DOI: https://doi.org/10.54944/kzbjh779ro68

ӘОЖ: 591.530.063:599.323.4

*Есжанов Б.Е., Дулатова Б.Д.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

E-mail: eszhanovbirlik@gmail.com

Тұжырым:

Мақалада еліміздің кейбір аймақтарында (Іле өзенінің төменгі ағысы, Аралмаңы құмдары, Мойынқұм және Оңтүстік Балқаш өңірі) мекен ететін жыңғыл құмтышқанының қоректену ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеулер жүргізуге негізгі қақпанды-алаңдық және жанама – жыртқыш құстар құспасын талдау әдістері қолданылды. Іле өзенінің жайылма тоғайларында мекендейтін жыңғыл құмтышқанының асқорыту жолын зерттеу барысында орта есеппен олардың 63%-ы өсімдік тұқымымен, 27%-ы өсімдіктің жасыл бөлігімен, 10%-ы өсімдіктің басқа да бөліктерімен қоректенетіндігі белгілі болды. Аралмаңы құмдарындағы жыңғыл құмтышқанның асқорыту жолында орта есеппен 68%-ы тұқым, 32%-ы өсімдіктің жасыл бөлігі болған. Ерте көктемде Мойынқұм құмдарындағы жыңғыл құмтышқанының (n=24) аталықтардың да, аналықтардың да тұқыммен қоректенудің өте жоғары көрсеткіші – бұл мезгілде өсімдіктің жасыл бөлігінің аз болуына байланысты. Оңтүстік Балқаш өңірінде жаз және күз айларында жүргізілген зерттеу жұмыстары жыңғыл құмтышқандардың 40%-ы аралас, 10%-ы жасыл бөлік және 50%-ы тұқыммен қоректенген. Жыңғыл құмтышқанының қорек құрамында маусымдық өзгерістер болатындығы анықталып, көктемде, көбею кезінде, немесе организмге ылғал жетіспегенде жәндіктермен қоректенетіні байқалды. Көктемгі-жазғы кезеңдерде кеміргіштің рационында өсімдіктің жасыл бөлігінің үлесі артқан. Құмтышқан тұтынатын өсімдіктің жасыл емес бөлігі көбінесе ылғалы көп тамыр бөлігі, сондықтан көптеген кеміргіштің асқорыту жолында аралас қорек түрі кездеседі. Жыңғыл құмтышқанының қорек құрамы жыл мезгілдері мен мекен ету ортасына байланысты ерекшеленетіні анықталған. Республиканың батысынан шығысына қарай қорек құрамында өсімдіктің жасыл бөлігінің кездесу жиілігі артатыны, ал өсімдік тұқымының кездесу жиілігі керісінше азаятыны, ал аралас қорек түрімен қоректену көктемнен күзге қарай артатыны анықталған. Осы жұмыстың нәтижелері болашақта Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жыңғыл құмтышқанының қорегін зерттеуге арқау болуы мүмкін.

Кілт сөздер: жыңғыл құмтышқаны, Қазақстан, Аралмаңы құмдары, Мойынқұм, Оңтүстік Балқаш өңірі, қорек құрамы, өсімдік тұқымы, жасыл бөлімі, жерасты бөлімі, жәндіктер, аймақтық ерекшеліктер.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

XX-ғасырдың екінші жартысында басталған жағымсыз экологиялық жағдайлардың әсері, қоршаған ортаның шөлденуі, Әлемдік климаттың жылынуы және т.б. жануарлардың экологиясы мен биологиясына да әсерін тигізді. Бұл тек ірі және орташа жануарларға ғана емес, сонымен қатар майда кеміргіштерге де қатысты. Өйткені тышқантәрізді кеміргіштер табиғи экожүйелерде маңызды буын, олардың көпшілігі орман және ауыл шаруашылықтарының зиянкестері болып табылады, сондай-ақ бірқатар табиғи-ошақтық аурулардың берілуіне қатысады. Кеміргіштердің зиян келтіру ауқымы, саны өзгерді, антропогендік әсерге ең осал сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің негізінен мезофильді және тар ареалдылар үлесі өсті (Бекмуратов [Bekmuratov] 2019).


