*Кенжегалиев А.М., Смагулова Ш.Б., Шоқанова А.Ш., Абдукадырова А.Д., Әлішер Б.Б.
«Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Күлтөбе көшесі, 1, Рахат ықшам ауданы, Наурызбай ауданы, Алматы қаласы, А30М0Н6.
E-mal: arnur_1992@mail.ru
Тұжырым:
Қазақстан территориясында, оның ішінде зерттеу жүргізілген Алматы облысында Панфилов ауданындағы Кіші Шыған, Жиделі және Пиджим ауылдық округтеріндегі жүгері егістіктеріндегі өсімдікқоректі ауыл шаруашылық зиянкестері көп таралған. Олардың ішінен Откөбелектер тұқымдасынан (Pyralidae) – 1 түр, Шыртылдақ қоңыздар тұқымдасынан (Elateridae) – 3 түр, Қара денелі қоңыздар тұқымдасынан (Tenebrionidae) – 1 түр табылды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресудің интеграцияланған әдістерін дамыту олардың санын бақылаудың экологиялық қауіпсіз тәсілдерін іздеуге бағытталған. Бұл химиялық инсектицидтерді қолдану қоршаған ортаның айтарлықтай ластануымен бірге жүретіндігіне байланысты, сондықтан бұл мәселе ауыл шаруашылық егістік аймақтарында, бақтарда және табиғат қорғау аудандарда өзекті болып табылады. Зиянкестердің санын бақылау үшін экологиялық қауіпсіз өнімдер пайдаланылады, демек биологиялық препараттармен уақтылы өңдеу керек. Жүгері зиянкестерін бақылау шаралары: сүдігер жер жырту; егістіктердегі арамшөптерді жою және өсімдік қалдықтарын жинау және шеткі учаскелердегі арамшөптерді шабу; зиянкестер мекендеген жүгеріні оңтайлы – тез тазалау. Агротехникалық бақылау шаралары негізінде ірі арамшөптерді жойып, егістік орындарын терең жырту керек. Осы шараларды жүргізу нәтижесінде экологиялық таза өнімдер алуға болады. Қазақстанда өсімдікқоректі қабыршаққанаттыларды биологиялық бақылау тек Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында жүргізіледі.
Кілт сөздер: Жүгері зиянкестері, қабыршаққанаттылар (Lepidoptera), қаттықанаттылар (Coleoptera), энтомология, өсімдік қорғау.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Жүгері (Zea mays) — астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі, ол Қазақстанда аса маңызды дақылдардың бірі болып табылады. Жүгері — әлем егіншілігінде астық дақылдарының арасында жетекші орынға ие дақыл. Ол бидай мен күрішпен бірге жер шарында негізгі өнім түрлерінің біріне жатады, кейбір жеке өңірлерде бірінші орын алады. Мысалы, Американың дүниежүзілік жүгері дәнін өңдіру өндірісіндегі үлесі 39-46% құрайды, бұл дақылдың шаруашылық жүргізудегі маңыздылығын және қажеттілігін айшықтайды (Ерлепесов [Yerlepesov] 1964). Жүгері – мүмкіндігі жоғары дақыл, себебі өнімділігі жоғары және жан-жақты пайдаланылады. Жүгері дәнінің шамамен 20%-ы азық-түлікке, 15%-ы техникалық мақсаттарға және шамамен үштен екісі мал азықтыққа қолданылады.
Жүгері дәнінің құрамында 9-12% ақуыз, 65-70% азотсыз экстракты заттар (АЭЗ), 4-6% май, 1,8-2,2% клетчатка, 1,2-1,5% күлді заттар, 12-14% су болады. АЭЗ құрамына 90% крахмал, 10% қамыс қанты кіреді. Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В1, В2, РР, В6) және А провитамині бар.
Дақыл еліміздің Алматы, Жетісу, Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында қарқынды өсіріледі.
Жүгері өсірілетін негізгі аймақтарда дақылға шыртылдақ қоңыздарының дернәсілдері, шалғынды көбелек, мақта және кеміргіш көбелектер, жүгерінің сабақ көбелегі сондай-ақ негізгі зиянкестері жүгерінің қаратүс қоңызы, швед шыбындары, астық бітелерінің әртүрлі түрлері және тағы басқада қосымша зиянкестер зақым келтіреді [Сибиряк [Sibiryak 1961] 1961; Сусидко, Грисенко, Неемлиенко и др. [Susidko, Grisenko, Neemlienko et al.] 1975]. Жыл сайынғы зиянкестердің әсерінен болатын шығындар орташа есеппен алғанда 10-20%-ды құрайды, ал олардың жаппай көбеюі орын алған жағдайда, астықтың зақымдануы 50% – дан асады (Ерлепесов [Yerlepesov] 1964).
Жүгері дақылының жоғары және жақсы өнімділігін арттыру үшін зиянкестерге қарсы күрестің уақтылы және интеграцияланған жүйесі қажет. Карантинді түрлер және өсімдікқоректі аса қауіпті зиянкестермен күресте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін биопрепараттарды қолдану, экологиялық таза өнім алудың негізгі нәтижелері болып табылады.
Ауыл шаруашылығындағы өсімдікқоректі аса қауіпті зиянкестермен күресте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиімді жолдарды қарастыру (биопрепараттарды, энтомофагтарды пайдалану) қажет.
Әдебиеттер:
Сибиряк Л.А. 1961. Вредители и болезни кукурузы в Башкирии. / Труды Башкирского с.-х. института. Т. 10 (1). Уфа. С. 211-216.
Сусидко П.И., Грисенко Г.В., Неемлиенко Ф.Е. и др. 1975. Комплексная система мероприятий по защите кукурузы от вредителей, болезней и сорняков. М.: Колос. 47 с.
Ерлепесов М. 1964. Культура кукуруза В Казахстане. Алма-ата: Сельхоз издательство. С. 188-197.
Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.
Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.
Гешеле Э.Э. Методическое руководство, по фитопатологической оценке, зерновых культур. Одесса, 1971. 179 с.
Поляков И.Я. Прогноз распространения вредителей сельскохозяйственных культур. Л.: Колос. Ленинградское отделение. 1964. 326 с.
Поляков И.Я. Методы управления агросистемами в защите и принципы их разработки. М., 1976. 65 с.
Кирпичникова В.А. 2009. Огневки (Lepidoptera, Pyraloidea: Pyralidae, Crambidae) фауны Дальнего Востока России. Владивосток: Дальнаука. 519 с.
Кузнецов В.И. 1994. Насекомые и клещи – вредители сельскохозяйственных культур. Т. III. Чешуекрылые. Ч I. СПб. Наука. 316 с.
Васильев В.П. 1989. Вредители сельскохозяйственных культур и лесных насаждений. В 3-х т. Т.3. Методы и средства борьбы с вредителями, системы мероприятий по защите растений. Под общей редакцией В. П. Васильева. Киев: «Урожай». 576 с.
Долин В.Г. 1978. Определитель жуков-щелкунов фауны СССР. Киев, «Урожай». 128 с. Лер П.А. 1989.
Определитель насекомых Дальнего Востока СССР / под редакцией П.А. Лер. Т. III. Жесткокрылые или жуки. Ч. 1. Л.: Наука. 572 с.
Великань В.С., Голуб В.Б., Гурьева Е.Л. и др. 1980. Определитель вредных и полезных насекомых и клещей зерновых культур в СССР. Л.: Колос. Ленинградское отделение. 335 с.