Есенбекова П.А.

ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, Қазақстан

E-mail: esenbekova_periz@mail.ru


Тұжырым:

2023 жылы жұмыс барысында Талды шатқалы, 1-Көлсай көлі және Қайыңды көлі маңында далалық зерттеулер жүргізілді және насекомдардың түр құрамы туралы жаңа мәліметтер алынды. “Көлсай көлдері” МҰТП территориясында мекендейтін жәндіктердің түр құрамын, биологиясын, экологиясын және шаруашылық маңызын анықтау үшін ауқымды материалдар жиналды. 2023 жылы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде “Көлсай көлдері” МҰТП-да Тікқанаттылар отрядының 2 тұқымдасының 6 түрі, Теріқанаттылар отрядының 2 тұқымдасының 2 түрі, Теңқанаттылар отрядының 2 тұқымдасының 4 түрі, Торқанаттылар отрядының 1 тұқымдасының 1 түрі, Қабыршаққанаттылар отрядының 6 тұқымдасының 15 түрі, Жарғаққанаттылар отрядының 2 тұқымдасының 7 түрі, Қаттықанаттылар отрядының 6 тұқымдасының 12 түрі анықталды. Осылайша, 2023 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде “Көлсай көлдері” МҰТП аумағында насекомдардың 7 отрядының 47 түрі анықталды. Зерттеу аймағынан табылған Желкенділер (Papilionidae) тұқымдасының Parnassius patricius Niepelt, 1911 түрі Қазақстан Қызыл кітабына «сирек кездесетін түр» ретінде енгізілген.

Кілт сөздер: Көлсай көлдері, МҰТП, насекомдар, Insеcta, түр құрамы.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Насекомдар жер бетіндегі барлық жануарлардың шамамен 90% құрайды (Росс и др., 1985) және табиғатта өте маңызды рөл атқарады, бұл олардың биоценоздардағы түрлік әртүрлілігімен және жоғары санымен анықталады. Өсімдікқоректі насекомдар биомассасы бойынша барлық басқа фитофаг жануарларынан бірнеше есе көп, сондықтан өсімдіктің негізгі өсу бөлігін тұтынады. Жыртқыш және паразиттік насекомдар өздері қоректенетін организмдер санының табиғи реттегіштері болып табылады. Өз кезегінде, насекомдар көптеген омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың негізі қорегі болып табылады (Росс и др. [Ross et al.] 1985).

Жердегі насекомдардың таралуы құрлық флораның, негізінен гүлді өсімдіктердің таралуымен сәйкес келеді (Крыжановский, 2002).

Насекомдардың көптеген түрлері адамның қатысуымен бүкіл әлемге таралды (Крыжановский [Kryzhanovsky] 2002). Ең алдымен, бұл олардың тұрғын үйлерінде бірге тұратын және қорларымен қоректенетін тұрғындары, адам тоғышарлары және ең маңызды үй жануарлары.

Көптеген ауыл шаруашылық өсімдік зиянкестері де бүкіл әлемге кеңінен таралды, бірақ олардың таралу аймағы әдетте зақымдайтын дақылдардың таралуымен және климаттық жағдайлармен шектеледі (Крыжановский [Kryzhanovsky] 2002).

Әдебиеттер:

Александрович О.Р., Писаненко А.Д. 1987. Обзор фауны жуков-мертвоедов (Coleoptera, Silphidae) Белоруссии // Вестн. Белорус. ун-та, сер. 2 Nr 2. С. 41-44. Аннотированный каталог насекомых Дальнего Востока России. 2012. Том I. Перепончатокрылые. / Лелей А.С. (гл. ред.) и др. Владивосток: Дальнаука. 635 с.

Бей-Биенко Г.Я., Мищенко Л.Л. 1951.Саранчовые фауны СССР и сопредельных стран. Ч. 1. Москва-Ленинград. Издательство АН СССР. 378 с. Гиляров М.С. 1969. Отряд Сетчатокрылые (Neuroptera-Planipennia). Жизнь животных. Беспозвоночные/ под ред. Зенкевича Л.А. Москва. Т. 3. С. 297-303.

Голуб В.Б., Колесова Д.А. и др. 1980. Энтомологические и фитопатологические коллекции. Их составление и хранение. Изд-во ВГУ. Воронеж. 228 с. Емец В.М. 1977. Жуки-мертвоеды трибы Silphini (Coleoptera, Silphidae) фауны Дальнего Востока СССР // Энтомофауна Дальнего Востока. Владивосток. Т. 46 (149). С. 35-42.

