Ислямов Мейрам

Ақсу-Жабағлы қорығы, Абай көшесі, 34, Жабағлы ауылы, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы, 161310, Қазақстан

E-mail: meyram.islamov@bk.ru

Тұжырым:

Мақалада Ақсу-Жабағлы қорығы аумағындағы қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) фаунасы туралы мәліметтер келтірілген. Қорық аумағында бүгінгі таңда жануарлар арасында омыртқалы жануарлардың биоәртүрлілігі жақсы зерттелген, ал қорықтағы жәндіктердің биоәртүрлілігі толық анықталмаған, атап айтқанда, қабыршаққанатты жәндіктері жеткілікті зерттелмеген, сондықтан бұл жұмысымыз өзекті болып табылады. Зерттеу жұмыстары автормен 2022 жылы Жетімсай, Талдыбұлақ, Байбарақ, Көксай, Дарбаза, Кіші Қайынды және Үлкен Қайынды шатқалдарында жүргізілді. Қабыршаққанаттыларды жинау кезінде арнайы энтомологиялық сүзгілер, түрлі тұзақтар, түнгі жарықта ұстау және т.б. әдістер қолданылды. Зерттеулер нәтижесінде Қабыршаққанатты жәндіктердің (Lepidoptera) келесі тұқымдас өкілдері: Желкенділер (Papilionidae), Ақ көбелектер (Pieridae), Барқыт көбелектер (Satyridae), Нимфалидтер (Nymphalidae), Көгілдір көбелектер (Lycaenidae), Жуанбасты көбелектер (Hesperiidae) зерттеліп анықталды. Зерттеулерді талдау нәтижесінде қабыршаққанаттылардың (Lepidoptera) 6 тұқымдасының 12 түрі анықталды. Түрлерінің саны бойынша Ақ көбелектер (Pieridae) тұқымдасынан – 4 түр (33%), Көгілдір көбелектер (Lycaenidae) – 1 түр (8%), Барқыт көбелектер (Satyridae) – 2 түр (17%), Нимфалидтер (Nymphalidae) – 2 түр (17%), ал Желкенділер (Papilionidae) – 1 түр (8%), Жуанбасты көбелектер (Hesperiidae) – 2 түр (17%) белгілі болды.

Кілт сөздер: Ақсу-Жабағлы қорығы, қабыршаққанаттылар, түр құрамы.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (Lepidoptera) – толық түрленіп дамитын насекомдар отряды, демек жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ және ересек дарасы болады. Олардың 2 жұп қанаты бар, қабыршақтармен тығыз жабылған, әдетте спиральды бұралған сорғыш тұмсығы бар дене мөлшері әртүрлі жәндіктер. Дернәсілдерінің ауыз аппараты кеміргіш болып келеді. Дернәсілдерінің (жұлдызқұрттар) жібек бездері және қысқа құрсақ аяқтары бар. Насекомдар ішіндегі ең үлкен отрядтардың бірі. Түрліқанатты көбелектер арасындағы үлкен және маңызды топ күндізгі көбелектер (Определитель насекомых Дальнего Востока России [Determinant of Insects of the Russian Far East] 1997; Яхонтов [Yakhontov] 1939; Моргун, Довгайло, Рубин, Солодовников, Плющ [Morgun, Dovgailo, Rubin, Solodovnikov, Plyushch] 2005).

Әдебиеттер:

Определитель насекомых Дальнего Востока России. Т. V. Ручейники и чешуекрылые Ч. 1 / под общ. ред. П. А. Лера. – Владивосток: Дальнаука, 1997. – 540 с.

Яхонтов А.А. Дневные бабочки пособие для определения и биологического изучения Lepidoptera, Rhopalocera европейской части СССР. — К.: Радянська школа, 1939. — 92 с.

Моргун Д.В., Довгайло К.Е., Рубин Н.И., Солодовников И.А., Плющ И.Г. Дневные бабочки (Hesperioidea и Papilionoidea, Lepidoptera) Восточной Европы. CD определитель, база данных и пакет программ «Lysandra». — Мн., К., М., 2005.

Палий В.Ф. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. – Воронеж, 1970. – С. 1-192.

Фасулати К.К. Полевое изучение наземных беспозвоночных – М. 1971. ВШ. – 424 с.

Голуб В.Б., Колесова Д.А. и др. Энтомологические и фитопатологические коллекции. Их составление и хранение. Изд-во ВГУ. – Воронеж, 1980. – 228 с

Korolev V.A. (2014). Catalogus on the collection of Lepidoptera. Part II. Papilionidae. – Moscow, 387 p., 20 color tabs, ISBN 978-5-00077-163-1Жданко А.Б. Дневные бабочки (Lepidoptera: Papilionoidea, Hesperioidea) Казахстана // Thetys Ent. Res. – 2005. – Vol. XI. – Р. 85-152.

Seyer H. (1977). Nachtrag zum Versuch einer Revision der Papilio machaon – subspezies in der Paläarktis und I Beitrag zur Nearktis // Mitt. Entomol. Gess. Barel. – Bd. 27, N 4. – P. 105-115.

Стороженко С. Ю. Длинноусые прямокрылые (Ornithoptera, Ensifera) азиатской части России. Владивосток: Дальнаука, 2004. 280 с.


Zhdanko A.B. (2002). An annotated list of species of the family Lycaenidae (Lepidoptera) occurring in Kazakhstan // Tethys entomol. Research. Vol. 4. Р. 125-146.

kkҚазақ тілі