DOI: https://doi.org/10.54944/kzbyr690na61

ӘОЖ: 595.7 (754): 398

¹Назымбетова Г.Ш., ²Таранов Б.Т.

¹РМК «Ғылым ордасы» ҚР БҒМ ҒК, Шевченко көшесі, 28, Алматы, 050010, Қазақстан,

E-mail: g.nazymbetova@mail.ru

²Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай даңғылы, 8, Алматы, 050010, Қазақстан

Тұжырым:

Әдебиет деректері мен жинақталған энтомологиялық материалдарды талдау, коллекцияларды қайта қарау нәтижесінде біз мeмлeкeттiк ұлттық тaбиғи пaркі территориясында қарыстаушылардың 3 тұқымдас тармығына тиесілі 19 туысқа жататын 38 түрін тіркелді. Анықталған қарыстаушылардың түрлерінің алуантүрлілігі бойынша, Sterrhinae тұқымдас тармағының өкілдері басым — 32 түр, Geometrinae тұқымдас тармағының өкілдері — 6 түр және Larentiinae тұқымдас тармағында — тек 1 түр. «Алтынемел» мeмлeкeттiк ұлттық тaбиғи пaркі қарыстаушылар фаунасы — бұл тұрандық және еуразиялық элементтермен едәуір байытылған күрделі зоогеографиялық кешен. Фаунаның зоогеографиялық күрделілігі сол жердің геоботаникалық және ландшафтық- экологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Зерттеу нәтижесінде көбелектің биотоптарда біркелкі таралмағаны белгілі болды. Түрлер алып жатқан биотопқа байланысты қарыстаушылар 3 негізгі топқа бөлінеді: мезофилдер, ксерофилдер және мезоксерофилдер. Түрлердің ең көп саны ксерофилдерге жатады — 22, олар дала биотоптары мен дала тасты жақсы жерлерде кездеседі. Мезофилдерге 10 түр жатады. Бұл түрлер әр түрлі типтегі жайылмалы және шалғынды биотоптарды жөн көреді. 6 түрі — мезоксерофилдер, олардың көпшілігі дала биотоптарындағы шалғындық аймақтарды мекендейді.

Кілт сөздер: «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, қарыстаушылар, Geometridae.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аймақтарының барлық биогеоценоздарында Geometridae тұқымдасының өкілдері кең тараған. Олар табиғат экожүйесінің маңызды құрамының бірі. Geometridae — бұл жәндіктердің көп санды дамыған тобы, шаруашылық және тәжірибелік мәні зор. Көбелектер жер биоценозында жаппай фитомассаларды, жемісті, мәдени және жабайы ағаштарды, бұталарды қорек ретінде пайдаланушылар. Қазіргі кезге дейін Алтынемел ұлттық паркі және оған жақын аумағының Geometridae тұқымдасының түр құрамы және экологиялық ерекшеліктері мақсатты және жүйелі түрде зерттелмеген. Әдебиеттерде Евразияның бұл бөлігінің қарыстаушылар тұқымдасының кейбір түрлеріне қатысты жеке мағұлмат бар (Вийдалепп, 1988; Kaila, Viidalepp, Mikkola, Mironov,1996; Nazymbetova, Hausmann, Yelikbayev, Taranov, 2016). Іс жүзінде қарыстаушылардың экологиялық ерекшелігі туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты Алтынемел ұлттық паркі және оған жақын аумағының Geometridae тұқымдасының түр құрамының тізімін толықтыру және нақтылау мақсатында зерттеулер жүргізілді.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі No 460 қаулысымен Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде құрылды. Ол Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан. Парктың жалпы ауданы 459620 га. Алтынемел оңтүстіктен солтүстікке қарай 30 шақырымнан, шығыстан батысқа қарай 200 шақырымнан асады.

Жұмыстың негізі болған Алтынемел ұлттық паркі және оған жақын аймақтарынан 2009- 2017 жылдары авторлар жинаған материалдар. Материалдарды жинау, бағыттық әдіс бойынша жүргізілді, ең бастысы алдын ала таңдап алынған жоталар бойынша және маусымдық мезгілдерді есепке ала отырып іске асты.

Әдебиеттер:

Вийдалепп Я. Фауна пядениц гор Средней Азии. – М: Наука, 1988. – 239 с.

Ламперт К. Атлас бабочек и гусениц Европы и отчасти Русско- Азиатских владений. -СПб., 1913. – 486 с.


Фасулати К. К. Полевое изучение наземных беспозвоночных – М: Высшая школа. 1971. – 424 с.


Hausmann A. The Geometrid Moths of Europe. Vol. 1. Introduction, Archiearinae, Orthostixinae, Desmobathrinae, Alsophilinae, Geometrinae. – Stenstrup: Apollo Books, 2001.- 282 p.

Hausmann A. The Geometrid Moths of Europe. Vol. 1. Introduction, Archiearinae, Orthostixinae, Desmobathrinae, Alsophilinae, Geometrinae. – Stenstrup: Apollo Books, 2001.- 282 p.


Kaila L., Viidalepp J., Mikkola K., Mironov V. Geometridae (Lepidoptera) from the Tian-Shan Mountains in Kazakhstan and Kyrgyzstan, with descriptions of three new species and one new subspecies // Acta Zoologica Fennica. -1996. -Vol. 200, №2. – Р. 57-82.


Mikkola, K., Jalas, I. & Peltonen, O. Suomen perhoset, mittarit 2. [Lepidoptera of Finland, Geometridae 2, in Finnish]. – Hangon Kirjapaino, Hanko, 1989. – 280 p.


Mironov V. Larentiinae II (Perizomini and Eupitheciini)/ Eds. Hausmann A. The Geometrid Moths of Europe, Vol. 4. –Stenstrup: Apollo Books, 2003. – 463 p.


Nazymbetova G. Sh., Hausmann H. A., Yelikbayev B. K., Taranov B.T. Ecologicalo-faunistic review of the Geometrid moths of northern Tien-Shaen Geometer Mountains (Lepidoptera, Geometridae) // Acta zoologica Bulgarica. – 2016. Vol. 68, №2. – Р. 191-198


Segerer, A.H., Hausmann A. Die Großschmetterlinge Deutschlands. The Macrolepidoptera of Germany. – Budapest: Heterocera Press, 2011. – 308 pp.

kkҚазақ тілі