Жыңғыл құмтышқаны (Meriones tamariscinus Pallas, 1773)-республикада кең таралған, әр түрлі биотоптарды, әсіресе ылғалды жерлерді, өзен жағалауларын, тартылып қалған өзен-көлдердің арналарын мекендейтін кеміргіш. Сондай-ақ, ол тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылық жерлерде, тоғайлы-орманды жерлерде кездеседі. Саны көбейген жылдары егістік жерлерде тіршілік етіп, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіреді (жоңышқа алқабының бірден-бір жауы десек те болады), қоймаларда мекендеп, сақтаулы тұрған дақылдарды қорек етеді, елді-мекендерде әр түрлі аурулар туғызады. Жыңғыл құмтышқанының денесінде ауру таратын әр түрлі бүргелер мен ішкі органдарында әр түрлі паразиттер тіршілік етеді. Алапес, оба, паратиф және тағы басқа жұқпалы ауру тарататын болғандықтан, бұл кеміргіш адамдар үшін де қауіпті. Сондықтан жыңғыл құмтышқанының табиғатта таралуы мен алатын орнын, биологиясы мен экологиясын жан-жақты зерттеудің практикалық маңызы өте зор. Әсіресе, кеміргіштің қорек құрамы мен қоректенуін зерттеу арқылы оның өсімдік жамылғысына, ауыл шаруашылығына келтіретін зияны мен дақыл түсіміне әсерін, қорек құрамына байланысты таралу динамикасын анықтап, қорек қоры жайлы жаңа мәліметтер алынады (Абатуров, Магомедов [Abaturov, Magomedov] 1988). Бұл мәселелер бойынша республикадан тыс территорияларда, мысалы XX-шы ғасырдың соңғы онжылдықтарында Калмыкияның оңтүстігінде (Громов және басқалары [Gromov and others] 1995; 1996; Shilova S.A. and Aleksandrov D.Yu., 2002; Shilova S.A., 2008) зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Жыңғыл құмтышқаны туралы республикамыздағы зерттеулер бұдан 40-50 жыл бұрын жүзеге асқан (Дробинский, Дубягин [Drobinsky, Dubeyagin] 1974; Мокроусов [Mokrousov] 1978; Карулин және басқалары [Karulin and others] 1979; Бурделов [Burdelov] 1980). Яғни, кейінгі жылдары жыңғыл құмтышқанының саны, таралуы, маңызы, биологиясы мен экологиясы, қоректенуі, келтіретін пайдасы мен зияны назардан тыс қалуда. Аталған факторлар зерттеу жұмысының негізгі өзектілігі болып табылады. Кеміргіштің табиғатта таралуы мен алатын орнын, әсіресе, қорек құрамы мен қоректенуін зерттеудің ғылым үшін теориялық және практикалық маңызы зор. Осыған орай жұмыстың мақсаты – Іле өзенінің төменгі ағысындағы Кербұлақ жазығына көршілес жатқан өзен жайылмаларындағы тоғай биотоптарында тіршілік ететін жыңғыл құмтышқанының және Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі шөл зонасында (Аралмаңы құмдары, Мойынқұм, Оңтүстік Балқаш өңірі) мекендейтін кеміргіштің қорек құрамы мен қоректену ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеу болды.


Әдебиеттер:


Абатуров Б.Д., Магомедов М.-Р. 1988. Питательная ценность и динамика кормовых ресурсов как фактор состояния популяций растительноядных млекопитающих. Зоологический.журнал. Т.67, Вып.2. С. 223-234.

Ахтаев М.Р. 1995. Трофическая обусловленность эколого-физиологических механизмов регуляции численности у гребенщиковой песчанки. Автореферат диссертации на соискание степени кандидата биологических наук. Москва 24 с.

Баженов А.В., Большаков В.Н., Садыков О.Ф. 1984. Новый метод мечения мелких млекопитающих и его использование. Экология, 2: 64-66.

Бегенов А.Б., Аметов А.А., Есжанов Б.Е., Абидкулова К.Т., Сатыбалдиева Г.К., Тыныбеков Б.М., Баймурзаев Н.Б., Чилдибаева А.Ж., Нурмаханова А.С. 2015. Методическое руководство по проведению учебной практики по ботанике. Алматы: «Қазақ университеті». 78 с.

