DOI: https://doi.org/10.54944/kzbcb548fn80

ӘОЖ: 636.293.1.(574.5)

¹Мұхаметжанов М.Д., ²Есмуханбетов Д.Н., ²Қарағойшин Ж.М.

¹1Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Талғар қаласы, Аққу ауылы, 041600, Алматы облысы, Қазақстан

E-mail: zapoved.68_68@mail.ru

²С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универститет, пр. Женис, 62, 010011, Нұр- Сұлтан, Қазақстан

E-mail: esmuxanbetov@mail.ru k.zhashaiyr@mail.ru

Тұжырым:

Алматы қорығында сүтқоректілердің сан алуан түрі тіршілік етеді. Қорықтағы сүтқоректілер өзінің биологиялық әр-түрлілігімен ерекшеленеді, солардың ішіндегі едәуір бөлігі тұяқты аңдардың тобын құрайды. Қорық аумағындағы 2019 жылғы санақ нәтижелері бойынша маралдардың саны 68 дарақты құрады. Маралдардың жалпы белсенділігінің артуы (күзден қысқа дейін және жазда азаюы) олардың қоректенуімен байланысты. Ең жоғары белсенділігі қараша- ақпан айларында байқалады. Маралдың қоректенуі жыл маусымынана байланысты маусымдық және көші-қон сипатында, белгілі бір белдеудің белгілі бір учаскелерінде өсетін өсімдіктердің қандай да бір түрлерінің болуына байланысты. Алматы қорығында сібір елігі кәдімгі түрге жатады. Ол жапырақты орман белдеуінде тараған. Мұнда жекелеген учаскелерде тығыздығы 1000 га-ға 40-45 дарақты құрайды. Елік саны жыл сайынғы күрт ауытқуларға ұшырамайды және 2019 жылғы санақ нәтижелері бойынша еліктердің саны 68 дарақты құрады. Еліктің тіршілігі табиғи ортаның көптеген факторларымен анықталады. Қорықтық аумақтарда немесе адам аңдар ізіне түспейтін жерлерде олар күндіз белсенді және керісінше, аң аулауы дамыған жерлерде түнде және ымырт кезінде әрекет етеді. Ауа температурасы, әсіресе жел мен ылғалдылық жануардың мінез құлқына жиі әсер етеді. Жазда күннің жоғары температурасы кезінде аңдар ашық алаңшаларда жайылса, дененің қызуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, еліктер тәуліктің салқын мезгілінде белсенді. Еліктер жаз айларында күндіз демалады, кейде жатқан орнын ауыстырады. Дегенмен, кейбір жануарлар күн бойы қоректенеді. Марал мен санына айтарлықтай әсер ететін факторларға адам әрекеті екені белгілі. Адам марал мен елік мекендейтін жерлерге демалыс орындарын орналастырады, соның салдарынан марал мен еліктің мекендейтін жерлері қысқарып, марал мен елік өздеріне жайсыз жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Алматы қорығындағы марал мен елік санының салыстырмалы түрде тұрақты болуы және қысқаруы, кейбір жылдары күнгей жаққа қоныс аударып кеткен марал мен елік сирек қайтып келеді немесе келмей кетеді деген жорамал бар. 2013-2019 жылдары есепке алу нәтижесі бойынша маралдардың саны салыстырмалы түрде тұрақты, ал сібір елігінің саны аздап кеміп толқығанын байқауға болады. Өткізілген дала жұмыстары бойынша әлі де мәліметтер жинақталуы керек.

Кілт сөздер: Алматы қорығы, марал, елік, сүтқоректілер, бұғы тұқымдасы, биоценотика, санының динамикасы

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Алматы қорығында сүтқоректілердің саналуан түрі тіршілік етеді. Қорықтағы сүтқоректілер өзінің биологиялық әртүрлілігімен ерекшеленеді, солардың ішіндегі едәуір бөлігі тұяқты аңдардың тобын құрайды. Тұяқтылардан қорықта бұғы тұқымдас (Cervidae) – марал (Cervus elaphus L.); сібір елігі (Capreolus pygargus Pall); қуысмүйізді тұқымдас (Bovidae) – сібір таутекесі (Capra sibirica Pall) және шошқа тұқымдас (Suidae) – қабан (Sus scrofa L.) мекендейді (Слудский, 1984, Гептнер, 1961, Жиряков, 1977, Бекенов және т.б., 1995).

Зерттеу аумағында тұяқтылардың биологиясы және экологиясы бойынша сұрақтары XX ғасырдың 70-80 жылдары зерттелінген (Федосенко, 1982, Жиряков, 1985 және т.б.). «Қазақстан сүтқоректілері» іргелі мәліметтері бойынша (1983-1984 ж.ж.) зерттеулердің қорытындыларын тұжырымдай келе тұяқты жануарлар осы аумақтарда қарастырылған. Соңғы жылдары С.Сапарбаев (2006-2010 жж.) «Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы тұяқтылар» тақырыбында зерттеулер жүргізді.

Ал, қазіргі жағдайда Алматы қорығында мекендейтін тұяқты аңдар тобынан бұғы тұқымдастарға (Cervidae) жататын – марал (Cervus elaphus L.) және сібір елігіне – (Capreolus pygargus Pall.) жеке зерттеулер жүргізу керек.

Әдебиеттер:

Бекенов А.Б., Есжанов Б.Е., Махмұтов С. Қазақстан сүтқоректілері. – Алматы, «Ғылым». 1995. – 280 б.

Берікбай О., Есжанов Б.Е., Ташенов Б.Ж. Териология ІІ: Оқулық.- Алматы: Жібек жолы, 2008. – 162 б.

Гептнер В.Г., Наумов Н.П. Млекопитающие Советского Союза. Т. 1. Парнокопытные и непарнокопытные. – М.: Высшая школа, 1961. – 776 с.

Жиряков В.А. Центральноазиатский козел в Алма-Атинском заповеднике. Материалы II Всесоюзного совещания «Редкие виды млекопитающих и их охрана». – Изд. Наука, Москва, 1977. – С. 209-210.

Жиряков В.А. К экологии косули в Заилийском Алатау. Сборник «Копытные фауны СССР. Экология, морфология, использование и охрана». Тезисы докладов 2-го Всесоюзного совещания по копытным СССР. – М., 1980. – С. 155-156.

Лавов М.А. Косуля//Крупные хищники и копытные звери. – М., 1978. – 86 с.

Новиков Г.А., Тимофеева Е.К. Об экологии косули в лесостепных дубравах // Зоологический журнал Т.44, вып.3. – М.: Наука, 1965. – С. 442-451.

Слудский А.А., Байдавлетов Р.Ж., Бекенов А.Б., Жиряков В.А., Поле В.Б., Фадеев В.А., Федосенко А.К. Млекопитающие Казахстана. Т. 3, ч. 4. Парнокопытные (Оленьи, Кабарговые, Свиные) и Непарнокопытные (Лошадиные). – А.-А.: Наука, 1984. – 232 с.

Федосенко, А.К. Марал : (Экология, поведение, хоз. значение). – Алма-Ата : Наука, 1980. – 199 с.

kkҚазақ тілі