаншалылар (Pentatomidae) тұқымдастарынан 2 түрден, ал Ұсақ жыртқыштар (Anthocoridae), Қызыл қандалалар (Pyrrhocoridae), Жай көзшесіздер (Miridae), Ағаш қалқаншалы қандалалары (Acanthosomatidae) тұқымдастарынан 1 түрден белгілі болды. Бұлардың ішінде тіршілік ортасына байланысты дендро-хортобионттан 3 түр, дендро-тамнобионттан 1 түр, герпетобионттан 1 түр, хортобионттан 5 түр, герпето-хортобионттан 2 түр белгілі болды. Экологиялық ерекшелігі жағынан мезофилдер – 10 түр (83%), ксеромезофилдер – 2 түр (17%) болды. Жартылай қаттықанаттылардың қоректенуі өте алуан түрлі. Сырдария-Түркістан МӨТП қандалаларының барлық түрлері қоректенуі бойынша мынадай топтарға бөлінген: жыртқыштар (зоофагтар) – 3 түр, аралас қоректілер (зоофитофаг) – 1 түр, өсімдікқоректілердің ішінде: полифитофагтардан – 5 түр, кең олигофитофагтардан – 3 түр анықталды. Зерттеу аймағының Жартылай қаттықанаттыларынан 2 түр жылына 2-3 рет ұрпақ береді, 7 түр жылына 1 рет ұрпақ береді, 3 түр жылына 2 рет ұрпақ береді. Жартылай қаттықанаттылары әртүрлі даму сатысында қыстайды, ал Сырдария-Түркістан МӨТП 10 түрдің ересек даралары, 2 түрдің дернәсілдері мен ересек даралары қыстайды.

Кілт сөздер: Жартылай қаттықанаттылар (Heteroptera), Сырдария-Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Сырдария-Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалы, Орта Сүңгі, Теректі шатқалдарында далалық зерттеу жұмыстары 2022 жылдың мамыр айында жүргізілді.

Жұмыстың мақсаты – Сырдария-Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркі территориясындағы насекомдар фаунасын зерттеу, олардың биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін және таралуын зерттеу.

Далалық зерттеу барысында насекомдар ішіндегі маңызды отрядтың бірі Жартылай қаттықанаттыларға тоқталып, соларға талдау жасадық.

Жартылай қаттықанаттылар құрлық және су насекомдары, олардың дене пішіні мен дене мөлшері әртүрлі. Ауыз аппараты төменгі еріннен түзілген тесіп сорғыш тұмсықтан тұрады. Тұмсығы бос, басының алдыңғы жағынан шығып тұрады, көбіне 3-4 бунақты. Өсімдікқоректі түрлерде тұмсығы ұзын және жіңішке болады, ал жыртқыш түрлерде қысқа, әрі жуан, доға тәрізді иілген болады. Мұртшалары 4 бунақты, сирек 5 немесе 3 бунақты болады. Үш жұп аяқтары әдетте жүгіргіш, кейде алдыңғы аяқтары қазғыш немесе қорегін ұстағыш, артқы аяқтары секіргіш (сирек) немесе жүзгіш болады. Екі жұп қанаттары жақсы жетілген, бірақ кейбір тұқымдастарда қанаттары қысқарған немесе өзгеріске ұшырап жоқ болған. Алдыңғы және артқы жұп қанаттары құрылысы, пішіні және жүйкеленуі жағынан өзгеше болып келеді. Бірінші жұп қанатының жоғарғы бөлігі хитинді, төменгі бөлігі жарғақты болып келеді, сондықтан жартылай қаттықанаттылар деп аталады. Ал екінші жұп қанаты жарғақты (Кириченко [Kirichenko] 1951).


Әдебиеттер:

Кириченко А.Н. 1951. Настоящие полужесткокрылые европейской части СССР. Издательство Академии наук СССР. Москва-Ленинград. 423 с.

Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучение местных фаун. Москва-Ленинград. Изд-во АН СССР. 124 с.

Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 c.

Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. ВШ. Москва. 424 с.

Кулик С.А. 1978. Методы сбора и изучения полужесткокрылых насекомых (Heteroptera), обитающих на деревьях, кустарниках и травянистых растениях Сибири. Насекомые Восточной Сибири и Дальнего Востока. Иркутск. С. 7-19.

Элов Э.С. 1976. Полужесткокрылые сем. Anthocoridae (Heteroptera) Средней Азии и Казахстана. Энтомологическое обозрение. Т. 55. Выпуск 2. С. 369-380.

Талицкий В.И., Пучков В.Г. 1966. Обзор фауны полужесткокрылых (Hemiptera, Geocorinae) Молдавской ССР. Труды Молдавского НИИ садоводства, виноградарства и виноделия. Т. 13. С. 271-316.

Пучков В.Г. 1987. Полужесткокрылые. Хищнецы. Фауна Украины. Наукова думка. Киев. Т. 21. Выпуск 5. 248 с.

Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Алма-Ата: Издательство «Кайнар». 204 с.

Gredler P.V.M. 1870. Rhynchota Tirolensia I. Hemiptera heteroptera (Wanzen). Verh. Zool. Bot. Ges. Wien. Bd. 20. S. 69-108.

Priesner H. 1928. Prodromus zui Hemipteren – fauna von Oberosterreicn. Ill. Z. Wiss. Insektenbiol. -23, N5/7. S. 113-120.

Singer E. 1952. Die Wanzen (Hemiptera-Heteroptera) des unteren Maingebiets von Hanau bis Wurzburg mit Einschluss des Spessarts. Mitt. Naturwiss. Mus. Aschaffenburg. N.S. 5. S. 1-128.

Асанова Р.Б. 1962. Настоящие полужесткокрылые (Hemiptera – Heteroptera) Центрального Казахстана. Материалы I научной конференции молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата. С. 276-277.

Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сборнике: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР. С. 121-135.

Пучков В.Г. 1974. Беритиди, червоноклопи, піезматиди, підкорники і тингіди. Фауна Украіни. Т.21. Вип. 4. Кіев. 332 с.

Wagner E. et Weber H.H. 1964. Heteropteras Miridae. Fauna de France. Р. 1-587.

Пучков В.Г. 1969. Лiгеïди. Фауна Украïни. Т. 21. Вып. 3. Киів: Вид. АН УРСР. 388 с.

Пучков В.Г. 1962. Крайовики. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 2. Киів. Вид. АН УРСР. 163 с.

Винокуров Н.Н. 1979. Насекомые полужесткокрылые (Heteroptera) Якутии. Л.: Наука. 232 с.

Кириченко А.Н. 1964. Полужесткокрылые (Hemiptera-Heteroptera) Таджикистана. Душанбе. 180 с.

Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea).

Фрунзе: Илим. 329 с. Петрова В.П. 1975. Щитники Западной Сибири (Hemiptera, Pentatomidae). Новосибирск. 236 с.


kkҚазақ тілі