Бекмуратов Б.М. 2019. Экологические особенности популяции гребенщиковой песчанки (Meriones tamariscinus) в низовьях Амударьи. Евразийский Союз Ученых. № 8-1 (65).

Бернштейн А.Д., Михайлова Т.В., Апекина Н.С. 1995. Эффективность метода ловушко-линий для оценки численности и структуры популяции рыжей полевки. Зоологический журнал. Том 74, № 7: 119-127.

Бурделов А.С. 1980. Песчанки. Итоги мечения млекопитающих. Москва: Наука. C. 176-188.

Бурделов С.А. 1979. К методике учета численности малых песчанок ловушками «Геро». Тезисы X научной конференции противочумных учреждений Средней Азии и Казахстана. Алма-Ата, выпуск 2. С. 8-11.

Воронцов И.Н. 1967. Эволюция пищеварительной системы грызунов. Новосибирск: Наука. 234 с.

Громов В.С., Чабовский А.В. 1995. О пространственной структуре поселений тамарисковой песчанки (Meriones tamariscinus) в нерепродуктивный период на юге Калмыкии. Зоологический журнал. Т. 74: 3. С. 134-139.

Громов В.С., Чабовский А.В., Парамонов Д.В., Павлов А.П. 1996. Сезонная динамика демографической и пространственной структуры поселений тамарисковой песчанки (Meriones tamariscinus) на юге Калмыкии. Зоологический журнал. Т. 75:3 С. 413-428.

Дробинский O.K., Дубягин П.С. 1974. Колебания численности полуденных и гребенщиковых песчанок на юго-западе Волго-Уральских песков. В книге: Первый Международный конгрес по млекопитающим. Реферат докладов. Москва. Т. 1. С. 192-193.


Карулин Б.Е., Никитина Н.А., Литвин В.Ю., Хляп Л.А., Охотский Ю.В., Альбов С.А. 1979. Суточная активность и территория гребенщиковой песчанки (Meriones tamariscinus). Зоологический журнал. Т. 58: 8. С. 1195-1201.

Магомедов М-Р.Д., Ахтаев М-Х.Р. 1990. Интенсивность питания и потребности в кормах и энерии у гребенщиковой песчанки. Зоологический журнал. Т. 69: 3. С. 96-104.

Магомедов М-Р.Д., Ахтаев М-Х.Р. 1993. Зависимость питания и состояния популяции гребенщиковой песчанки от динамики кормовых ресурсов. Зоологический журнал. Т. 72: 2. С. 101-111.

Медзыховский Г.А. 1971. О подвижности гребенщиковых песчанок на северной окраине Волго-Уральских песков. Проблемы особоопасных инфекции. Саратов, выпуск 4. С. 79.

Мокроусов Н.Я. 1978. Гребенщиковая или тамарисковая песчанка – Meriones tamariscinus Pallas,1773. В кн.: «Млекопитающие Казахстана». Том I, часть 3. Алма-Ата: Наука. С. 7-28.

Наумова Е.П. 1981. Функциональная морфология пищеварительной системы грызунов и зайцеобразных. Москва: Наука. 261 с.

Shilova S.A. 2008. Cite as Interspecific relationships of the midday gerbil (Meriones meridianus Pall., 1773) and tamarisk gerbil (M. tamariscinus Pall., 1773) in pasture ecosystems of the Kalmyk Republic. Russian Journal of Ecology, Volume 39, Issue 2. Р. 130–135

Shilova, S.A. and Aleksandrov, D.Yu. 2002. Comparative Analysis of Daily Activity Patterns of the Midday and Tamarisk Gerbils in Areas Cohabited by Them. Povolzhsk. Ekol. Zh.: 1. Р. 163–169.

Zharova G.K., Chistova T.Yu., Naumova E.I. 2010. Characteristics of digesta passage through the gastrointestinal tract of the tamarisk gerbil (Meriones tamariscinus). Doklady Biological Sciences, Volume 435. Issue 1. Р. 431–434.

 

kkҚазақ тілі