DOI: https://doi.org/10.54944/kzbek205xi19
ҒТАМР: 34.33.02
*¹Есжанов Б., ¹Құсманбек Қ., ²Садуов Ж.Ш., ²Аманбаев Ж.Б.
¹Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
²Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Аршаты орманшылығы, Катонқарағай ауданы, Қазақстан
*Е-mail: eszhanovbirlik@gmail.com
Тұжырым:
Мақалада Қатон-Қарағай ұлттық саябағы территориясына қарасты Берел филиалының Аршаты орманшылығы аумағында орналасқан кейбір тау жоталары – Алтыбай (1400- 1500 м), Жалғыз күңгей (1400-1500 м), Сарыбет (1500-1800 м), Шақабай (1500-1800 м), Бұқтырма өзені аңғарында (теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте) мекендейтін сүтқоректілердің алуантүрлілігі және олардың тау жоталары мен су алқаптары бойынша кездесу ерекшеліктері баяндалған. Зерттеу жұмыстары мекен ету орталарының ұқсас болатынына қарамастан териофаунаның түрлік құрамы әр түрлі болатынын көрсетті. Аршаты орманшылығы аумағында сүтқоректілердің 21 түрі есепке алынды. Бұл шамамен Қатон-Қарағай ұлттық саябақ аумағында кездесетін сүтқоректілердің (n=68) 31%-н құрайды. Оның ішінде Алтыбай тауында жаз айларында териофаунаның 4, Жалғыз күңгей-4, Сарыбет-5, Шақабай-2, Бұқтырма өзен аңғарларында 6 түрінің мекендейтіні анықталды. Олардың түрлік үлесі де түрліше. Мысалы, Алтыбай тауында барлық есепке алынған сүтқоректілердің 19%, Жалғыз күңгей-19%, Сарыбет 24%, Шақабай – 9,5%, Бұқтырма өзен аңғарларында 28,5%, кездеседі. Ұқсастық коэффициентінің жоғары көрсеткіші көрсетілген тау жоталарындағы және өзен аңғарларында мекендейтін сүтқоректілер арасында байқалады. Зерттелген территориядағы мекендейтін сүтқоректілердің арасында сирек кездесетін 3 түр бар. Олар осы аумақта мекендейтін сүтқоректілердің (n=21) 14%-ын құрайды.
Кілт сөздер: Қатон-Қарағай, Аршаты орманшылығы, сүтқоректілер, алуантүрлілік, ландшафт, ұқсастық коэффициенті, сирек кездесетін түрлер.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Жануарлар әлемі биосфераның айнымас бір бөлшегі болып табылатыны белгілі. Осы бөлшекке адамдар тарапынан тигізілетін антропогендік әсерлер (нақтылы жағдайда тау кен ісінің дамуына байланысты жаңа жерлерді қарқынды игеру, техника ғылымында жеткен жетістіктер, табиғи ортаның өндірістік, ауылшаруашылық және тұрмыстық қалдықтармен ластануы) қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырады.Тепе-теңдіктің бұзылуының бір көрінісі жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты табиғаттағы аңдардың кейбір түрлерінің санының азаюына алып келеді. Ал табиғаттағы қандай да бір түрдің жойылып кетуі ең алдымен адамзат баласы үшін үлкен қасірет болып табылады (Слудский [Sludsky]1982; Лебедева и др.[Lebedeva and othere] 2004).
XX-ғасырдың соңынан бастап XXI-ғасырда жалғасын тапқан биология ғылымдарының алдында тұрған басты мәселелердің бірі-ол биологиялық алуантүрлілікті, соның ішінде жануарлар алуантүрлілігін, сақтау болып табылады. Жануарлар алуантүрлілігін зерттеу белгілі бір аумақтың фаунасының сапалық (түрлік құрамы) және сан мөлшерінің динамикасын жан-жақты білуге көмектеседі. Жануарлардың кез-келген түрі табиғи территориялық кешендердің түрлі факторларының әсерінен өзгеріске ұшырауын анықтауға болатын биоиндикатор болып табылады.
Қазіргі кезде жануарлардың алуантүрлілігі жайында бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері түрлі Халықаралық, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдарында жариялануда. Деседе, кең байтақ Қазақстанның әртүрлі аймақтарында мұндай зерттеулер әлі де болса өз деңгейінде жүргізілмейді. Тіпті көпшілік мамандарға белгілі «Млекопитающие Казахстана» монографиясында тау жоталарына тән сүтқоректілер жайындағы деректер өте шектеулі. Бұл өлкенің, яғни Шығыс Қазақстанның, сүтқоректілері жайында жарияланған деректер жоқтың қасы (Прокопов и др. [Prokopov and othere] 2000). Ал жекелеген учаскелер үшін ол жерлерде тұрақты мекендейтін немесе жылдың белгілі бір маусымдарында кездесетін териофаунаның түрлері жайында білудің теориялық әрі практикалық маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты – Қатон-Қарағай ұлттық саябағы Берел филиалының Аршаты орманшылығы териофаунасының алуантүрлілігі және олардың орналасу ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу нәтижесінде Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі аумағының сирек кездесетін сүтқоректілер мен кәсіптік жануарлардың ландшафтылық зоналар бойынша таралу аймақтары, әр маусымда жүргізілген түрлі санақ жұмыстары нәтижесінде жинақталған сүтқоректілердің алуантүрлілігі мен олардың орналасуы жайындағы мәліметтер келтірілді және Парк аумағындағы кейбір таулардың териофауна құрамының ұқсастық дәрежесі анықталды.
Әдебиеттер:
Ержанов Н.Т.2000. Млекопитающие Казахского мелкосопочника (фауна, биология, экология, цитогенетика, охрана и рациональное использование). -Автореф. дис. д-ра биол. наук. Алматы. 47 с.
Коллектив авторов. 2003. Методы учета основных охотничье-промысловых и редких видов животных Казахстана.Алматы. 203с.
Лебедева Н.В., Дроздов Н.Н., Криволуцкий Д.А. 2004. Стратегия сохранения биологического разнообразия. В кн.:Биологическое разнообразие. Москва: Владос. С.400-406.
Прокопов К.П., Стариков С.В., Браташ И.В. 2000. Позвоночные Восточного Казахстана.-Усть- Каменогорск: Издательство ВКГУ. 224 с.
Слудский А.А. 1982. Сохранить для потомков. Алма-Ата: Қайнар. 187 с.