DOI: https://doi.org/10.54944/kzbcm234po34
ӘОЖ 595.79 (574)
Тұжырым:
Мақала автордың 2023 жылы мамыр – маусым айларында Іле Алатауынан (Қарғалы шатқалы, Алма-Арасан шатқалы, Кіші Алматы шатқалы, Медеу, Қарағайлы шатқалы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең елді мекені маңы, Кемертоған ауылы маңы), Күнгей Алатаудан Жаманбұлақ және Қарабұлақ шатқалдарынан жинаған материалдары мен далалық бақылауларының нәтижелері беріліп отыр. Зерттеу мақсатым – Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның Нағыз шыбындар (Muscidae) тұқымдасының фаунасын, биологиясын, экологиясын және таралуын зерттеу. Негізінен материалдарды жинау үшін мал жайылымдары, олардың қоралары, шоғырланатын жерлерінен, нәжістерден, басқа шіріген жартылай сұйық орталардан қысқышпен, қолмен, энтомологиялық сүзгімен жинау арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Нағыз шыбындар (Muscidae) тұқымдасына жататын 7 түр: Musca туысынан 4 түр, қалған 3 туыстан (Muscina, Stomoxys, Lyperosia) 1 түрден анықталды.
Кілт сөздер: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қосқанаттылар, Diptera, Нағыз шыбындары, Muscidae.
Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:
Кіріспе:
Қосқанаттылар насекомдардың ең ірі отрядтарының бірі. Әлемдік фаунада шамамен 120 мың түрі белгілі. Қазақстанда шыбындар бірнеше мың түр. Қазақстанда қосқанаттылар фауналық тұрғыдан толық зерттелмеген. Тек Галлицалар немесе беріштүзуші шыбындар (Cecidomyiidae), Сциаридалар (Sciaridae), қансорғыш масалар (Culicidae), шіркейлер (Simuliidae), құмытылар (Ceratopogonidae), соналар (Tabanidae), бөгелектер (Oestridae) егжей-тегжейлі зерттелген, қалған тұқымдастары дерлік зерттелмеген (Казенас, Чильдебаев [Kazenas, Childebaev] 2014).
Нағыз шыбындар (Diptera: Muscidae) – қысқа мұртшалы қосқанаттылардың ең үлкен тұқымдастарының бірі. Әлемдік фаунада 180 туыстың 5000-ға жуық түрі белгілі (Pape et al., 2011). ТМД-да 1000-дей түрі бар. Нағыз шыбындар әртүрлі ландшафттарда тіршілік етеді және саны ең үлкен деңгейге жетеді (Pont, 1986). Нағыз шыбындар ормандардан басқа басым экстремалды тіршілік ету жағдайлары бар биотоптарда, атап айтқанда: тундраларда тіршілік етеді (Danks, 1981, 1990; Чернов [Chernov] 1995; Баркалов [Barkalov] 2012; Сорокина [Sorokina] 2012, 2013).
Денесінің ұзындығы 2-15 мм, қаралау, сирек сары немесе металды жылтыр (көк немесе жасыл), түктермен және қылшықтармен жабылған. Олар өсімдік шырынымен, ыдырайтын органикалық заттармен, көңмен қоректенеді. Кейбіреулері жыртқыш; кейбір түрлері қансорғыштар. Көпшілігі жұмыртқа салады (тіршілігі кезеңінде 2 мыңға жуық жұмыртқаға дейін салады). Дернәсілдер ыдырайтын органикалық заттарда, көңде, өсімдіктер мен жануарлардың тірі ұлпаларында дамиды; кейбір түрлерде дернәсілдер жыртқыштар. 50-ден астамы синантропты болып келеді (үй шыбындары, базар шыбыны және т.б. шыбындар) адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын: тырысқақ, дизентерия, кейбір көз аурулары, сібір жарасы, трипаносомоз сияқты қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылады.
Сонымен қатар шыбынның пайдасын да айта кетсек: еліміздің экологиясын жақсарту үшін ғалымдар шыбын дернәсілін пайдаланбақшы. Отандық ғалымдар экологияны жақсартуда және топырақтың құнарын арттыруда шыбын дернәсілін таптырмас тыңайтқыш деп тауып отыр. Қазір олар осы салада тәжірибелік жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Синантропты шыбындардың тіршілік ету ортасы экзофильді және эндофильді болып бөлінеді. Эндофильді шыбындар ересек даму сатысында тіршілігі ету кезеңінде адамдардың үйлерінде немесе мал шаруашылығы жайларында болады. Нағыз шыбындар (Muscidae) тұқымдасының дерлік барлық түрлері эндофилдердің типтік өкілдері болып табылады. Экзофилді шыбындар негізінен ашық табиғатта тіршілік етеді, бірақ олар үй ішінде де кездеседі (Соболева [Soboleva] 1963).
Зерттеу мақсатым – Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның Нағыз шыбындар (Muscidae) тұқымдасының фаунасын, биологиясын, экологиясын және таралуын зерттеу.
Әдебиеттер:
Bradbury, Richard S.; Breen, Kathleen V.; Bonura, Erin M.; Hoyt, John W.; Bishop, Henry S. 2018. “Case Report: Conjunctival Infestation with Thelazia gulosa: A Novel Agent of Human Thelaziasis in the United States”. The American Journal of Tropical Medicine and Hygiene. 98 (4): 1171–1174.
