¹Есенбекова П.А., ²Қанапянова А.Н.

*¹ҚР БҒМ ҒК «Зоолоия институты» РМК, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz

²Жоңғар Алатау МҰТП, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Қазақстан Республикасы

Тұжырым:

Мақалада Жоңғар Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында 2022 жылы мамыр айынан тамыз бойы далалық зерттеулердің нәтижесінде жиналған Жартылай қаттықанаттылар отрядының түрлері жайлы мәліметтер беріліп отыр. Зерттеу жұмыстары Жоңғар Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Лепсі филиалы (Жалаңаш, Ағынықатты, Жасылкөл, Чёрная речка шатқалдары), Сарқан филиалы (Ақшұнақ, Сарқан шатқалдары) және Алакөл (Көкжар шатқалы) филиалдарында жүргізілді. Насекомдар энтомологиялық ауа сүзгісімен ору әдісі арқылы, топырақ тұзағымен аулау арқылы, ұсақ насекомдарды эксгаусермен және түнгі жасанды жарық көзінен жиналды. Насекомдардың фаунасы мен экологиясын зерттеу маршруттық зерттеулер мен стационарлық бақылау әдістерімен жүргізілді. Мақалада әр түрдің кездескен мекені, биологиялық және экологиялық ерекшеліктері жайлы қысқаша ақпараттар берілген. Зерттеу нәтижесінде Жоңғар Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі территориясынан Жартылай қаттықанаттылардың 9 тұқымдасына жататын 30 түрі анықталды. Бұлардың арасында түр құрамы жағынан басым Нағыз қалқаншалылар (Pentatomidae) тұқымдасы (8 түр), Жай көзшесіздер (Miridae) тұқымдасы (6 түр), Жер қандалалары (Lygaeidae) тұқымдасы (4 түр) болып табылады, қалған 6 тұқымдастардан – 1-3 түрден ғана белгілі болды. Жоңғар Алатау МҰТП Жартылай қаттықанаттылары қоректік байланыстары бойынша 3 топқа бөлінеді: жыртқыштар (зоофагтар) – 4 түр, аралас қоректілер (зоофитофагтар) – 1 түр, өсімдікқоректілер (фитофагтар) – 25 түр.

Кілт сөздер: Жартылай қаттықанаттылар (Heteroptera), Жоңғар Алатауы Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, шатқалдар.


Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Жоңғар Алатауы – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі тау, Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені арнасы аралығында ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 450 км, ені 100-200 км. Жоңғар Алатауын батыста Көксу өзені, шығыста Буратал өзені кесіп өтеді. Бұл екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы деп аталатын екі үлкен тау жотасын құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 сәуір айында №370 Қаулысына сәйкес, Сарқан, Алакөл, Лепсі филиалдарынан тұратын «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» құрылды. Парктің жалпы ауданы 356022 га. Әкімшілік қатынаста парк Алматы облысының Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын қамтиды. Ақсу ауданында 55257 га, Сарқан ауданында 151947 га, Алакөл ауданында 148818 га. Солтүстігінде сібірлік шалғынды-далалы зона, оңтүстігінде далаға тән ландшафттар тараған. Таудың биіктік белдеулері тау алды мен тау іші жазықтарында 500-600 м-ден 1200-1400 м-ге дейінгі аралықты қамтитын шөлейт зонасынан басталады. Биігіректе дала зонасы (1200-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) орналасқан. Мұнда шыршалы ормандар мен самырсын өседі (https://Zhongaralataugnpp.kz).

Жоңғар Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында Жартылай қаттықанаттылар отрядына толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген, автор 2016 жылы энтомолог З.З. Саякованың жинаған материалдарын анықтап, бір мақала жазған болатын (Есенбекова, Саякова [Esenbekova, Sayakova] 2016). Енді осы мақаланы жазуға себеп болып отырған, авторлардың 2022 жылы жинаған материалдары. Төменде осы жиналған материалдардың мәліметтері беріліп отыр.


Әдебиеттер:

https://Zhongaralataugnpp.kz


Есенбекова П.А., Саякова З.З. 2016. Материалы к фауне полужесткокрылых (Heteroptera) Жонгар-Алатауского ГНПП // Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы сохранения биоразнообразия Казахстана и сопредельных территорий в природе и в коллекциях». 13-14 октября 2016 г. Алматы, 2016. С. 61-64.


Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. М.-Л. Изд-во АН СССР. 124 с.


Палий В.Ф. 1970. Методика изучения фауны и фенологии насекомых. Воронеж. 192 с.


Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва. 424 с.


Кержнер И.М. 1981. Полужесткокрылые семейства Nabidae. Насекомые хоботные. Фауна СССР. Т. 13. Вып. 2. Ленинград: Наука. 327 с.


Пучков В.Г. 1987. Полужесткокрылые. Хищнецы. Фауна Украины. Киев. Наукова думка. Т. 21. Вып. 5. 248 с.


Асанова Р.Б., Чилдибаев Д.Б. 1976. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Южного и Западного Казахстана. Вестн. с.-х.науки Казахстана. Вып. 6. С. 47-51.


Голуб В.Б. 1978. Клопы-слепняки рода Notostira (Heteroptera, Miridae) фауны СССР. Зоол. журнал. Т. 57. Вып. 9. С. 1359-1363.


Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1976. К изучению вредных и полезных полужесткокрылых (Heteroptera) Северного Казахстана. Вестник с.-х. науки Казахстана. Вып. 5. С. 43-46.


Wagner, E. et Weber, H.H. 1964. Heteropteras Miridae // Fauna de France. Р. 1-587.


Есенбекова П.А. 2013. Полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Алматы: Нур-Принт. 268 с.


Кержнер И.М. 1962. Материалы по систематике слепняков (Heteroptera, Miridae) фауны СССР. Энтомол. обозр. Т. 41. Вып. 2. С. 372-387.


Пучков В.Г. 1969. Лiгеïди. Фауна Украïни. Т. 21. Вып. 3. Киів: Вид. АН УРСР. 388 с.


Асанова Р.Б., Искаков Б.В. 1977. Вредные и полезные полужесткокрылые (Heteroptera) Казахстана. Определитель. Алма-Ата: Изд-во «Кайнар». 204 с.


Кириченко А.Н. 1918. Полужесткокрылые (Hemiptera-Heteroptera) Кавказского края. Записки Кавказ. Музея: Серия А. № 6. Часть I. 177 с.


Асанова Р.Б. 1962. Настоящие полужесткокрылые (Hemiptera – Heteroptera) Центрального Казахстана. Материалы I научной конференции молодых ученых АН КазССР. Алма-Ата. С. 276-277


Асанова Р.Б. 1971. Полужесткокрылые (Heteroptera) Юго-Восточного Казахстана. В сборнике: «Фауна и биология насекомых Казахстана». Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР. С. 121-135.


Пучков В.Г. 1974. Беритиди, червоноклопи, піезматиди, підкорники і тингіди. Фауна Украіни. Т.21. Вип. 4. Кіев. 332 с.


Пучков В.Г. 1986. Полужесткокрылые семейства Rhopalidae (Heteroptera) фауны СССР. Ленинград: Наука. 132 с.


Пучков В.Г. 1962. Крайовики. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 2. Киів, Вид. АН УРСР. 163 с.


Moulet P. 1995. Hemipteres Coreoidae, Pyrrhocoridae et Stenocephalidae Euro-Mediterraneens. Federation Franciaise des societies de sciences naturalles. Paris. T. 81. 336 p.


Пучков В.Г. 1961. Щитники. Фауна Украіни. Т. 21. Вип. 1. Киів: Вид. АН УРСР. 339 с.


Пучков В.Г. 1965. Щитники Средней Азии (Hemiptera, Pentatomidea). Фрунзе: Илим. 329 с.


Йосифов М. 1981. Heteroptera, Pentatomoidea. Фауна на България. Т. 12. София. 205 с. 


Кириченко А.Н. 1951. Настоящие полужесткокрылые (Heteroptera) европе.ской части СССР. – Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР. 423 с.


Каменкова К.В. 1958. Биология и экология ягодного клопа Dolycoris baccarum – дополнительного хозяина яйцеедов черепашки в Краснодарском крае. Энтомол. обозрение. Том XXXVII. Вып. 3. С. 563-579.

kkҚазақ тілі