Есжанов Б.Е., Мұсабеков Қ.С.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби даңғылы, 71, 050038, Алматы, Қазақстан

E-mail: b-eszhanov@mail.ru

Тұжырым:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайында жергілікті және Әлемдік герпетофаунаның 50 түрінің жәдігерлері қойылған. Олардың 13 түрі- амфибиялар, 37 түрі рептилиялар кластарының өкілдері. Амфибиялар класының Құйрықтылар отрядынан 3 тұқымдас, 3 туыстың 8 түрі, Құйрықсыздардан – 4 тұқымдастың 4 туысының 5 түрі болса, Рептилиялар класынан Тасбақалар отрядының 4 тұқымдасының 4 туысының 4 түрі, Қабыршақтылар отрядының 14 тұқымдасы 26 туысының 32 түрі қойылса, Қолтырауындар отрядының 1 тұқымдасы, 1 туысының 1 түрі бар. Қосмекенділердің 6 түрі Қазақстан фаунасына жатса, 2 түрі-Әлемдік фаунаның өкілі. Жорғалаушылар сәйкесінше -21 және 16 түрден тұрады. Мұражай жәдігерлерінің студенттерге жалпылама білім беруде ғана емес, сонымен қатар, биология ғылымының жеке салаларының (зоология, ботаника, экология, эволюциялық ілім, биогеография, табиғат қорғау және т.т.) мамандарын дайындауда арнайы курстарды оқытуда да орны айтарлықтай. Мақалада герпетофаунаның алуантүрлілігін оқу процесінде пайдалану жолдары қарастырылған. Сол сияқты герпетофаунаға қызығушылық танытатын ғылыми қызметкерлер де музей эксонаттарынан көп деректерді ала алады.

Кілт сөздер: Биология музейі, Қазақ ұлттық университеті, қосмекенділер, жорғалаушылар, алуантүрлілік, экспонаттар, оқу процесі

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Түрлі бағыттағы мұражайлардың ғылыми зерттеулерде, білім беруде, Отаншылдыққа тәрбиелеуде, табиғатты сүюге, экологиялық мәдениет пен танымдықты қалыптастыруда, биологиялық алуантүрліліктерді танып білуде және т.т. алатын орны зор.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердегі музейлер өз миссияларын ойдағыдай орындауда («Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалунтүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 2016), деседе Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология музейі 85 жылдай халыққа қызмет көрсетіп келеді, осындағы жануарлар дүниесінің бай коллекциясы Республика аумағындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің арасындағы ең ірілерінің санатына жатады.

Мұражайда омыртқалы жануарлардың 830 түрінің 7888 данасының коллекциясы сақтаулы. Мұражайдың құрылу тарихы, қалыптасуы, қызметкерлері, олардың атқарған жұмыстарының нәтижелері (Байтулина және басқалары [Baitulin and others] 2003; Салина [Salina] 2004; Мұсабеков [Musabek] 2013; 2015), жалпы коллекциялары (Мұсабеков және басқалары [Musabek and others] 2016; Мұсабеков [Musabek] 2019), орнитологиялық (Мұсабеков және басқалары [Musabek and others] 2015), териологиялық (Асамбаева [Asambayeva] 2013) жәдігерлерлері жайында мәліметтер баршылық. Ал жануарлар әлемінің бір тобы – герпетофаунаның алуантүрлілігі туралы толық деректер жоқтың қасы. Осындай олқылықты толтыру және Қосмекенділер мен Жорғалаушылардың музейдегі қазіргі жағдайы туралы жас ғалымдар мен студенттерге және осы топқа қызығушылық танытатын қалың оқырмандарға ұсынып отырмыз.

Әдебиеттер:

АсамбаеваА.И.2013.БиологиямұражайыныңвитриналарындағыҚазақстантериофаунасының алуантүрлілігі. 2-хабарлама. Международная конференция студентов и молодых ученых «Мир науки», 17-19 апреля 2013 г. Алматы: Қазақ университеті. 5 б.

Байтулина Л.С., Чингисова Р., Алпысбаева М., Малиновская В., Жуйко Б.П., Карпов Ф. 2003. Путеводитель по биологическому музею. Алматы: Қазақ университеті. 50 с.

Мусабеков К.С. 2013. Роль Биологического музея в изучении биоразнообразия Казахстана //Музеи Евразийских университетов в поддержании и развитии общего образовательного пространства. Материалы Междунараодной научно-методической конференции. Томск, 26-29 сентября 2012 г. Томск. С. 283-287.

Мусабеков К.С., Жуйко Б.П. 2015. Орнитологические коллекции Биологического музея Казахского национального университете имени Аль-Фараби. XIV Международная орнитологическая конференция Северной Евразии. Тезисы. Алматы. С. 356-357.

Мұсабеков Қ.С. 2019. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология музейіндегі омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Алматы: Қазақ университеті. 395 б.

Мұсабеков Қ.С., Жуйко Б.П., Нусупбекова К.Н., Шыңғысова Р.Қ. 2016. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология мұражайының коллекциясы. «Қазақстан және оған шектес аумақтардағы биоалуантүрлілікті табиғатта және коллекцияларда сақтау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 13-14 қазан 2016 ж. Алматы: Қазақ университеті. 239 -243 б.

Роль музеев в образовательноми воспитательном процессе 2016. Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы сохранения биоразнообразия Казахстана и сопредельных территорий в природе и в коллекциях» 13-4 октября 2016 г. Алматы: Қазақ университеті, С. 210-266.

Салина Р.М. 2004. История биологического музея и экспериментально-исследовательской клиники. Биологический факультет. 70 лет Казахскому национальному университету имени Аль- Фараби. Алматы: Қазақ университеті. С. 190-197.

kkҚазақ тілі