Danks H.V. 1981. Arctic arthropods. A review of systematics and ecology with particular reference to the north American fauna. С. 608.
Danks H.V. 1990. Arctic insects: instructive diversity. Canada’s missing dimension: science and history in the Canadian arctic islands. Т. 2. С. 444– 470. Fauna Europaea. 2013. Fauna Europaea version 2.6. [Electronic resource] / Stichting Axademisch Rekencentrum Amsterdam (SARA). Mode of access: http://www.faunaeur.org. Date of access: 05.10.2013
Gregor F., Rozkosny R., Bartak M., Vanhara J. 2002. The Muscidae (Diptera) of Central Europe. Scientiarum Naturalium Universitatis Masarykianae Brunensis 107. Pape, T. 2011. Order Diptera Linnaeus, 1758 / T. Pape, V. Blagoderov, M.B. Mostovski // Zootaxa. Т. 3148. С. 222–229. Pont A.C. 1986. Family Muscidae. Catalogue of Palaearctic Diptera, 11. С. 57–215. Акбаев М.Ш.,
Водянов А.А., Косминков Н.Е. 1998. Паразитология и инвазионные болезни животных. М.: Колос. 743 с. Баркалов А.В. 2012. Сравнительный анализ фаун двукрылых (Diptera) гипоарктики полуострова Таймыр и высокогорий Алтая. Кавказский энтомологический бюллетень. Т. 8. № 2. С. 349–352.
Дербенёва–Ухова В.П. 1941. К экологии Musca domestica L. и Muscina stabulans Flln. / В.П. Дербенёва–Ухова // Мед. паразитология и паразитарн. болезни. Т. 10. № 5–6. С. 534 – 543.
Дербенёва-Ухова В.П. 1974. Синантропные мухи // В кн.: Руководство по медицинской энтомологии. М.: Медицина. С.176-203. 360 с.
Зимин Л.С., Эльберг К.Ю. 1970. Сем. Muscidae — Настоящие мухи // Определитель насекомых европейской части СССР. Том 5. Двукрылые, блохи. Часть 2 / под общ. ред. Г. Я. Бей-Биенко. Ленинград: Наука. С. 511-595. 944 с.
Казенас В.Л., Чильдебаев М.К. 2014. Двукрылые. Серия «Животные Казахстана в фотографиях». Алматы. 239 с.
Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Изд-во АН СССР. М.-Л. 124 с. Клесов М.Д. 1949. Изучение биологии нематоды Thelazia rhodesi Desm. / М.Д. Клесов // Зоол. журнал. Т. 28, вып. 6. С. 515–522.
Крастин Н.И. 1949. Расшифровка цикла развития нематоды Thelazia rhodezi (Desmarest, 1927), паразитирующей в глазах крупного рогатого скота / Н.И. Крастин // Докл. АН СССР. Нов. серия. Т. 64, № 6. С. 885–887.
Мамаев Б.М. 1984. Отряд Двукрылые, или Мухи и комары (Diptera) // Жизнь животных. Том 3. Членистоногие: трилобиты, хелицеровые, трахейнодышащие. Онихофоры / под ред. М.С. Гилярова, Ф. Н. Правдина, гл. ред. В.Е. Соколов. 2-е изд. М.: Просвещение, С. 411. 463 с.
Нарчук Э.П. 2003. Определитель семейств двукрылых насекомых фауны России и сопредельных стран: (с кратким обзором семейств мировой фауны). Санкт–Петербург. 250 с.
Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. С. 1-192.
Петрова Б.К. 1972. Особенности фауны и экология синантропных и зоофильных двукрылых юга Приморья. / Б.К. Петрова // Учеб. 13–й межд. конгр. Энт. Москва. Т. 3. С. 221–222.
Петрова Б.К. 1974. Определитель синантропных мух Приморского края. акад. Наук СССР. Новосибирск. 104 с.
Рыльников В.А. 2012. Управление численностью проблемных биологических видов: Учебное пособие / под ред. В.А.
Рыльникова. М.: Институт пест-менеджмента. В 3 томах. Т. 2. Дезинсекция / А.А. Жаров. 2012. 169 с.
Соболева Р.Г. 1963. Изучение синантропных мух в одном из животноводческих хозяйств юга Приморского края и опыт борьбы с ними / Р.Г. Соболева, Б.К. Гаврилова // Сообщ. ДВ филиала СО АН СССР. Влад. № 18. С. 107– 112.
Сорокина В.С. 2012. Фауна настоящих мух (Diptera, Muscidae) Горного Алтая. Труды Русского энтомологического общества. Санкт–Петербург. Т. 83. №. 1. С. 193–222.
Сорокина В.С. 2013. Настоящие мухи (Diptera: Muscidae) тундровых зон России. Сообщение 1. Кавказский энтомологический бюллетень. Ростов на Дону. Т. 8. №. 2. С. 328–332.
Тарасов В.В. 1996. Медицинская энтомология. М.: Изд-во МГУ. 353 с. Фарафонова Г.В. 2008. Большая российская энциклопедия.
Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.
Чернов Ю.И. 1995. Отряд двукрылых (Insecta, Diptera) в арктической фауне. Зоологический журнал. Москва. Т.74. В. 5. С. 68–83.
Штакельберг А. А. 1956. Синантропные двукрылые фауны СССР. Определители по фауне СССР, издаваемые Зоологическим институтом. М.-Л. 164 с.