Есенбекова П.А.

ҚР Зоология институты, әл-Фараби даңғылы, 93, Алматы, 050060, Қазақстан

E-mail: perizat.esenbekova@zool.kz

Тұжырым:

Мақала автордың Қазақстан бойынша көп жылдық жинаған материалдары негізінде жазылып отыр. Жартылай қаттықанаттылар – насекомдар отрядындағы ең үлкен отрядтардың бірі. Олар түрлі биотоптарда тіршілік етіп, биогеоценоздағы биологиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Жартылай қаттықанаттылардың қоректік байланыстары бойынша келтірілген деректер Қазақстанның түрлі өңірлерінде жүргізілген далалық бақылауларға негізделеді. Жартылай қаттықанаттылардың қоректенуі өте алуан түрлі. Қоректік байланыстарына сәйкес, зоофагтар, паразиттер, зоофитофагтар мен фитофагтар (полифаг, кең олигофаг, тар олигофаг, монофаг) болып бөлінеді. Өсімдікоректі түрлері жаппай көбейіп, орман және ауыл шаруашылығына зиянын келтіреді. Ал жыртқыш түрлері орман және ауыл шаруашылығындағы зиянды түрлердің санын реттеп, пайдалы әсер етеді. Қазақстанның жартылай қаттықанаттыларының (Heteroptera) қоректік байланыстарын зерттеу нәтижесінде 4 тұқымдасқа жататын 83 түр жайлы мәліметтер беріліп отыр. Coreidae тұқымдасынан 33 түр (40%), Stenocephalidae тұқымдасынан 6 түр (7%), Rhopalidae тұқымдасынан 37 түр (45%), Alydidae тұқымдасынан 7 түр (8%) анықталды. Қазақстанның жартылай қаттықанаттыларының 4 тұқымдасының ішінде полифитофагтарға 24 түр (29%), кең олигофитофагтарға 40 түр (48%), тар олигофитофагтарға 18 түр (22%), ал монофитофагқа 1 (1%) ғана түр (Agrophopus lethierryi) жататыны белгілі болды.

Кілт сөздер: Қазақстан, жартылай қаттықанаттылар, Heteroptera, Coreidae, Stenocephalidae, Rhopalidae, Alydidae, қоректік байланыстары.

Мақаланың толық нұсқасын PDF форматында жүктеп алыңыз:

Кіріспе:

Мақала автордың Қазақстан бойынша көп жылдық жинаған материалдары негізінде жазылып отыр. Жартылай қаттықанаттылар – насекомдар отрядындағы ең үлкен отрядтардың бірі. Олар түрлі биотоптарда тіршілік етіп, биогеоценоздағы биологиялық процестерде маңызды рөл атқарады. Жартылай қаттықанаттылардың қоректік байланыстары бойынша келтірілген деректер Қазақстанның түрлі өңірлерінде жүргізілген далалық бақылауларға негізделеді. Жартылай қаттықанаттылардың қоректенуі өте алуан түрлі. Қоректік байланыстарына сәйкес, жыртқыштар (зоофагтар), паразиттер, аралас қоректілер (зоофитофагтар) мен өсімдікқоректілер (фитофагтар) болып бөлінеді. Өсімдікқоректілер (фитофагтар) бірнеше топқа бөлінеді: полифитофаг, кең олигофитофаг, тар олигофитофаг, монофаг. Өсімдікоректі түрлері жаппай көбейіп, орман және ауыл шаруашылығына зиянын келтіреді. Ал жыртқыш түрлері орман және ауыл шаруашылығындағы зиянды түрлердің санын реттеп, пайдалы әсер етеді.

Әдебиеттер:

Catalogue of the Heteroptera of the Palaearctic Region. 2006. V. 5. Pentatomomorpha II. / eds.: B. Aukema, Ch. Rieger. Amsterdam. 550 p.

Moulet P. 1995. Hemipteres Coreoidae, Pyrrhocoridae et Stenocephalidae. Euro-Mediterraneens. Federation Franfiaise des societes de sciences naturalles. Paris. T. 81. 336 p.


Oshanin B. 1912. Katalog palaearktishien Hemipteren. Berlin. 187 p.

Асанова Р.Б. 1968. Хозяйственное значение полужесткокрылых Центрального Казахстана. Материалы І научой конференции молодых ученых АН Каз ССР, Алма-Ата. С. 276-277.

232 с. Винокуров Н.Н. 1979. Насекомые полужесткокрылые (Heteroptera) Якутии. Ленинград: Наука.

Винокуров Н.Н., Канюкова Е.В., Голуб В.Б. 2010. Каталог полужесткокрылых насекомых (Heteroptera) Азиатской части России. Новосибирск: Наука. 320 с.

Кержнер И.М., Ячевский Т.Л. 1964. Отряд Hemiptera (Heteroptera) – Полужесткокрылые, или клопы. Определитель насекомых европейской части СССР. Том 1. Москва-Ленинград: Наука. С. 655–845.

Кириченко А.Н. 1957. Методы сбора настоящих полужесткокрылых и изучения местных фаун. Москва-Ленинград: Изд-во АН СССР. 124 с.

Кириченко А.Н. 1951. Настоящие полужесткокрылые (Heteroptera) Европейской части СССР (Hemiptera). Москва-Ленинград. Вып. 42. 424 с.

Кулик С.А. 1973. Краевики и красноклопы (Heteroptera, Coreidae, Pyrrhocoridae) Восточной Сибири и Дальнего Востока. Сборник: Фауна и экология насекомых Восточной Сибири и Дальнего Востока. Иркутск. С. 32-43.

Нейморовец В.В. 2003. Дополнение к фауне полужесткокрылых (Heteroptera) Краснодарского края и Республики Адыгея. Энтомологическое обозрение. Т. 82. Вып. 3. С. 584-589.

Пучков В.Г. 1950. Вредители люцерны и борьба с ними. Воронеж. 28 с.

Пучков В.Г. 1956. Основные трофические группы растительноядных полужесткокрылых насекомых и изменение характера их питания в процессе их развития. Зоологический журнал. Т. 35. No1. С. 32-44.

Пучков В.Г. 1962. Крайовики. Фауна Украïни. Т. 21. Вип. 2. Киïв. 163 с.

Пучков В.Г. 1986. Полужесткокрылые семейства Rhopalidae (Heteroptera) фауны СССР. Ленинград: Наука. 132 с.

Фасулати К.К. 1971. Полевое изучение наземных беспозвоночных. Москва: ВШ. 424 с.

Чернова Г.П. 1979. Полужесткокрылые (Heteroptera) семейств Coriedae, Alydidae и Stenocephalidae фаун СССР и сопредельных стран: Автореферат диссертации кандидата биологических наук. Ленинград. 20 с.

kkҚазақ тілі