Жданко А.Б. 2005. Дневные бабочки (Lepidoptera: Papilionoidea, Hesperioidea) Казахстана. Tethys Entomological Research XI. Desember 25. C. 85-152.

Жданко А.Б., Казенас В.Л. 2014. Дневные бабочки Семиречья. Серия «Животные Казахстана в фотографиях». Алматы: «Нур-Принт». 214 с. Жизнь животных. 1984. Том 3. Членистоногие: трилобиты, хелицеровые, трахейнодышащие. Онихофоры / под ред. М.С. Гилярова, Ф.Н. Правдина, гл. ред. В.Е. Соколов. 2-е изд. М.: Просвещение. С. 196. 463 с.

Костин И.А. 1973. Жуки-дендрофаги Казахстана (Короеды, дровосеки, златки). Алма-Ата: «Наука». С. 31-32. 287 с. Красная книга Казахстана. 2006. Т. I. Животные. Часть 2. Беспозвоночные. 4-е издание. Алматы: Онер.

Крыжановский О.Л. 2002. Состав и распространение энтомофаун земного шара. Москва: Товарищество научных изданий КМК. 237 с. ISBN 5-87317-116-5 (0).

Кузин Б.С. 1953. Жуки-нарывники Казахстана// Тр. республик. станции защиты растений. Алма-Ата. С. 148.

Мамаев Б.М., Медведев Л.Н., Правдин Ф.Н. 1976. Определитель насекомых европейской части СССР. М.: Просвещение. С. 103-104. 304 с.

Медведев С.И. 1964. Пластинчатоусые (Scarabaeidae). Подсем. Cetoniinae, Valginae // Фауна СССР. Насекомые жесткокрылые. М.-Л.: Издательство АН СССР. Т. 10, вып. 5. С. 224. 375 с.

Митяев И.Д., Ященко Р.В., Казенас В.Л. 2005. Удивительный мир беспозвоночных. По страницам Красной книги Казахстана. Алматы: Алматы кітап. 116 с.

Моргун Д.В., Довгайло К.Е., Рубин Н.И., Солодовников И.А., Плющ И.Г. 2005. Дневные бабочки (Hesperioidea и Papilionoidea, Lepidoptera) Восточной Европы. CD определитель, база данных и пакет программ «Lysandra». Мн., К., М. Определитель насекомых Дальнего востока СССР. 1988. Т.2. Равнокрылые и полужесткокрылые. – Л., «Наука». 972 с. С. 40.

Ануфриев Г. А., Емельянов А. Ф. Подотряд Cicadinea (Auchenorrhyncha) Цикадовые: с. 12-495). Определитель насекомых европейской части СССР. 1965. Т. II. Жесткокрылые и веерокрылые. / под общ. ред. чл.-корр. Г.Я. Бей-Биенко. М.-Л.: «Наука». 668 с.

Определитель насекомых европейской части СССР. 1978. Т. III. Перепончатокрылые. Первая часть // Подотряд Apocrita – Стебельчатобрюхие (Арнольди К.В. и др.) / под общ. ред. Г.С. Медведева. Л.: Наука. 584 с.

Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.

Полякова Г.М. 1969. Определитель жуков трибы Coccinellini (Coleoptera, Coccinellidae) Среднего Поволжья / редактор выпуска Флоров Д.Н./ Куйбышевский государственный педагогический институт имени В.В.Куйбышева. 37 с.

Росс Г., Росс Ч., Росс. Д. 1985. Энтомология. Москва: Мир. 572 с. Семёнов Тян-Шанский А.П. 1935. Общий очерк фауны кожистокрылых (Dermaptera) СССР // Изв. АН СССР. Отд-нию мат. и естеств. наук. № 5. С. 825-831.

Сочивко А.В., Каабак Л.В. 2012. Определитель бабочек России. Дневные бабочки. М.: Мир энциклопедий Аванта, Астрель. 320 с.

Стороженко С.Ю. 2004. Длинноусые прямокрылые насекомые (Orthoptera: Ensifera) азиатской части России. Владивосток: Дальнаука. 279 с.

Фасулати К.К. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 1971. 424 с.

Цыпленков Е.П. 1961. Вредные саранчовые насекомые. Л.-М.: Сельхозиздат. Ленингр. отд- ние. 84 с.

Цыпленков Е.П. 1970. Вредные саранчовые насекомые в СССР. Л.: Колос. Ленингр. отд-ние. 272 с.

Яхонтов А.А. 1939. Дневные бабочки пособие для определения и биологического изучения Lepidoptera, Rhopalocera европейской части СССР. К.: Радянська школа. 92 с.

kkҚазақ тілі