*Назымбетова Г.Ш., Абдыкеримов Ж.Д, Балатаев А.О.

ҚР ҒЖБМ РГП «Институт зоологии» КН МНВО РК, аль-Фараби, 93, Алматы, 050010, Қазақстан

E-mail: g.nazymbetova@mail.ru

Тұжырым:

Мақалада Ембі өңірінің аумағында жүргізілген геологиялық және палеонтологиялық зерттеулер жан-жақты сипатталған.

Ембі аймағында зерттеу XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ол жекелеген табиғат зерттеушілері, жаратылыстану ғалымдары, Петербург ғылымдар академиясының арнайы экспедициялары жүргізген зерттеулермен байланысты. 1768-1774 жылдар аралығында Ембі аймағының жан-жақты табиғаты мен тарихын зерттеушілер табиғат зерттеушісілер және саяхатшылар болды.

XIX ғасырда Ембі аймағында жүргізілген зерттеулердің барлығы маршруттық сипатта болған болса, XX ғасыр Ембі аймағында геологиялық, палеонтологиялық жұмыстардың жанданған ғасыры. Ембі аймағында әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарының (Бүкілресейлік мұнай-зерттеу геологиялық барлау институты (ВНИГРИ), КСРО ҒА Геология ғылымдары институты, Барлаудың геофизикалық әдістерінің Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты (ВНИИГеофизика) және т.б. ұйымдардың қызметкерлері әртүрлі тақырыпта зерттеулер жүргізді.

Кілт сөздер: Ембі, геология, палеонтология, палинология

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Ембі аймағы деген атаумен ғалымдар көп жағдайда шекарасы экономикалық негізде белгіленген аймақты түсінеді. Оның құрамына белгілі мұнай кен орындары бар аумақ кіреді, оның бір бөлігінде мұнай өндірілуде, екінші жағында жер қойнауын өнеркәсіптік барлау жүргізіліп жатыр. Әкімшілік сипатталған аумақ қазіргі Атырау және Ақтөбе облыстарының аумағында орналасқан.

kkҚазақ тілі